Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

«Жеңілген Жауынгер» [2013] 2-бөлім


Өткеніңе өкінбе
Арайлап тағы атты таң,
Жарқырап күнім шығыстан.
Әлемдегі барлық адам,
Бақытты болуға жаралған.
Қиындықтарға мойыма,
Кездескен сенің жолыңда.
Шайқастарда сан-алуан,
Күрес болмасаңда палуан!
Оян, қазағым, ұйықтама,
Өмір берілген бір ғана.
Қанағатшылдық расында,
Жараспайды жеңімпазға.

Қайырмасы:
Құшағыңды жай әлемге!
Өткеніңе еш өкінбе.
Болашақ бақыт әкелед!
Себебі өмір керемет!

Тағдыр бар ма? Әлде оны жасаймыз өзіміз?
Қайғыны жасырып қуанышпен бөлісеміз.
Жамандықты жасаймыз жақсылықты күтеміз.
Сүйгенді жылатып лайықсыздарды сүйеміз.
Екіжүзділік біздің айықпайтын дертіміз,
Болашаққа сенімсіздікпен күнді кешеміз.
Қиындықтар көбейіп қалмасада шарамыз,
Берілмейміз, сондықтанда бақытты боламыз!


Махаббатсыз махаббат
Уайымдама жаным, гармондар тынышталды,
Секстен гөрі ұнатамын аймалағанды.
Доғар енді мені бақытыңа балауды,
Іздегенің мен емес жабайық осы тарауды.
Сен сұлусың, ал Шыңғыс болмаған ынжық,
Қатігез романтик ішімде құбыжық.
Мен үшін қымбатсың бірақта сенің құның бар,
Ақша, асыл тас, сәнді мейрамханалар.
Қамалдым мен қапасына үлкен қаланың,
Көңіл көтерген жақсы, бірақ мен шаршадым.
Қасымда болсаңда жалғыздықты сезінем,
Тәнің ыстық жылу көрінбейді көзіңнен.
Махаббат бар... бірақ мен үшін жоқ,
Өзім өртедім оны тозақтан шақырып от.
Бұрынғыдай күйініш мені мазаламайды,
Бәлкім жүрек өлді, енді сүйе алмайды.

Қайырмасы:
Жарықты жаным, сөндірме,
Тоя алмай тұрмын көркіңе.
Маңызды осы түн,
Махаббатсыз махаббатты беруге дайынмын.

Іздеймін деп әсем бағын Жерұйықтың,
Толқынға төзе алмай түбі тесілді қайықтың.
Есейдім, жоқ балалық максимализм,
Ауламда күн жарқырап жанымда катаклизм.
Махаббатсыз айналысамыз махаббатпен,
Түк болмағандай оянамыз бірге таңертең.
Жаным-ау сенің армандағаның осы ма?
Шыңғыс сенің сүйіктің бе? Әлде досың ба?
Қажет емес, жалған сезіміңді ұсынба,
Жалғандықтан шаршадым мен мына жалғанда.
Жаным ашып кейде сыйлаймын гүл шоғын,
Бірақ саған маңыздырақ банктегі шотым.
Махаббат бар... бірақ мен үшін жоқ,
Өзім өртедім оны тозақтан шақырып от.
Бұрынғыдай күйініш мені мазаламайды,
Бәлкім жүрек өлді, енді сүйе алмайды.


Күн деп аталған жұлдыз
Тозаққа дейін... бір ғана қадам,
Жарық іздеймін... сұраймын аспаннан.
Расында... ағып жатқан жұлдыздар,
Оның жанарынан... аққан тамшылар.
Өліп қалған... президенттері АҚШтың,
Бақыт бермеді жүрегіне ақша тапқыштың.
Ол біледі шынайы махаббаттың құнын,
Сондықтан толтырып жүреді қалталарын.
Ащы су тәтті түнге жетелейтін жол,
Қызған соң белден төменге кетеді қол.
Ақырын олар бір-біріне жақындады,
Сүйіседі аузында темекінің дәмі.
Қателеспе бұл ару жезөкше емес,
Бірақта «першіте» депте атауға келмес.
Ол мен сияқты өртенген қаланың тұрғыны,
Өмірі қызық бірақта жүрегі жұпыны.

Қайырмасы:
Ақымақ сормаңдаймыз,
Бақытты таба алмаймыз.
Табамыз жарылғанда,
Күн деп аталған жұлдыз.
Ақымақ сормаңдаймыз,
Барды бағаламаймыз.
Сөнеді ғой бір күні,
Күн деп аталған жұлдыз.

