Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS, ReeGa, Maximum "ТеңгеMakers" [2012]


ТеңгеMakers
1-куплет: Maximum
ТеңгеMakers назарыңда, қане бізді қарсы ал,
Мені KZ қолдайды себебі рэпім халал.
Үш стиль, Үш МС, әрине, бізді танисың,
Хейтерсымақ күшіктердің барлығы бастарын исін!
Бізден пиар керек болса жақсылап ақша төле,
Сүйікті валютамыз білесің ғой ол – теңге.
Неғұрлым көбірек болса, соғұрлым жақсы жарнама,
Біздің қалтаны толтырмай атақ жайлы армандама.
Топастардың респекті керек емес маған мүлдем,
Жүре берсін қуалап дисстарын жазып шіріген.
Олар сөйтіп жүргенде біз концерттер жасаудамыз,
Қалаларын жарып кетіп теңгемізді санаудамыз.
Олардың арманы енді бізден жауаптар алу,
Біздікі - қалтамыздағы ақшаны сол көбейту.
ТеңгеMakers - теңге жасаймыз білесің,
Тиын-тебеніңді жинап қалаңда концерт күтесің.

2-куплет: ReeGa
Рига а.к.а «Латвия астанасы»,
Евро қымбат болсада қымбат теңге валютасы.
Мені білесің ман, өскен жерім – гетто.
Қажет емес маған DJ! Fuck you, David Guetto!
Қара нанді жеп алып қалаларді тербеймін,
Айболит сияқты мен қазақ рэпті емдеймін.
Менің рэпім әдемі билегендей Плющенко,
Сен жеңіліс табасың жеңілгендей Ющенко.
Сенің рэпің өлік ман, Қырғызстан футболындай,
Теңге жасаймын өзім, микрофонді тастамай.
Толы залды шулатып, аруларды аймалап,
Атымды атайды олар қайта, қайта, қайталап.
Қыздар маған ғашық, жүремін олардан қашып,
Қолдарыңды көтер, жатқандай теңгені шашып.
Теңге жасаймын, аха, теңге жасаймын ман,
Тыңдарман маған клиент, рэпімді оған сатам.

3-куплет: ШYNGYS
Маңызы жоқ қанша рет дисстарын жазсада,
Бәсекелестерімнен алынбайды блокада.
Сондықтан болар енді бәсекелестер қалмады,
Олар далада қалды мен тербеймін толы залды.
Алдарыңда сендердің үш жігіт, үш МС,
Сөздерімен олардың үстінен асфальт төсейд.
Сенің ойыңша ақшақұмарлық деген күнә,
Онда неге болмайды ешқашанда аш молда?!
Аха, сендерге берем рухани қорек,
Сүйікті хобби тұрақты қаражат әкелед.
Көптеген МСлер менің күлкімді келтіред,
«Жігітпіз» деп отырып сындырады кіші дәрет.
Еее... біздерді күтіп жатыр қалалар,
Сұлу арулар, конверттегі гоноррар.
Ха! Ха! Сапасыз рэптің заманы өтті,
Сахна біздікі олардың шаруасы бітті.

Қайырмасы:
Теңге жасайм... теңге жасаймын,
Рэпімде капитализмді мадақтаймын.
Теңге жасайм... теңге жасаймын,
Қолды кірлетіп, жанкүйерлерімді шайқаймын!

Қош енді, жаным
1-куплет: ШYNGYS
Қарап тұрып сенің сезімсіз көзіңе,
Күйінемін жаным ашып өзіме.
Тәңірімде шебер тағдырыма жазып,
Жан азабын жалғыздыққа ездіре.
Өзіңді кешірдім, мен сені ұмыттым,
Уақыт өте... дертімнен айықтым.
Мен сені сүйдім, енді сүймеспін ешқашан,
Сезімім жоғалды ағысымен Жайықтың.
Бәрібір қалдың жүрек түкпірінде,
Сене алмаймын сезімнің сөнгеніне.
Алғашқы кездесу, алғашқы айлы түн,
Әлі есімде өзіңмен бақытты әрбір күн.
Қош енді, жаным, мәңгілікке қош бол,
Көздерің қайғы көрмей өзгенің бағы бол.
Екі жарты қосылып бүтін бола алмадық,
Тағдырдың салған сындарына шыдамадық.

