Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

"Халық Жауы" [2013]


Романтик
Тұманды Алматы менің қапасым,
Өкініш өшпейді тырысып неғыласың?
Өмір берілген бір ғана барыңды ал,
Еске алар сәттерің көп болсын болғанда шал.
Өкініш жаныңды улайды,
Жақсылығың ешкімнің есінде қалмайды.
Қызыл шарап немесе тап-таза виски,
Оны құшақтап бірінші мойнынан иіскейм.
Бір күнмен өмір сүрген жақсы,
Көзді ашып жұмғанша өтіп кетеді жастық.
Арулар сүйеді жаман жігіттерді,
Қыздарының жәлептігін білмейді әкелері.

Махаббат айналды тауарға,
Армандаймыз қымбатын бірақ құмармыз арзанға.


Халық жауы
Менсінбей жүргенде бауырлар өз тілін,
Тілімнің тұмарына айналдырдым қазақ рэпін.
Көкірекпін ешқашанда шегінбеймін,
Күнге қанаттары күйген бүркіттеймін.
Мен қазақпын сондықтан жасаймын қазақша,
Айыптамаймын орысты рэпі үшін орысша.
Оларға сенбе біздің рэпте болашақ бар,
Дәлелі мен және мен барған қалалар.
Толы зал көкке көтерілген қолдар,
Өз ұлтын мақтаныш көретін бауырлар.
Инабатты, биязы біздің қарындастар,
Болғандықтан менде әрқашан құлшыныс бар.
Эй, армандайсың ба не расында?
Орыс рэпі бағынады деп қазақ баласына?!
Бейшара болма... қазақ бол,
Төзім таусылды көріп тілімнің болғанын қор.

Қайырмасы:
Алтыншы Арыс болам,
Елім үшін атылам.
Білемін қаза табам,
Қандасымның қолынан.
Алтыншы Арыс болам,
Елім үшін атылам.
Атанып халық жауы,
Тарихта мәңгі қалам!

Шаршадым бірақ күресті доғармаймын,
Қазақылық у болса онда мен сені улаймын.
Жексұрынмын себебі жаманмын,
Сондықтан болар мәңгі тарихта қаламын.
Ұлтынан ұялған мен үшін адам емес,
Баба тілі бізден басқа ешкімге керек емес.
Амалым қалмады себебі мәжбүрлімін,
Сөзіме сен ойнап жатқам жоқ патриоттың рөлін.
Астымдағы қара жер Бабамның қаны тамған,
Қазір мерейі өсті кеше жауға тапталған.
Отан - ортақ тіліміз болу қажет ортақ,
Ал сенің намысыңды оятты Борат.
Қазақпен қазақ қазақша сөйлеу керек,
Мәңгүрттер ұлтымызға үлкен қасірет.
Елбасы шеше алмайды жалғыз өзі бәрін,
Ұялғанды тілінен қазақ деуге намыстанамын.

Бар айыбым ұлтжанды болғанымда болса,
Айыптымын қолымды кісендегін сотта.
Сүйегімді сындыр бірақта рухым сынбайды,
Қазағымның мендей жігіттері таусылмайды.
Қолыңды көтер Алаштың ұлы болсаң,
Қазақстанды сүйесің бірақ қазақ болмасаң!
Бір халықпыз бірлігіміз жарасқан!
Сондықтанда мен сендермен қазақша амандасам
Бір халықпыз бірлігіміз жарасқан!
Сондықтанда мен сендермен қазақша қоштасам!


Жексұрын
Тыңдарман сүйіктісімін сүйіктім – жексұрын,
Қоздырмайды мүлдем болашақ жарым.
Бірақ неге қатты күтемін ұға алмаймын,
Күн сайын қоңырауларыңды әрдайым.
Сенің мамаң мені жек көред,
Қызына бақыт сыйлауыма рұқсат беред.
Айтшы жаным сен құпияңды,
Таба алмадың мені алмастыратын адамды.
Мен періште емеспін емеспінде Брэд Пит,
Сүйген көздерім болашағымызды көрмейд.
Мінезің ұсқынсыз тым қатты еркесің,
Алайда жүрегімді сен ғана ерітесің.
Еңіреп қоңырау шаласың тағыда,
Бақытсыздар тыныштық бермейді бақыттыларға.
Дұрыс айтасың жоқ ешқандай кепілдік,
Жалғыздық деген мен үшін жәй ғана еркіндік.