Жалынға... құя бермеші жанармай,
Жалынба... жатсада сені аямай.
Өрте хаттарды барлық суреттерді,
Жой қарғыс атқыр естеліктерді.
Алматы әліде жанып жатыр лапылдап,
Оның күлкісі әлі естіледі қарқылдап.
Ғұламалар жан-жақтан жатқанда жамырап,
Шаңырақ баяғыда қалды қаңырап.
Аппақ қарды қызылға бояған Виктор Цой,
Үміттенді ме екен бір күні болады деп той?
Жылай бер, бірақта асыр салып биле,
Қан сорғалаған жарақатыңды біте.
Бетіме үрлейсің темекінің түтінін,
Өзіне тартады қып-қызыл еріндерің.
Қазақ болып кірістік француздар ісіне,
Темекінің дәмі сезіледі тіліңнен...


Өртеймін
Құдай біреуге берсе біреуден алады,
Әрқашанда күрескен ғана жығылады.
Ал мен болсам жарақатымды жасырып,
Жымиямын өмір сүруге асығып.
Мәңгілік жаспын өз өзіме қаспын,
Еріндерің тәтті, қара ұзын шашың.
«Сүйем» десем сенбе себебі мен маспын,
Тәнімді ал бірақта жүректі сыйламаспын.
Шекара жоқ! Көз алдымда бүкіл әлем,
Мұңымның бөлшегін мен сендерге берем!
Уақыт - менің жауым, көкірегімде дауыл,
Дұшпандар қамалыма басып кірді қағып дабыл.
Жалын шарпып бүкіл әлемім өртенуде,
Қожайынсыз қалған тағымды қалдырам кімге?
Сәлем, жаңа өмір! Виват, еркіндік!
Жалғыз арыстан шибөрілерден жеңілді...

Қайырмасы:
Жазалап өзімді тіпті,
Қамаймын еркіндікті.
Көрінбейтін қанаттарымды жайып... өртеймін...
Қаталдығынан жазаның,
Бәрімен қоштасамын.
Көрінбейтін қанаттарымды жайып... өртеймін...

Жарықтан қашып тығыламын түнекте,
Махаббат бар бірақта соңында көп нүкте.
Сүйіктім, мен үшін жасыңды төкпе,
Менің аурам ем ауру кеңістікке.
Мұңайма, мен де күлемін, келістік пе?
«Зат есім» болмай айналайық «етістікке».
Қозғалыс - өмірдің мәні деп естігем,
Сұлуым қозғалайық бірге төсекте.
Ренжіме перішенің рөлі маған қиын,
Вискиге тәуелді көңіл-күйім.
Жанарыңа қарап сұрадым соңғы мүмкіндікті,
Ернімнен сүйдің ал мен қаладым еркіндікті.
Соңғы суретіңді жоюға дәтім бармайды,
Үміт, құрғыр, әрдайым жүрегімді алдайды.
Көрінбейтін қанаттарымды жайып,
Төменге секіріп түнекте боламын ғайып.


Джентельмен
Мен өлсем Тупак сияқты болма ба аңыз?
Бірақ мұны тексеруге емеспін асығыс.
Мама, сенің балаң енді ересек,
Басым істемейді сенің балаң топас есек.
Қызық екен інішектер болып жатыр әке,
Шыңғыс – кәрі бойдақ байланбаған ешкімге.
Қоңырау шалма маған бәрібір көтермеймін,
Сені сүйгенім рас, бірақ сені сүймеймін.
Бақытты адамдар ешқашан ақын болмайды,
Рухани күйзеліске түспесем ән шықпайды.
Алматы суық құшағына мені алды,
Рэп айтуды тастаймын бақытты болғанда.
Болғым келмейді жақсы вариант,
Сенің жалғыз сүйіктің және сексуалды гигант.
Қаншықтан алғашқы түні қан шықпайды,
Уайымдама жаным, Шыңғыс сені айыптамайды.

Қайырмасы:
Еее, бұтыңның арасы ылғалды,
Джентельмен қара шаштыларды ұнатады.
Менсіз болғанда сенімен кім болды маңызы жоқ
Жанын өшіп қалсада өшпеді шоқ.