2-куплет: ReeGa
Жарайды енді, жаным, тыңда соңғы сөздерімді,
Бағаламадың ғой сенімен болғанымды.
Қарашы көздеріме құлақ сал сөздеріме,
Қалайша жіберемін бақытымды өзгеге?
Махаббатың туралы айтпа маған қайталаймын,
Түсінбедің жаным, жүрегім жаралы болғанын.
Тоқта, маған қара, әлі сөздерім бітпеді,
Жүректе бар нәрсені айтайын дедім себебі.
Бұл шайқаста мен жеңілдім, сен мені жараладың,
Бақыт деген қамалды қалайша жаулай алмадым?
Өлмеген үмітімнің нышаны ғой осы әнім,
Алайда амалым жоқ, сенімен қоштасамын.

3-куплет: Maximum
Қош енді, жаным, бірге бола алмадық,
Екінші орынға күнім, сезімді қалдырдық.
Біріншісі әрине, тәкаппарлық болды,
Сол үшінде екеуміз екі жол таңдадық.
Мен үшін бақыт - бақытты болғаның,
Себебі сені сүйем, әлі ұмытпадым.
Тәтті еріндерің, назды көзқарасың,
Мәңгілікке жаным-ау жүректе қаласың.
Қан жылатып жүректі өзгемен сен кеттің,
Қалай қатты сүйсемде сені кешірмеспін.
Байлық пен көліктен бақытыңды таптың,
Айтарым осы саған, қош енді, жаным...

Қайырмасы:
Жүрегімде мәңгілік қалады есімің,
Айырылысып кетсекте мен сені сүйемін.
Өкініштен өртеніп, азаптан күйемін,
Мұңымды жасырып ішімде түйемін.


Алматы өртенуде...
1-куплет: Maximum
Заман қатал болып кетті ме әлде адамдар ма екен?
Айнаға қараған кезде көрем жанымды өртенген.
Қатігез болып барамын өзгеріп күннен күнге
Өткен іс өтіп кетті, артыңа қарай берме.
Болашағым бұлыңғыр арманыма жетем бе?
Өз қалауыммен келемін сеніп тек жүрегіме.
Тағдыр мені жеңбекші, бірақ мен жеңілмеймін,
Қанша қиын болсада бәрібір берілмеймін.
Өмір деген ойында, мен жеңімпаз боламын,
Бүкіл сынаққа шыдаймын төгілмейді көз жасым.
Бірақ білмеймін тағдырдың ойын ертеңгі күнге,
Тереземнің ар жағында Алматы өртенуде...

2-куплет: ШYNGYS
Туннельдің соңында әлсін жарық көрінседе,
Тереземнің ар жағында әлемім өртенуде.
Бізде жалынбыз, жанамызда сөнеміз,
Өмір деген күресте жеңіліп көнеміз.
Кешегі сәбилер баяғыда ержетті,
Қуанбайтын болдық көргенде көкжиекті.
Бәріде өзгерді әлем боянды сұр түске,
Бақытымызды аттандырдық барсакелмеске.
Ержүрек болып көрінгім келеді сырткөзге,
Жарықта күліп түнекте батып өкінішке.
«Махаббат құтқарады» депті әлдебіреу,
Олардың беттері әр-түрлі болмысы біреу.
Мені бағаласаң қарама көздеріме,
Суықтығым жара салады жүрегіңе.
Құшақта да мені қарашы тереземе,
Көрдің бе... Алматы өртенуде...

3-куплет: ReeGa
Басым ауырып тұр, ішіп алдым цитромон,
Көңіл күйім түсіп кетті жанымды жаулады мұң.
Теледидардан беріп жатыр қызықсыз фильм,
Балконыма шығып оданда темекі шегейін.
Өкпеме толтырдым мен түтінге,
Алматыны өртесеңде жүрегімді өртеме.
Өтінем, сөздеріме ренжіме,
Сені қатты сүйемін, бірақ ғашықпын өзгеге.
Өмір қиын, иә, оны қиындатқан өзім,
Жүрегім жаралы, бірақта жыламайды көзім.
Бағаламайды ештеңені мендей есуас,
Армандар көп, бірақ бәрі оның орындалмас.
Түтінді бұрқыратып мына суық балконда,
Сенімен кездесіп қоштастым қарашада.
Түсінбеймін әлде, айтшы маған неге?
Тоқтамай лапылдап Алматы өртенуде...