Қайырмасы:
Расында мені сүйдің бе?
Жалын себепші күйікке.
Махаббат деген аңыз ұғым,
Мен үшін жексұрын.


Қатайма
Көріп тұрсың әлі салдырғаным жоқ тату
Аққу болсам онда боламын қара аққу.
Бейнеклипке түсер едім қолыма ұстап қару,
Бірақ мүмкін үстімнен қылмыстық іс қозғалуы.
Е, секстен жалығуым мүмкін,
Бірақ жалықпаймын итеруден қазақ рэпін.
Менің өмірім – Виа Долороса,
Тоңқайыап тұрсың себебі білмейсің басқа поза.
Әрбір трегім менің стигматым,
Голгофа алдымда бір қадамға жақындадым.
Ақша ойымда ештеңе жоқ басқа,
Бетімде әрдайым екі нүкте және жақша.
Кеше күйеу атанып едің үйленіп жәлепке,
Құтты болсын бүгін атандың әке.
Бірақта ұлың саған ұқсамайды, неге?
Менің ұрықтарым өте құштар өмірге.

Қайырмасы:
Эй, қатайма, қатаяды мүшем,
Аузыма қараттым елді болмасамда шешен.
Сенің қалаң, сенің ауданың және көшең!
Бүгін Қазақстан ал ертең бүкіл Әлем!

Хехе, жеңісте кейде жалықтырады,
Жігіттер қолымды алса, арулар ауызға алады.
Бұзылдым өзімде байқадым,
Сезіміне сенгім келеді кезекті сайқалдың.
Бұл ойын төзімділігімді сынайды,
Әлсіздер әрқашан арқадан пышақтайды.
Тыртықтарым бар сенбеймін ешкімге,
Назар аударсам саған онда бірнәрсе керек.
Маған... Әкеңді таныдың ба балам?
Футбол жақсы ойнай алмасамда голды мен салам.
Харам рэпіммен қалаларды жарам,
Шыңғыс а.к.а Стигматик қолдарыма қара.
Әлемнің жалғыз бірінші кереметі мен,
Кереуетте талай керемет жасадым қызыңмен.
Баяу аймалаймын шешіндіремін тез,
Қазақ қыздарын «қарындас» десем болады инцест.


Сүйемін
Суық қыстың уақытында мен өзіңе ғашық болғам,
Су құйылған құмырадай мен бақытқа болдым толған.
Қырау басқан кеудеме мәңгі көктем оралған,
Купидонның ақ жебесі жүрегіме қадалған!
Енді саған мен боламын қорғаушы да, періште,
Құшағыңда болсам егер жатқандаймын пейіште.
Бас тартпаймын өзіңнен болса тіпті күйініште,
Бөлісуге мен дайынмын қайғымен де қуанышпен.
Үмітімнің шамшырағы шаттана лапылдайды,
Сұлу келбетіңе сенің қараудан көз тоймайды.
Тек өзіңсің таңдаған, тек өзіңсің аңсаған,
Қылмыс емес құшағыңа сенің ыстық ұмтылғаным!

Қайырмасы:
Сүйем! Сүйем сені аруым!
Сүйем! Сүйем сені арманым!
Сүйем! Сүйем сені аяулым!
Сенемін, сеземін боласың сен қасымда!

Аяулым, есіңде сақтап ал, мен кіммін?
Мен саған енді қорғаушы-періштеңмін!
Қажет болса жаным-ау мен сен үшін өлемін,
Қажет болса жаным-ау мен сен үшін өлтіремін.
Жоғалсаң онда жерді көкке төңкеремін,
Айыпты болсаң бар кінәні өзім көтеремін.
Қажет болса сұрама, жәй ғана еркелегін,
Көздеріңнен сенің тілектеріңді түсінемін.
Қасымда болмасаң қайғыра күрсінемін,
Өкпелеттім көп... өкінемін,
Қане келші құшағыма, қандай тәтті еріндерің,
Дәл өзіңдей бойжеткенмен бұл өмірде кездеспедім.
Қане келші, қане келші, келші қане қасыма,
Рұқсат берем мен өзіңе шыға бер менің басыма.
Менің қояр талабым бар: мені сен тастама,
Ақ төсекті менен басқа ешкіммен сен ластама.
Ешқашанда араласпа менің жұмысыма.