Ы, жақсы болуға мен тырыспаймын,
Перісу үшін періштемен періште боп ойнаймын.
Жақсылардың кеуделері медальға толы,
Көшелерде қайыр сұрайды жайылып қолы.
Үйленгім келед бірақ оның ата-анасы қарсы,
Жібек қаламаса қалайша Төлеген боласың?!
Сен мені сүйесің бе өзі, түсінбедім?!
Ақымақ емеспін ыңғайлы адам ғой іздегенің.
Бітпей жатыр пәтерімдегі жөндеу жұмыстары,
Шаң басып жатыр бояуларым мен түсқағаздарым.
Жаным, мен сені үш жыл бойы көрмедім,
Сондықтан кіммен болғаныңды дұрыс білмегенім.
Бұрынғыдай тәтті емес енді еріндерің,
Сен үшін өмір бизнес-проект екенін білемін.
Мен сені сүйемін бірақ бізде жоқ болашақ,
Ақымақтық жасаған шығармын болғандықтан қорқақ.


О дүние
Иә, міне таяп қалды жиырма бес,
Жеті рет өлшеп және бір рет кес
Деген мақалды түсінетін келді кез,
Бірақ Шыңғыс сен ойлағандай ақылды емес.
Армандаймыз мускулды өсіреміз майды,
Ақша арқашанда аз көзіміз тоймайды.
Қиындыққа түскенде ойлаймыз Құдайды,
Жоқ жұмақтың есігі маған ашылмайды.
Түсінік бойынша жүрмесем мен расында,
Өлігім табылар үйімнің ауласында.
Иә, мені жек көретіндер өте көп,
Таң қалма егер өлсем арқамнан тиіп оқ.
Шыңғыс - менің әкемнің қойған аты,
Ұшу үшін туылдым қайыссада қанатым.
Ренжіме тыңдарман лирикадан жалыққан,
Рэпер болып шаршадым камераға ойнаған.

Қайырмасы:
Қараған сайын артыма,
Оранамын мен жалынға.
Бар болса егер одүние,
Тірідей түстім тозаққа!

Ақылдысымақтар ақылын айта берсін,
Түкіргенім бар тек менің қасымнан алыс жүрсін.
Бағымды іздеймін аласұрып,
Ұмыта алмай оны басқа қыздар қалғандай құрып?!
Кешірші мама, ешқашан үйге оралмаймын,
Дұрыс айтасың мама, мен ақымақ сормаңдаймын.
Ешқашан өзгере алмаймын,
Жақсы көрем сені бірақ тек өзімді ойлаймын.
Білемін бір күні ұрады мені көз жасың,
Бәлкім көріме менің топырақ саласың.
Өмірді сыйладың бірақ тағдырым менікі,
Алыстан жақсы көріп пір тұтам еркіндікті.
Жырлаймын махаббат жайлы себебі сүйемін,
Сүйе тұра неліктен махаббатқа сенбеймін?
Сенсіз қатты өзгердім жалын кетті көзінен,
Бақытымның шекарасы аспайды төсегімнен.


Керемет күн
Екі жанарым жабық әлем түнек,
Жаралы жауынген ешкімнен күтпейді көмек.
Қызыл қанымен нәр беріп қара жерге,
Енді ол қарыз емес ешкімге.
Қанның иісі түтінмен араласып,
Өліммен күресуде ол жанталасып.

Қайырмасы:
Бүгін де керемет күн екен өлуге,
Асығыс жоқ тағы қалдырам ертеңге.
Сағынышым өледі менімен бірге,
Қоштасамын тағы да сүйіп ерніңнен.

Бір кезде аяқтарынан сезім кетті,
Ол болса байқап қалды көбелекті.
Сондай әсем нәзік қанаттарын қағып,
Алаңсыз бақытты сәттерін еске салып.
Тағдырға көндікті жоғарыдан күтіп жарық!
Жоғарыдан күтіп жарық!

Шыққалы жатыр соңғы демі жауынгердің,
Алайда қимайды ызғарын әлемінің.
Көз алдынан өтіп жатыр бүкіл өмірі,
Көрген қасіреттері далбаса болып көрініп.
Иттей өмір сүру үшін ит болу міндетті емес,
Кейде итке бергенді Құдайы адамға бермес.
Ол сенің бүгінің, ал сен оның тарихы,
Көзіңді жұм, күтіп қалды мәңгілік ұйқы!