Қайырмасы:
Білесің бе... Алматымен бірге,
Лапылдап менің жаным да өртенуде.
Уыстап ұстап армандарымның күлін,
Жағасында өмірдің қайығымды күтемін.


Оян, Қазақ!
1-куплет: ReeGa
Айналамда көк түтін, нигатив бұл жерде ноль,
Мені қоздырады қыздар, қыздырады алкоголь.
Виски, Текила, алдыңда ReeGa!
Қолыңды көтер, менімен биле, чикса!
2-куплет: Maximum
Қолыңды көтеріп көкке, биле, сен жын ұрғандай,
Қане, қозғал менімен, жаным-ау, сен ұялмай.
Бүгін клуб қызға толы бәрі шетінен әдемі,
Бұл өлеңге билеу үшін мас болудың жоқ керегі.
3-куплет: ШYNGYS
Жарамыз! Жарамыз бүгін тағыда!
Ал сен қолды көтер жоғарыға!
Менің астымда өртенуде сахна,
Біздің бомба би алаңын жаруда!

1-куплет: ШYNGYS
Оян, оян, Қазақ!
«ASH ҚаZаҚ Pro» шаршамайды шайқап.
Биле! Биле! Терле!
Бүкіл әлемге қолыңды сілте!
2-куплет: Maximum
Оян, қазақ, оян, біз билейміз шаршамай,
Бүгінгі күннен, бро, ләззат ал сен тоқтамай.
«ASH ҚaZaҚ Pro» броу, тағы бомбаны жарды,
ТеңгеMakers сендерді бір шайқады!
3-куплет: ReeGa
Дыбысты шығар қаттырақ жәнеде сен тербел,
Бөксеңмен қимылдат, айналайын, секси биіңмен.

Қайырмасы:
Тәніңді аяма,
Ешкімнен ұялма!
Жаныңды сал биге,
Қолды көтер көкке!
Оян, Қазақ, оян!
Ертең ақырзаман
Болардай сен биле!
Биле тағы биле!


Менің өмірім
1-куплет: ШYNGYS
Құдайым жасашы пендеге рақымшылық,
Есімде жоқ соңғы рет жасағаным жақсылық.
Шындыққа келсек, менде тобырдың бірімін,
Түбіне батпайын деп жүрген өмір-өзеннің.
Бәрібір! Толы зал немесе толы емес,
Бәрібір! Бейбітшілік немесе төбелес.
Бәрібір! Күл болған жаным менің өртенбес.
Өткеніме өкініш – мәңгі жоғалған елес.
Қара жерді басып келем Баба сүйегін таптап,
Үміт бермейді молда құранды алған жаттап.
Бәріміздің мақсатымыз байлық пен табыс,
Уақытша бейбітшілік үшін мәңгілік соғыс.
Әулие әкей, мүмкін сен берерсің ақиқаты,
Күнәһармын орындамас Құдай қойған талапты.
Жаным таза, бірақ қолым лас,
Адамзат – дұшпаным, майданда жалғыз сарбаз.
Бүгін Алматы тұманды менің болашағымдай,
Естелік құрбаны тарихын ұмыта алмай.
Рухани аштық пен тәни аштықты мен білем,
Құтқарам әлемді жамандық толы жақсылықпен!

2-куплет: Maximum
Жақын болмасамда мен лириканы шығаруға,
Бірақ шештім не болсада осы шумақты жазуға.
Тыңдарманыма жаяйын басымдағы ойларымды,
Періштем деп ойлаған қыз жүрегімді жаралады.
Мен оны сүйдім өлердей, ал ол сенбеді маған,
Мұзға айналды жүрегім лаулаған оттай жанған.
Басқа біреумен көргенде өз көзіме сенбедім,
Мүмкін оныкіндей жоқ менде қымбат көлігім.
Бірақ жүрегім бар менің, ал оған білем бәрібір,
Неге бәрі маған қарсы, жауап берші, Тәңірім?
Өмір деген өзеннің ағысына қарсы шықтым,
Ағысы қатты екен, бата жаздап сан тұншықтым.
Бірақ мен берілмедім өз айтқаныммен істедім,
Көп жерлерде қателестім сол үшінде өкінемін.
Шын айтсам шаршадым мен тағдырмен шайқасудан,
Бәрін бастағым келеді менің қайта басынан.