Ұмытпа
Әр таңымның атысымен сені ойлаймын,
Бақытты болған күндерді мен армандаймын.
Еріндеріңді қып-қызыл жаным сағындым,
Құшағымдағы деміңді қатты сағындым.

Қайырмасы:
Сені қалай сүйгенімді
Жаным, ұмытпа.
Мені қалай сүйгеніңді
Жаным, ұмытпа.

Бақытымыз аппақ қардай күнге еріді,
Жүрегіміз жараланып мәңгі бөлінді.
Енді мені «Бапаська» деп айтшы кім атайды?
Енді сені «Ботақан» деп айтшы кім атайды?

Еріксіз егіледі тіпті ер кісі,
Біреу үшін қызғаныш - махаббат белгісі.
Ерекше емеспін менде қызғанамын,
Біреудің қолында қурап жатыр қызғалдағым.
Ұмытсаңда берген сертіңді,
Жүрегіңде сақта келбетімді.
Үміт отын сөндірді жүректің көзжасы,
Сені ұмытып сүюім керек басқасын.


Түнгі қала
Таңғы бес, отырмын тағы ұйқы жоқ,
Таза вискиді ішіп себебі кола жоқ.
Таусылып қалды, дүкенге баруға ерінем,
Іше берем қосып апельсин шырынымен.
Бүгін тағы ол қоңырау шалды маған,
Бірақ неге қуанбаймын оның даусынан?
Менің бақытым маған қасірет әкелді,
Альпинисттеймін ала алмай жатқан бір өткелді.
Батыр емеспін бірақ жеңілістен қорықпаймын,
«бәрі менде керемет!» деп өзімді алдаймын.
Бірақ түнде пәтеріме қайта оралғанда,
Қорқып кетемін жұбанышым мысығым болған ба?
Аяғыма оратылып,
Қарның ашты ма? Берейін тамағыңды салып!
Міне газға қойылған суымда қайнады,
Көк шәйімді демдеп ашамын ғаламторды.

Қайырмасы:
Түнгі қала мені
Қайта мұңға бөледі.
Екі тағдыр, бір өмір,
Бір махаббат, бір Тәңір.

Аллергия. Мұрным бітеліп,
Құтқарады мені Нафозалинге тәуелділік.
Ертеңгі күнім маған жұмбақ,
Ұйқымды қашырды қорқыныштарым мазалап.
Қазбалап өткен шағымды жауап таппадым,
Сезіп тұрмын қарнымның ашқанын.
Асықпай барып жарығын жақтым асхананың,
Картобымды майға қуырамын.
Дұрыс па ақ жалау көтергенім?
Көрмей тұрып ғұмырымның барлық өткелдерін.
Қарап отырсам төрт ай өтті,
Жазғаныма осы әннің бірінші куплетін.
Иә, мысығым енді жоқ менде,
Коммуналдық қызмет үшін екі айға төлеу керек.
Екіжүзді болған да өнер,
Тірі өлік қалайша екінші рет өлер?!
Өлең жазу – Шыңғыстың жүрегіне біткен дерт,
Жан-дүнием жалынсыз-ақ өртенед.
Қабыл ет, Құдайым, тілектерімді,
Күмәнім бар, алайда ол саған сенді...


Жасыру қиын мұнда
Иә, жасыру өте қиын мұнда,
Жанарларыңды толы мұңға.
Мына қала мені актер болуға үйретті,
Бірақ бағым деп санамаймын бұл қабілетті.
Өзгелердің бақытын көре алмай,
Соқыр емеспін, бірақ бәрібір көре алмайм.
Іздеймін телефон кітапшамнан,
Сенің номеріңді бұрында ұмыт болған.
Жазалайсың мені неліктен?
Қылмыскермін, жалыққан еркіндіктен.
Салшы менің қолдарыма кісен,
Сен мені сүйесің мен сүйем сені екі есе.
Зуылдап жұлдыздар ағады,
Мен адастым шатастырып ақ пен қараны.
Сенің сезімің сейілді қою тұмандай,
Жек көрседе сүйеді сені сормаңдай.