Қасірет
Шаршатты ма сендерді менің мұңды әндерім?
Мәңгілік меланхолик, (мүлдем) бөлек әлемім.
Жымисада жүзім, суық екі көзім,
Құшағымда әрдайым сенің мұңды елесің.
Білесің бе менің мойнымда бір парыз ғана,
Жақсы ана табу болашақ ұлдарыма.
Шынайы сүйші мені, сүйемін сонда ғана,
Мәпелеп сені айналам нәзік қамалыңа.
Өзімшілмін айта беремін өзім жайлы,
Тыңдарман күтеді менен әнді өмір жайлы.
Мақсат емес мен үшін жинау арзан ұпайды,
Шыңғыс - тек жүрегіндегісін толғайды.
Миллион тұрғыны бар үлкен қалада,
Әрбір екінші жалғыздықтан тұншығуда.
Өз қолымен салдым өз мойыныма арқан,
Айыптымын, өкінішітің азабын тартам.

Қайырмасы:
Махаббат неге қасірет
Әрқашанда әкеледі?
Сорлы жаралы жүрек
Жатыр бақытын тілеп.

Сырласам тыңдарманмен дауысым қарлығып,
Микрофон – медиум, тірі тек қана шабыт.
Алматының күлі менің аяқ астымда,
Жүрегім күйіп әле сөнбеген шоқтарына.
Жанымның жұмағы қалды стақан түбінде
Дәтім бармайды оны түбіне дейін ішуге.
Жібергім келеді жүрекке әмір жүрмейді,
Жібердім деп жырласамда естелік өлмейді.
Кешір Әке, Шыңғыс армандаған ұл емес,
Сөге бермеші, бәрібір болмысым өзгермес.
Өмірімнің мәні шимайланған ақ парақтар,
Тыңдарманның құрметі, шыңғырған арулар.
Анашым, ренжіме, балаң жол жүруге тиіс,
Қара шаңырақ маған ешқашан болмаған пейіш.
Ата-анам, жалғыз бауырым, сау болыңдар,
Менің кетуім керек, күтіп жатыр қалалар.


Асталависта, бэйба
Тұмауратып қалдым, тамағым ауырып,
Жанымның дерті кетпей жатыр сауығып.
Күтемін ғажайыпты, күлмей-ақ қой
Меніңде шаңырағымда бір күні болады той.
Бұрынғыдай емес бұлшықеттер,
Табақтай боп семірді кешегі шымыр жігіттер.
Кеше ғана қазақ рэпі мен үшін өмір еді
Сәбидің «рэпті дамытайық» дегені күлдіреді.
Микрофон мен үшін жексұрын,
Алайда қымбатсың арзан болсада құның.
Жасым жиырма бесте өмірім аяқталды,
Жастарға ақыл айтам рөлге кіріп ақсақалдың.
Мұндай әнді мен жоспарламадым,
Жазамын дегем кемшіліктері жайлы қоғамның.
Себебі осы жайлы күтеді тыңдарманым,
Санама емес шабытқа бағынады қаламым.

Қайырмасы:
Періште болу қиын рөлін ойнау оңай,
Сүймеймін сондықтан жақсы актер бола алмайм.
Соқыр, бері қара! Керең болсаң тыңда
Селяви, асталависта, бейба.

Түн. Өскемен-Алматы бағытында,
Пойызда жатырмын жоғарғы орында.
Макс плеер тыңдап жатыр оң жағымда,
Бейтаныс кемпір қорылдап жатыр астымызда.
Бала кезде рэп деген еді қызығырақ,
Әндерді жазушы едім коммент үшін форумда.
Мастанғаным жоқ ойлап қалма,
Жәй ғана деңгейім шарықтады жоғарыға.
Концерттер болмаса рэптің маған жоқ мәнісі,
Әзірге МСлерден мен емес ең кәрісі.
Ақыл тоқтатып мүмкін үйленуім керек,
Мен мәңгі ақымақпын сондықтан қалауым рэп.
Анашым әже болуды армандайды,
Шыңғыс болса ротацияға теңге жинайды.
Түнде жүгіріп диета ұстадым арықтап,
Еңбекқормын басын иген жалқаулыққа.