3-куплет: ReeGa
Менің өмірім сендерге үлкен құпия,
Сезімім тасып жатыр тасығандай дария.
Менің қалам қатігез болуға үйретті,
Қолдашы құлыңды, Қудайым құдіретті.
Махаббат үшін нағыз жігіт еш жыламайды,
Рухым мәңгілік қамал ешқашан құламайды.
Ол мені тастап кетіп алыстан қолын бұлғады,
Бақытыма баласамда ол бақытым бола алмады.
Анашым, кешір мені, мен жақсы ұл емеспін,
Сенің көз жасыңды көрмеуге қатты тырыстым.
Сен үшін жәй Решат, басқаға жұлдыз ReeGa,
Егер шынайы мен сүймесем жүрегім өлмей ма?

Қайырмасы:
Бұл менің өмірім! My life!


Айгүл
1-куплет: ШYNGYS
Ұйқылы-ояу монитордың алдында,
Отырмын арудың аватарына қарап.
ВКонтакте суреттерін бағалап,
Көздері үлкееен, фигурасы ғажап.
Көрсемде өмірімде арулардың талайын,
Дәл осындай сұлу менде болмаған мойындаймын.
Танысып, сөйлесіп, сұраған соң жағдайын,
Аты Айгүл екен, кездесуге шақырайын.
Кешкі сағат сегіз кинотеатр алдында,
Үстіме әтір сеуіп раушан гүлім қолымда.
Артыман біреу қолдарымен көзімді жауып,
«Айгүлжан, сенбісің?» мен дедім қуанып.
«Иә, бұл мен!» деді сызылған дауыс,
Бұрылсам жымиып тұр бір ұсқынсыз қыз.
Салмағы 100-150 кило аралығы,
Суретіне мүлдем ұқсамайды ғаламтордағы.
Ауызым ашылып онымен кірдім киноға,
Таныстар жоқ па деп қарадым жан-жағыма.
Шүкір ешкім жоқ, болып тұрмын қатты шок,
Келгеніме өкініп іштей өзіме жекіріп.
Кинозал қараңғы, қолдары кетті саныма,
Көздерім бақырайып белді будым қашуға.
«Кешір Айгүл барып келейін дәретханаға»
Залдан шыққан соң қаштым қарамай айналама!

2-куплет: Maximum
Тыңдаңдар достар, менімен бір қызық оқиға болды,
Интернетте отырып бір сұлу қызға тап болдым.
Достар арасына қосып онымен күнде сөйлестім,
Фотоларына қарадым, одан әдемі қыз көрмеппін.
Бір айдай сөйлесіп жүрдік, ол мені «сүйемін» деді,
Шынымды айтсам, ол уақытта бір бірімізді көрмедік,
Ол сөзді естіген мен, шақырдым кездесуге,
Бірақ ол келіспеді, «кетем» деді Шымкентке.
«Бір ай сонда боламын, коңырау шалып тұрамын» деді,
Бір айыда өтті тез, өзіде қайта оралып келді.
Кездесуге шақырдым мен, ал ол тағы келіспеді,
«Қазір түрім онша емес, қатты ауырып жүрмін» деді.
Жазылғанын екі ай күттім, әзер дегенде келісті,
Бірақ көргенде оны ой келді мен бекер келіппін.
Түрі әбіржіп кеткен, қорқынышты бір қыз келді,
«Сенің төрт ай бойы күткен ғашығың менмін» деді.
Қақпанына түскеніме бір жерім қатты ашыды,
Үндеместен бұрылып барып мен таксиды да ұстадым.
Сөйтсем фотода ол емес басқа бір бөтен қыз екен,
Менен басқа қаншама жігітті алдаған екен...