Қайырмасы:
Жасыру қиын мұнда,
Жанарыңды толы мұңға.
Саудаладың арыңды,
Таптап аямай жанымды.


Қазығұрттану
Баршаңа менде ақпарат бар,
Шымкентте азулы жігіттер Қазығұртта.
Көмектеспейді саған папаң да, макаров та,
Бұл ауданда білесің жоқ зәулім ғимараттар.
Бірінші қара шаңыраққа,
Аузыңды жаппасаң дәм татасың топырақтан.
Үре бастады боққарындар,
Көтіңді қыс менімен бауырларым-қазақтар.
Мамасының ерке ұлдары,
Еркек болу үшін салдырып татуларды.
Менің көшемде төселмеген тіпті асфальтта,
Шенеуніктер келеді тек қана сайлау болғанда.
Екеумізде лайықтымыз шапалаққа,
Сен тізерлеп ал мен тұрып сахынада.
Арамызда айырмашылық бар айрықша,
Қазақты жеңу үшін сөйлеу керек қазақша.

Қайырмасы:
Бөліну емес бұл, бұл мақтану,
Мектепте енгізейік пәнді Қазығұрттану.
Бүкіл Қазақстан білсін біздің жігіттерді,
Шыңғыс! Тербеп шаршамайды қалың елді.

Бауырлардың біреуі қызыл біреуі қара,
Қателеспе емес негр де, апачи да.
Ы, уақыт алыстатпас арамызды,
Жігітше қарсы аламыз бақыт пен наламызды.
Бастысы жібермейік намысты,
Мына заманда қояндар жейді қамысты.
Кешірмейміз бейберекетсізді,
Тергеуші емеспіз риза қылсаң жабатын істі.
Еа, болса да жақсы көңіл-күйіміз,
Әрдайым қабағымызды түйіп жүреміз.
Салауатты өмір салтын сақтау бізге арман,
Денсаулық үшін тартып жібереміз жүз граммнан.
Қазығұрт ықшамауданы,
Қасымда азулы жігіттері Шымқаланың.
Бізге ұнамаcа қылықтарың,
Атылған оғынан қаша алмайсың тапаншаның.


Атлантида
Жақынырақ білгің келе ме мені?
Мен адастым шатастырып бақыт пен теңгені.
Мына әлемді тоңқайтқым келеді бірақ
Менің көтім әлемді қоздырады қаттырақ!
Е, талай рет сынуыма аз қалған,
Мың рет жерлендім мың рет қаза болғам.
Бауырлардың көздерінде үміттері өшкен,
Қолдарым қан емес бірақ біреудің қанын кешкем.
Шыңғыс сен үшін Халық Жауы,
Қателесесің, Шыңғыс ол Шыңғыстың жауы.
Шегінуге менде құқық жоқ,
Бірақ соғысты жалғастыруға менде күш жоқ.
Мен барған қала сол күні айналады далаға,
Себебі, тас-талқаны шықты шайқала!
Атлантида батты мұхит түбіне,
Себебі мен, барамын онда концертіммен!

Қайырмасы:
Платон жырлаған менің тарихымды,
Ол тарихшы емес бірақ бұл мазалайды кімді?
Концерттік турымның тізімінің соңында,
Қалды бір қала аты оның Атлантида.
Күт, күт! Күт мені – Атлантида!

Ұялы телефонға тыным жоқ,
Көнемін енді жеке өмір жоқ.
Олардың менсіз өмірлерінің мәні жоқ,
Мен болмасам онда қазақ рэпі жоқ.
«Жоқ» деп айта алмайды маған еш ару,
Олардың парызы беру ал менікі қандыру.
Өлтірмек болса мені беріп у,
Әзірейлді алдаймын себебі Шыңғыс қу.
«Жыртқыш» деп ата мені себебі парызым жырту,
Бірік менің қол астымда себебі қолымда ту.
Салмақты әндерді күтесің бе?
Салмағымды қызың білед жатқанымда үстінде.
Е, хы, бауырым күрсінбе,
Нағыз жігіт қайғырмайд қыздар үшін білесің бе?
Ы, деп айтқым қоям бетім қызармай,
Менің болмысым осы, Шыңғыс осындай.