Қылмыскер
Алғашқы махаббатымның бар екі баласы,
Амандаспаймын мені танымағасын.
Жақында естідім қайтыс бопты сыныптасым,
Өмір өзен болса көрмеймін оның жағасын.
Сәбилер үшін Қазақ рэпінің ханы,
Әкесінің үмітін ақтамаған ұлымын.
Өз өзіме болдым жексұрын,
Шалшық суға неліктен қолымды жуамын?
Суып қалды кесемде көк шәй,
Жүрегі жылағанның көздері жыламайды.
Сүймесемде төсек шиқылдайды,
Мен басқа ғаламдамын, ал ол ыңқылдайды.
Байлап алғысы келеді мені,
Мойныма арқан болып оралады еріндері.
Бірақта, мен әзірге үйленбеймін,
Ренжіме, пәтерімнің кілтін бермеймін.

Қайырмасы:
Өз өзіме қол жұмсайын десем жаным тәтті,
Басыңды жарайын жүрегіммен тастай қатты.
Кешірші, мама!
Тоңдырмайды тарихтың ызғары,
Алайда мұздай қылмыскердің қолдары.

Мамам телефон шалып мені еркелетеді,
Баласы оны жылатсада бәрібір күтеді.
Түнде телефон шалады інім,
Айтып береді анекдоттары мен әзілдерін.
Телефонымды, қойдым үнсіз режимге,
Ұлы күшке бас игім келеді бірақ кімге?!
Тірі өліктер ғажайыптарға сене ме?
Сүйіскенде сүйісемін ашылған көздеріммен.
Судың да сұрауы бар,
Саған қарыздығымды уақыт келді ұмытар.
Тағы да, жыла көзіңнен ағып сора,
Теріс батаңды бересің шыққанда жолға.
Барлығыңды қатты жек көремін,
Әсіресе оны сондықтан естелікті көмемін.
Сауытым бар жанымды көрмейсің,
Мен саған қажетпін бірақта мені сүймейсің.


Періштенің көз жасы
Сен мені сүймеймсің менде сені сүймеймін,
Бірақта сенсіз өмір сүруді білмеймін.
Секстен бәлкім екеуміз маххабат іздеп,
Сен маған қажетсің, ал саған не керек?
Орнату үшін бейбітшілік соғысты жеңу қажет,
Шайқасуға жауынгерге маңызды емес себеп.
Білесің бе, Алматы өртенуде...
Жана берсін, көмілейік күліне...
Күлімде, соңғы рет күлімде,
Бәрі бітті сені жібердім еркіндікке.
Жерледің тірідей, қабіріме түкірме,
Алматыны өртедің, жүректі өлтірме.
Қандай ащы Періштенің көз жасы,
Жоғалттым сені нәпсі мен жүрек бақталасып.
Жылатып сені... Алматыны басты түнек,
Маған қажет жылуың, ал саған не керек?

Қайырмасы:
Ұша алсаң мен алып кет,
Қалдырмашы мені жерде.
Жібермей оның наласы,
Періштенің көз жасы.

Жақсы ұл емеспін, боламын ба жақсы әке?
Ежелгі Отырардай арманым ұшты көкке.
Жігіт жыламайды бірақ жігіт те адам,
Финишке жақындатады әрбір жасаған қадам.
Сендің Құдайға сен, ал мен сендім саған,
Қаша бердім қорқыныштан қорыққанымнан.
Айыптама мені, өтінем айыптамашы,
Онсызда менің мойнымда Періштенің көз жасы.
Білесің бе, оның қанаттары жоқ,
Оларды өз қолыммен кестім ақымақ боп.
Суық Алматы толықты жаралы бір жанға,
Сеніміңді сатып қасірет әкелдім ғаламға.
Тірідей қып-қызыл жалынға орандым,
Жанымның күлі – менің саған тартуым.
Шашпашы сақташы оны тұмар қылып
Бақытыңды көрейін жатсамда оны жылатып.


Назерке
Ызалы жанары, жастары тамады,
Өмірмен қош айтысуға шатырға шығады.
Көп қабатты үй, самал жел ескен,
Оның ешкім білмейтін мұңы бар өзегін тескен.

Алаңсыз балалық шақ ол үшін таңсық,
Он жасынан өгей әкесінен көріп қастық.
Әр түн сайын келетін оның бөлмесіне,
Анасы мас боп жатқанда айрылып есінен.
Зарлаған жалынған сәбидің дауысын,
Естімес үшін алақанмен жабатын ауызын.
Іске асырып болған соң арам пиғылын,
Жымиып сүюші еді оның маңдайын.
Туған әкесін ешқашанда көрмеседе,
Армандайтын, оның келгенін үміттене.
Көзін жұмып елестетіп бақытты болғанын,
Туған әкесінің өгей әкесін жазалағанын.
Кезекті түн сықырлап ашылды есігі,
Үнсіз ғана ақырын шешеді белдігін.
Күнделікті тозағын көріп төсегінде,
Ешқашан, еркелемеген Назерке.