Қайырмасы:
Дігідік, дігідік ат шаптым,
Алматыдан қыз таптым.
Оны аты Айгүл,
Бетін ашсам маймыл!


Нива, Москвич, Волга
1-куплет: ШYNGYS
Көлігім жоқ, көлік жүргізу құжатым бар,
Бәрібір арулар мені аймалауға құмар.
Шатастырып алатын болсамда газ бен тормозды,
Мені тыңдаған арулардың асты суланды.
Буланды көзәйнектері жігіттерінің,
Қызғаныштан талмасы ұстап жүректерінің.
Олар әкесінің ақшасына көлік алып,
Мәз... қасқыр қыздардың құрбаны болып.
Мен болсам қыздарыма барамын автобуспен,
Жол-жөнекей сөйлесіп таныған фанаттарымен.
Махаббат үшін керек емес қыруар ақша,
Себебі менің «сындыру» тәсілдерім басқа.
Жарты сағат, плюс майк студияда,
Ертеңіне дауысым қызыңның құлағында.
Көтеру үшін мәртебеңді саған керек BMW,
Мен бәрінен жоғарымын тіпті Нива мінсемде.

2-куплет: Maximum
Нива, Москвич, Волга - кем дегенде болса
Осының біреуі менде ұшатындай жолда.
Әйтпесе көлігім жоқ қыздармен танысатын,
Солардың жанына келіп тоқтап бір сындыратын.
Көлігім болмасада қыздар мені сүйеді,
«АШ Қазақтан» деген атақ бар ғой менде себебі.
Сол жеткілікті болсада маған көлік керек,
Себебі көлігің болса қыздар көбірек беред.
Байдың баласы емеспін алатындай Porsche Cayenne,
Бәрібірде арулар түспейді ғой мүшемнен.
Ханшайымдар келеді көлігімен үйіме,
Бір букет маған сыйлап шақырады кафеге.
Керек емес Bentley, керек емес Benz,
Машинам болмасада менде жетет секс.
Шағала, шағала, жараспайды ер балаға,
Алматыны аралаймын мініп алып Волгаға.

3-куплет: ReeGa
Нива, Москвич, Волга - жұлдыздарға лайықты,
Lloyd Banks мен сияқты өнерімен байыпты.
Бірақта оның нольдері алты нольге артық,
Тыртықсызда сұлумын жігітке жарасса тыртық.
Аруларды сындыруға қажет емес авто,
Көлігі бар қыздармен жүреді ReeGa-мачо.
Брачо! Форсажға бас рольге мені шақырды,
Мен келіспепедім, себебі Нива, Волга болмады.
ТеңгеMakers. ReeGa жасайды ақша,
«ASH ҚаZаҚ Pro» барады сенің қалаңа,
Аха, қызықпа менің машинама!
Жарымсың ба не қызығатын автобусқа?!

Қайырмасы:
Нива, Москвич, Волга!
Нива, Москвич, Волга!
Сенің көлігіңде қазір ойнап жатыр бомба!
Нива, Москвич, Волга!
Нива, Москвич, Волга!
Керек емес Lamborghini, Rolls royce, Honda!

Алып қашамын
1-куплет: Maximum
Келші менің қасыма, жаным, мен сені сүйемін,
Сен қасымда жоқ кезде сағынып күтіп жүремін.
Сенде сағынасың мені, сенде сүйесің білемін,
Екеуміз бірге болмасақ тоқтап қалады жүрегім.
Сондықтан мәңгілікке екеуміз бірге боламыз,
Бір-бірімізді ренжітпеуге әрқашанда тырысамыз.
Бірақ болады күндер, ренжіп қалады алтыным,
Мені кешірші күнім, сүйемін сені жаным.
Басқаға қарапайым, ал маған сен ханшайым,
Менің ерке сұлуым, армандаймын әрдайым.
Басқа ешкімге сенбей, тек қана маған сенші,
Сүйемін тәтті ерніңнен, қане, кұшағыма келші.