Қайта басынан
Маххаббатты мен ұмытқанмын баяғыда,
Барлық естеліктер айналды сағымға.
Суреттер өртенді, ұмыттым көктемді,
Сорлы жүрегім талай заманды өткерді.
Амалым жоқ енді ұмтыламын тек алға!
Сырларымды шерте беремін ақ қағазға.
Енді махаббат жоқ... сөнген баяғы шоқ...
Жұбаныш іздеп қараймын айналама...
Түнгі қалада серуендеп келемін өзім,
Толғанамын, бойымды билейді бір сезім.
Санамда мың сұрақ, қайдан табам жауап?
Қиын екен тозақта жүрген қарғыс арқалап.
Білемін мен үшін есігі жабық жұмақтың,
Себебі мені сүйгендердің бәрін жылаттым.
Үмітін қираттым, арманын ойраттым,
Сондықтан табалдырығын аттадым тозақтың!

Қайырмасы:
Өмір сүргім келеді,
Менің қайта басынан.
Жөндегім келеді,
Қаталерді жасаған.
Қайта сүйгім келеді,
Сезіммен алып-ұшқан.
Құшақтағым келеді,
Аруды мені ұмытқан.

Бірінші куплетін жаздым жиырма екі жасымда,
Төрт жыл өтті жақындадым жиырма алтыға.
Әлемімнің үйінділерінің астында,
Көңілім босады кінә тағамын мастығыма.
Қызық екен жібермейсің ұстамасаңда,
Айтшы маған бұл созылады екен қашанға?
Айтпасаңда көздерің айтты маған бәрін,
Жаным ауырады бірақ саған жымиямын.
Қадам бастым тағы түнекке,
Дұрыс айтқан екен «Әмір жүрмейді жүрекке».
Құшақтаймын сені бірақ бұрынғыдай емес,
Бақытымсың бірақ Шыңғыс бақытты емес.
Анашымнан келді тағы смс,
Армандайды шаңыраққа оралғанымды тез.
Махаббат айналды тауарға,
Армандаймыз қымбатын бірақ құмармыз арзанға.


Қайырлы түн
Арамызда не барын мен әлі түсінбедім,
Әлде жібіді ме тасқа айналған жүрегім?!
Егерде бұл мен армандаған махаббат болса,
Жаным менің, менімен ер қолымнан ұста.
Апарайын сені ертегілер әлеміне,
Ақысы керек емес, тәнтімін көркіңе.
Болмасамда басқалардай жәй құмар тәніңе,
Бәрібір ұмтыла беремін еріндеріңе.
Алаңдама жаным, ештеңеден қорықпа,
Қорғаймын сені өзімнің ыстық құшағымда.
Томпиып жатырсың жаным менің иығымда,
Қайырлы түн, бөпетай... ұйықта...

Қайырмасы:
Қайырлы түн, бөпетай,
Түс көрші тәтті балдай.
Томпиып құшағымда,
Еркетайым ұйықта.

Көрдің бе бөпетай, бір жұлдыз ағып өтті,
Айтшы жүрегің қандай қалайды тілекті?
Сенің тілегің мен менің тілегім сай келсе,
Онда менің арманым болмас еді ғой өзге!
Тағы да кезікті екеуміздің көздеріміз,
Ери бастады менің көкірегімдегі мұз.
Құштарлана жылдам дүрсілдеп жүректеріміз,
Еріксізден түйісті еріндеріміз.
Мәңгілікке созғым келеді осы бақытты,
Мәңгілікке еткім келеді сені бақытты.
Жүрегім тапты армандаған махаббатты,
Күнәһар болсамда Құдай сыйлады жұмақты.