Қайырмасы:
Мына күннің шуағы
Жарық сыйламады.
Мына қатал тағдыр
Күйінішімен аймалады.

Жеті жыл өтті, жасы он жетіде,
Күйініштен, әуес болды есірткіге.
Өштеніп қоршаған суық әлеміне,
Төсектес болды көрінген жігіттермен.
Езуінде темекі ал қолында сыра,
Құрбыларымен бүгінде отыр аулада.
Мас болған соң бес-алты шөлмегіне,
Қоштасып қисалаңдап кетті үйіне.
Түнгі сағат бір, ол кірді пәтерге,
Өгей әкесі отыр екен ас бөлмеде.
Оның кіргенін байқап, басын шайқап,
«Неге кеш келесің?» деп ұрысты айқайлап.
Жұдырығын ала жүгіріп сабап тастады,
Мұрнының қанын сүртіп ол анасына қарады.
Анасы жанарын жасырып кетті бөлмесіне,
Жылуын ешқашан көрсетпей Назеркесіне.

Тағы бес жыл өтті келді жиырма екіге,
Есірткіні қойды бас тартпады темекіден.
Енді ғана шынайы бақытты сезінгендей,
Махаббатын тапты бірақ ол ештеңе білмейді.
Оның өткені жайлы, сүйеді, құшақтайды,
Алайда құпиясын Назерке жасыра алмайды.
Бәрін жайып салып егіліп иығында жылайды,
Бірақ жігіт жүрегі ақиқатты көтере алмайды.
Келесі күннен бастап жоғалады із-түссіз,
Назеркенің енді көкірегі жүрексіз.
Өмірдің ащысына әбден тойғаннан,
Көзінен жасы тамып секіреді шатырдан.
Аулада жатқан өлігін ақ матамен жауып,
Адамдар қызық көруде мұнда жиналып.
Безбүйрек әлемнен сытылып шықты әйтеуір
Назерке – мың тағдырдың біреуі...


Венеция
Тыңдарман, бақыттымын деп алдадым сені,
Жүректе жара яғни ұмытылмайды өткенім.
Кезекті әнім тек қана бір адам үшін,
Көздерім айтып тұр бәрін жасырам несін?
Сені ғана сүйіп едім жоғалып есім,
Екеуміз үшін сен ғана шығардың шешім.
Көңілсізбін, пәтерімде сұмдық қапырық,
Ағашпын қураған қалған соңғы жапырақ.
Білмеймін менен жақсыны таптың ба?
Әлде мендей түнекке жұлдыздай ақтың ба?
Күтемін сенен ең болмаса СМС,
Бақытымсың бірақ сенің бақытың мен емес.
Әзілдесемде мен орынсыз,
Екі әлем, бірақ бір болды арманымыз.
Есіңде ме барайық дедік бал айында,
Мәңілікке арман болып қалды Венеция..

Қайырмасы:
Түсіңде мені көр соңғы рет, аяулым.
Тағы қоштасайық соңғы рет, аяулым...

Өкініш жоқ, бірақ неге ашулымын?
Өртенбейді ескі парақтары ғұмырымның.
Бәлкім мен сендерге күлкілі болармын,
Ересек болып махаббат үшін қайғырғаным.
Сен менің мәңгілік музамсың,
Бір уақытта жұмақсың және тозағымсың.
Ақымақпын саған ұқсайтындарды іздеп,
Аласұрып күйініштен айығуды көздеп.
Мен сені ойлаймын сен ойлайсың ба мені?
Ерніңді сүйеді еріндері өзгенің...
Мен болсам бәрін сенімен салыстырамын,
Сені елестетіп көздерімді жұмамын.
Сағынамын иісіңді, қылықтарыңды,
Жылағаныңда сені жұбатқанымды.
Есіңде ме барайық дедік бал айында,
Бақытымызға куә болмайды Венеция...

Талай жылдар артымызда қалсада,
Ұға алмадым жазамсың ба, бағымсың ба?
Сенің ызғарың өртейді жанымды менің...

Шәке
Нақты білгем тірі аңыз болатынымды,
Бәрі білді енді сендіру керек Анамды.
Көзім ашық бірақта әлемім тұманды,
Қайта тұрдым алайда тағыда құладым!