2-куплет: ReeGa
Сені бірінші рет көргенде мен таңғалдым,
Жерге түскен бе періште тастап аспанын?!
Періште болуыңа қанаттарың жетіспейді,
Менің жарты жүрегіме сенің жартың жетіспейді.
Алып қашамын сені егер мені сүймесең,
Сені бақытты етем, жаным, кепілдік берем.
Қалың малым дайын, боламын сенің байың,
Әкең қарсы болса егер, мен оны қадаймын.
Уайымдама, жаным, ханзадаң әзілкеш,
Ақ сәйгүлік алу үшін, папа, берші кэш.
Анашым, түсінші, мені оны қатты сүйемін,
Дайын болыңдар, ертең келін үйге алып келемін.

3-куплет: ШYNGYS
Иә, міне үйленетін уақыт келді.
«Үйлен» деп әкем миымды ашытып жіберді.
Таба аламын ба арманымдағы аруымды?
Мені бақытты етіп мәнді қылар өмірді.
Болашақ сүйгенім, табамын қайда болсаңда,
Мүмкін алыстасың, бәлкім қасымда.
Кездестірем сені көшеде не автобуста,
Мүмкін концертте немесе ғаламторда.
Болашақ ұлымның анасы саған сөз берем,
Қуаныштан ғана жас төгілед көздеріңнен.
Тұтқыны болғым келеді шынайы сезімнің,
Іздеймін нағыз қожайынын жүрегімнің.

Қайырмасы:
Мен сені шын сүйемін,
Сенбейсің түсінемін.
Қаламасаң сен мені
Алып қашамын сені.


Плеер
1-куплет: ШYNGYS
KZ-те хип-хоп радиосы болғанда,
Күні түні отыратын едім толқынында.
Қуанышқа орай қалтамда жүреді менің,
Қасиетті құтқарушы - менің плеерім.
Хип-Хап мюзик менімен әрқашанда,
Дүкенге барғанда тіпті дәретханада.
Бәрібір менің қолымда кітап болсада,
Бір уақытта оқимыннн... тыңдаймында.
Кенеттен шабыт жүрегіме қонғанда,
Зәру емеспін тек қана қағаз бен қаламға.
Ол болмаса өлеңім кетеді құрдымға,
Плеер – мен үшін маңызды құрылғы.
Ха Ха! Өте қатты хип-хоппен ауырдым,
Өзімнің рэпіммен дүйім жұртты ауырттым.
Шетел музыка стилі – тілімнің тұмары,
Тыңда, шайқал, қансын құмарың.

2-куплет: ReeGa
Аяқта Air Force, басымда капюшоун,
Плеерде хип-хоп, қалғаны жәй ғана фон.
Плеері қасында, ReeGa-ның көңілі тоқ.
Мәзірімде хип-хоп, стопты басу ойда жоқ.
Музыка ойнауда, ұйықтап жатсамда,
Анашым ұрыспа, хип-хоп менің қанымда,
Плеерім құтқарады қазіргі қатал өмірден,
Басқа әлемде жүргендей музыка естісем.
Мектеп кезінен жан досым - менің плеерім,
Портфельді ұмытсамда плеерді ұмытпаспын.
Сабақта болсамда мұғалімді естімеймін,
Неге десең бос емес еді құлақтарым.

3-куплет: Maximum
Бұл өлеңнің тақырыбы менің досым жайлы,
Менің досым, ееее, мені тастамайды.
Менде оны тастамаймын әрқашан қалтамда жүред,
Қай жерде жүрсемде маған ылғида плеерім қажет.
Ол болмаса не істеуші едім, жауабын өзім білмеймін,
Ұзақ жолға шыққанда одан жақын дос көрмеймін.
Әрқашанда қасымда күндіз болсын, түнде болсын,
Менің плеерім, аха, менің мәңгілік досым.
One Love! Тек қана хип хап әуенге!
One life! Өлгенше рэппен бірге!
Плеерім менің тек қана хип-хапқа толы,
Қай тілде маңызы жоқ, бастысы рэп болса болды.
Тіпті ұйықтауға жатсамда құлаққапты шешпеймін,
Қай жаққа шықсамда мен, плеерімсіз жүрмеймін.
Ішім пысып отырсада, текст жазу керек болсада,
Әрқашанда IPod деген досым құтқарады, браа!

Қайырмасы:
Плеер – күйзелістен бізді құтқарушы,
Жанымның әлемнен тығылатын панасы.
Абай айтпақшы «Құлақтан кіріп бойды алып»,
Баста капишоун, ритммен шайқалып.