М.С.П.Е.
Саламалейкум, мені танитындарға,
Бірақ Қазақстанда мені танымайтын бар ма?
Мама, балаң жұлдыз бірақ емес аспанда,
Панда...ға ұқсап қалдым ішкендіктен таңға,
Дейін... әлі қанша жасарымды білмеймін,
Мейлі, Шыңғыс көктен ғажайыпты күтпейді.
Ауру болсада барып дәрігерді емдейді,
Хыы, мені ешкім түсінбейді.
Сенің, оның және бәрінің,
Мамасының, папасының, сүйген жарының
Ойында Шыңғыс... қарындасыңның
Қойнында Шыңғыс...
Менің жалғаным көпшілік үшін ақиқат,
Құрметімді алу үшін МСлер ауызға алад.
Жылайтын әндер бірден айналады хитке,
Бақыттымын сондықтан жылайтын әнді күтпе.

Қайырмасы:
Мен саған простой емеспін,
Мыңдаған құлақтарды және аруларды тестім.

Әке болсаң қызыңа сенің қауіп төнді,
Жатын бөлмесінен естисің ыңырсыған үнді.
Базар жоқ қызыңның фигурасы жынды,
Есімін білмеймін олда білмейді атымды.
Кимеймін Луи Ви, Гуччи, Дольче Габбана,
Қарапайым киімде секіре берем сахнада.
Мағынаға, толы болмасада әнім,
Тыңдайсың плееріңе жалғанбасада құлаққабың.
Ұйқы жоқ тағыда,
Мың теңге қалтамда ақша жоқ шотымда.
Иә, жедел табу керек лохты,
Прометейді кездестірсем оған сатамын отты.
Хы, ренжіме егер артық кетсем,
Сен сияқты құлдарды бағалайды мендей көсем.
Әлі өсем, үйленем қызға әсем,
Сатып алам зәулім үй, вискиге толы бассейн.


Жалғыздық
Парағымнан жаныма іздеймін жұбаныш,
Қайда кетті менің көңілімдегі қуаныш?
Білемін ешқашан өзгермейді болған іс,
Жаным менің арқалады қаншама қарғыс.
Еске алып қарасам өзімнің өткеніме,
Еріксіз жас толады менің көздеріме.
Шерімді тарқатамын керең сырласыма,
Амал қанша көнемін тағдырдың салғанына.
Терезеден қараймын құлазыған көшеге,
Өне бойым қауышып тылсым бір сезімге.
Күйініш барады жанымды жандырып,
Осылай баурады мені жалғыздық.

Қайырмасы:
Жалғыздық ақынның
Шабытының себебі.
Езуі күлседе,
Жылайды өлеңі.

Жүрегім кешірші мені, кешірші,
Бірақта жанымды менің түсінші.
Өтінемін менімен бірге күрсінші,
Үмітім ешқашан ешқашан сөнбеші.
Сәтсіздік қара бұлттай басыма төнбеші,
Көңілім биікте бол ешқашан түспеші.
Ар-ожданым берілме тағдырға көнбеші,
Сенімім қателеспе, сүрінбеші.
Вискиді серік қылып отырмын бөлмеде,
Талай-талай шумақтар өлді жүрегімде.
Күйініш барады жанымды жандырып,
Осылай өн-бойымды биледі жалғыздық.


МузАрт
Шыңғыс а.к.а Сәкен Майғазиев,
Амбал болмасамда бірақ тұрғаным жоқ ілмиіп.
Білмесемде бірде бір нота,
«Үш қоңырым» деп әндетемін сахынада.
Әңгіме айтудан шебермін,
Шақырған жерге әрдайым кешігіп келемін.
Түсінемін менің наным - өнерім,
Бірақта нанды көп жесем бірден семіремін.
Енді мені «Сәкен» деп ата,
Себебі шығардым қазақ рэпін эстрадаға.
Сахынада тұрғанымда гүл шоғын сыйла,
Хейтер болсаң домбыраны кигіземін басыңа.
«Айхой» деп жырлаймын әнімді,
Армандайсыңдар ма ішемін деп менің қанымды?
Қалаңа барамын орындалса барлық шарт,
Менің атым Сәкен тобымның аты Музарт.

Қайырмасы:
Вокалды қатырмаймыз бірақ бәрібір ғой бізге,
Ән айтамыз Отанымызда немесе түзде.
Сәкен, Мейрамбек, Кенжебек,
Музарт тобы енді айтады тек қана рэп.