Әрбір күн сәттілікке деген үмітпен
Аяқталады сондықтан, ертеңгі күнді күтем.
Жанарымнан жылуды іздеме,
Мен сені сүймеймін сондықтан «сүйемін» деме!
Данышпан халық қой қазекем,
Бірақ неге «сыйлағанның құлы бол» деген?
Түсінбеймін, бірақ маған бір нәрсе анық,
Құрметтісің жатқанда сені пайдаланып.
Ей, ересек болған өте қиын,
Сондықтанда жалғыздықтан жаңғырады үйім.
Мен саған бауырың емеспін ренжіме,
Көптің бірісің сондықтан ата мені «Шәке».

Қайырмасы:
Шыңғыс! Еркіндіктің тұтқыны болғам
Сондықтанда адалмын жанкүйер толы залға!
Шәке! Жанарымнан жылу іздеме!

Майысып сызыласың маған аруым,
Назарыма мұқтажсың ал мен тәніңе зәрумін.
Бетпердемді қалдырдым үйімде
Қаншаға шыдар екенсің шынайы менімен?
Дұшпандарыма кеңесім,
Дәу болмасамда мен әлсіз емеспін.
Жек көр мені ал мен одан қуат алам,
Сондықтанда әндеріме шайқалады қалаң!
Теңгені жасау қамымен,
Тағы да қауышуым керек сахнамен.
Мен ғана білем не керегін сендерге
Микрофон, шайқайтын бит және Шәке.

Микрофон, толы зал және сахна,
Арман орындалды бірақ шын бақытым осы ма?
Көңілсізбін, бірақ бәрібір ғой сендерге,
Күйінішіммен әрқашан дайынмын бөлісуге.

Мәңгілік үнсіздік
Өмірім баяу ағуда,
Бұлтты Алматыда.
Сен мені ұмытуға
Кеттің Испанияға.
Жырлаймын тағы сен жайлы,
Хаттарым саған бармайды.
Ене берме түсіме,
Қуанамын күрсіне.
Пәтерімде тоңамын,
Құшағында басқаның.
Еріндеріне қарап,
Сені еске аламын.

Қайырмасы:
Өртедім армандарды,
Суреттер мен хаттарды.
Екеумізде жеңілдік,
Мәңгілік үнсіздік.

Сырымды айтамын бәріне мен жасырып,
Жинаймын жанымды, сынып кеткен шашылып.
Ол айыпты, бірақ көздері айыпсыз,
Сезімім таза бірақ ойларым тәртіпсіз.
Ерекше емеспін білемін бұл әлемде,
Бақытқа сенді отырғандар Титаникке.
Қайғыдан қашып тығылдым стаканның түбінде,
Ал сен болсаң Испанияда Мадридте.
Бір мачоны қуантқан шығарсың бәлкім,
Алайда сені айыптауға жоқ менде хақым.
Үміттенемін жүрегіңде қалған шығар атым
Ал мен жасай берем амалдарды сені ұмытатын!


Соңғы вальс
Үлкен қала, жүректері тас адамдар,
Менің де сен сияқты жасыратын жарам бар.
Армандаймын оның құшағын,
Басқалардың шоғы жандырмайды жүрек ошағын.
Махаббатым болды кіршіксіз,
Қазіргі саған деген сезімім түсініксіз.
Оралмайды білем өткен шақ,
Жұбатады мені қойнымдағы тірі қуыршақ.
Қалмады бірде бір суретің,
Бірақта өртенбеді жүректегі келбетің.
Нөміріңді терем естігім келіп даусыңды,
Сырларымды білдің арқасында мастығымның.
Көзжасың жәй ғана тұзды су,
Тарихты өзгерте алмайсың болсаңда қу.
Болашақ бақытым ешқашанда сендей болмас,
Қайталанбас біз билеген соңғы вальс.