Бұл бизнес...
1-куплет: ReeGa
Бұл бизнес басқаларға ұқсамайтын,
Ақшаңді төле, жасап берем мен күшті fight, ман,
«R» мафака, соңында «А»,
Иә, таныдың, баяғы Айдаһар назарыңда!
Елбасы сияқты жаңа стильді тағайындадым,
Қиратушы сөз күшімен, қалаларды бомбаладым.
Барлығыңда жеңілдіңдер, осыны мойындағын,
Сен боқмұрын, бізге бәсекелес болалмадың.
Жарамадың, сен бұл бизнесті алалмадың,
Ал ReeGa парасатты, сендерге өз рэпін сатты.
Жармадың, рэп-қырылыста шыдамадың,
Таратып ақпаратты, зорладым мен ақ парақты.
Бизнес саған жараспайды, саған жарасады фитнес,
Шіңкілдеген дауысыңмен бұл жерде таппайсың жеңіс!
Айдаһардің жолына тұрма бала, get back, shit!
ReeGa - Айдаһар флоу, рэпім саған хай кик!

2-куплет: ШYNGYS
Қазақтың рэпінің ханын мойындамасаңда,
Сенің жерлестерің айналды фанаттарыма.
Лилипут МСлер жабысып балағыма,
Абалап үріп түскісі келед назарыма.
Мамбет рэпінің өкпесіне түспейді ауа,
Себебі менің қолдарым оның мойынында.
Жанталасып тырысып жатыр тірі қалуға,
Екі қошқардың басы сыймайды бір қазанға.
Қызтекелердің қорғаны тек қана популизм,
Мен келдімде рэпте орнаттым авторитаризм.
Артыңды жыртамын, Don’t fuck with me,
Ice Cube айтқандай «керек емес вазелин!»
Мені құлату олардың барлығына арман,
Мен құласам қазақ рэпте орнайд ақырзаман.
Себебі Шыңғыс ол ғарыштағы Астеройд,
Жолындағы планеталарды келе жатқан жойып.

3-куплет: Maximum
Көре алмайтындар көп бізді, өзінше мойындамайтын,
Бірақ number one-дар кім барлықтарыңды шайқайтын?
Қалаңда концерт жасайтын, толған зал адам жинайтын,
Фанаттарын бір шулатып артынан ақша санайтын.
Мамбет рэпі қайтыс болды «ASH ҚaZaҚ Pro» келгенде,
Зомби МСлер жүр, сасып сол бүкіл елге.
Бізге дисстерін жазып мүшемізге жабысып,
Жауап сұрап біздерден тізерлеп тұр жалынып.
Ал біз болсақ уайымсыз аспанда қалықтап жүрміз,
Қазақ рэптін тышқандарын өлтіретін қыранымыз.
Фэйм бізде жетіп жатыр, BAILEYS-тай оны ішеміз,
Жаңа толқын қазақ рэпке тек қана біз әкелеміз.
Мені жек көретіндер күннен күнге көбеюде,
Топастардың кұрметі үшін тырыспаймын өзгеруге.
Қандай боп бастадым мен, сондай боп қаламын, броу,
«ASH ҚaZaҚ Pro» броу, Maximum-да отты флоу.

Қайырмасы:
Бұл бизнес әлсіздерге жарамайд,
Оған қанша жалбарынсаңда жолың ашылмайд.
Ееее, кеңесімді есте сақта, балам,
Әрқашан жеңеді бірінші шабуыл жасаған.


Жібер
1-куплет: ШYNGYS
Менің жүрегім енді мәңгілік түнек қапас,
Бақыт құсын өзім жерледім, басқасы қонбас.
Түсінбедім қадірін шынайы махаббатың,
Жұмағымды сатып болдым тұтқыны тозақтың.
Сен енді алыстасың, өзгенің бағысың,
Сүйікті жар немесе бақытты анасың.
Ал мен әр таңымды өкінішпен атқызып,
Сені жоқтап күйінішпен күнімді батқызып.
Жіберші мені, уақыт келді сені ұмытар,
Тарихымды өртеп жаңа өмірді бастар.
Жолым болып мүмкін жаңа махаббат табылар,
Сені сүйгендей сүйетініме күмәнім бар.