Қайырмасы:
Жанарың қандай суық
Жеңілдім сағымды қуып
Арманым ұшты көкке
Әмір жүрмейд жүрекке.
Салқын самалы күздің,
Үміттерімді үзді.
Ешқашан қайталанбас
Біз билеген соңғы вальс

Ғашық болуды мен армандаймын,
Мына қалада неліктен жалғыз қалғандаймын.
Оның көшелері мен зәулім ғимараттары,
Сенімен бақытты сәттерімді еске салады.
Бейтаныс, номерден шалып жатыр біреу,
Бәлкім сен шығарсың деп тұтқаны аламын дереу.
Кезекті жанкүйердің әңгімесі,
Көңілініне қарап онымен жатырмын сөйлесіп.
Бақытсыз ғана бақыттың қадірін біледі,
Жарақатымды білімсіз дәрігер емдеді.
Ең болмаса естісем деймін дауысыңды,
Бір апта болды неге көтермейсің тұтқаны?
Қандай қателіктер мен жасадым?
Ақымақтығымды бетіме дұрыс басқаның.
Көрсетші бақыттылардың мекенін,
Өлсемде көріп кетейін бақыттың бар екенін.
Үнсіздік, құшағымда қыпша белің,
Ақырын ғана нәзік еріндеріңнен сүйемін.
Мәңгілік болмасада махаббаттың бары рас,
Қайталанбас біз билеген соңғы вальс.


Жеңілген Жауынгер
Сүйіктіден жексұрынға дейін бір қадам,
Қымбат едің бірақ қазір бәрібір маған.
Деп алдаймын бәрін алайда өзімді емес,
Оны аймалаймын бірақта сені емес.
Ромды араластырып коламен,
Кезекті аруға бақытқа үмітті берем.
Тұрақтылық келседе өмірге жоқ тыныштық,
Біреуді жалғыздық қинаса біреуді аштық.
Ал мен болсам бақыттан емес шараптан маспын,
Періштемін ішімде жасырынған албасты.
Сен мені білесің көрдің шынайы кейпімді,
Сондада сүйдің ал мен білмедім қадіріңді.
Сен ғана махаббатымыз үшін күрестің,
Екеуміз бірдей көрдік зардабын жеңілістің.
Жараландым тіземді бүктім еріксізден,
Жымиямын көңілсіз көздеріммен.

Қайырмасы:
Жалғыздықтан адасты,
Жол сілтейді оған кім?
Сауытымен жасырып
Қансырап жарақатын.
Жалғыздықтан адастым,
Жол сілтейді маған кім?
Жеңілген жауынгер
Жасырып жарақатын.

Қорқақ болмасамда сенсіз өмір қорқынышты,
Әлсіз есірткіден шаршадым маған керек күшті.
Саған мұқтажбын сенің қылықтарыңа,
Ренжігеніңе және қуанғаныңа.
Айыптымын қасіретіңе,
Жалынамын менсіз бақытсыз бола көрме!
Есімде екі жанда бір ғана арман,
Ұмытпадым жоспарларды екеуміз құрған.
Сен плюс мен және екі баламыз,
Үлкен үй және қоршалған біздің ауламыз.
Қызымыз сен сияқты болушы еді сұлу,
Ұлымызға ғашық болар еді барлық ару.
Қазір болсам дауысыңды естіп тұтқадан,
Суықпын себебі Шыңғыс саған бөтен адам.
Жылама өткен күндер қайта оралмайд,
Жеңілген жауынгер қаруын қайта қолға алмайд.

Қан төгілген шайқас алаңы қазір тыныш,
Қызғалдақтар өсіп шегінгендей өкініш.
Жымиямын сауытымды ешқашан шешпей,
Көме алмай мәйттерді қалған жерленбей.
Сенесің бе? Ал мен махаббатқа сенбейм.
Сүйесің бе? Сенен басқаны сүйе білмейм.
Жүрегімді алдың бірақ қайтардың тасты,
Жеңілсемда жеңімпаз болуға таластым.
Сен жайлы ойлармен өтеді әрбір түнім,
Сондықтанда көңілсіз болар көптеген әнім.
Сен мені кешірдің бірақ мен кешіргенім жоқ,
Өзімді күн салайын алаымын өшімді.
Бүгін тағы, түсімде көрдім бейнеңді,
Біле тұра күтемін оралмайтын көктемді.
Ақ жалау көтердім тастадым қаруымды,
Жауынгер шайқасудан шаршады...


Соңғы трек
Шығарып соңғы демді,
Алып кетем көктемді.
Мұңына жол көрсетер,
Жеңіліс тапқан жауынгер.
Аяшы қылмыскерді,
Шешпеші бетпердені.
Өртемей әлемімді,
Тыңдашы өлеңімді.
Соңғы әуен соңғы трек,
Қатты шаршады жүрек.
Жасырмашы көз жасын,
Қош бол, менің сырласым.