2-куплет: ReeGa
Қымбаттым, менің махаббатыммен ойнадың,
Сезімнің жалған екенін қалай байқамадым?
Сенің қызыл еріндерің, тұңғыйық көздерің,
Көзіме шөп салғаныңды қалай мен сезбедім?
Сезсемде, байқамаған сыңай танытам,
Еріндерің емдемейді жүрегімді ауырған.
Ұмытқым келеді, тастағымда келеді,
Бірақта жаным сені, ReeGa қатты сүйеді.
Сенімен бола алмаймын, жоғалшы менен алыс,
Бірге болумызды қаламайды жігіттік намыс.
Смс-тер жойылады, өртенеді сүреттер,
Мені ұмыт аяулым, менің жүрегімді жібер!

3-куплет: Maximum
Міне тағы бір өлеңді саған арнап жазудамын,
Болдың мен үшін сағым, болдың ғой менің арманым.
Басқа біреудің бағы, болып соның қасындасың,
Менің жүрегім енді, сүймейді сенен басқасын.
Екі жаққа кеттік біз, бір-бірімізді түсінбей,
Қиындықтарға шыдамай, болашағымызға сенбей.
Қанша сүйемін десеңде басқа жігітті тез таптың,
Ал мен әлі де сағынып сені ойлап қиналамын.
Қанша ұмытқым келседе әлі ұмыта алмаймын,
Қашан уақыт келед екен жаңа парақтан бастайтын?
Осылай болғаны үшін алтыным, мен өкінемін,
Жіберші жүрегімді, жаным сенен өтінемін.

Қайырмасы:
Жіберші мені жіберші,
Махаббатымды қайтар!
Сенің кербез келбетіңді,
Уақыт келді ұмытар!


Ханшайым
1-куплет: Maximum
Сен мені сүйдің білем, мүмкін сүйесің әліде,
Не болсада жаным-ау, бірақ бітті ғой бәріде.
Қателіктер менен болды, мүлдем уақытта бөлмедім,
Cенен сұлу аруды, алтыным, әлі көрмедім.
Сен сағынып күткен кезде басқа жақтарда жүрдім мен,
Басқа қыздарға жабысып, сені ойламадым мүлдем.
Махаббатыңның орнына солармен түнді таңдадым,
Білем басым істемеді мен сені бағаламадым.
Клубтар аралап қыдыру маған сенен қымбат болды,
Түндер бойы жылауменен мененде көңілің қалды.
Маған «ешкім жетпейді» деп білем ойладың ғой сен,
Басқа қонған бақ құсымды жібергеніме өкінем.
Мен саған лайықты емеспін, кешірші мені, күнім,
Бірақ мен сені сүйемін, жаным, мен кеш түсіндім.
Қанша қызбен бірге болып жатсаңда сен түнімен,
Сүйіктіңнің құшағы, бәрібір ыстық екен.

2-куплет: ШYNGYS
Шыңғыс - сен армандаған Ханзада емес,
Қалтасы тесік мінген көлігі Бентли емес.
Бәлкім біреуге мен жұлдыз болармын,
Бірақта сенің қасыңда тілімді жұтамын.
Шын махаббат мені етті ұялшақ.
Менің жүрегім сенің қолыңдағы қуыршақ.
Ойна менімен... маған бұл ұнайды,
Себебі бұл ойын маған үміт сыйлайды.
Сенің мамаңа төмен әлеуметтік дәрежем,
Бір букетке соңғы ақшамды құрбан етем.
Мен үшін бәріненде сенің күлкің артық,
Тарихыңда қалғанша аш қалғаным артық.
Жаным, саған лайықты болуға тырысам,
Теңге жасап, ақ сәйгүлік сатып алам.
Мені сүй сонда мен сені бақытты қылам,
Теңге жасап саған жұмақты сатып алам.

3-куплет: ReeGa
Менің махаббатым таза бұлақ суындай,
Алайда сезіп тұрмын қалам сені армандай.
Ханшайымға ханзада керек дарежеңе сай,
Жүрек сөздерін тыңда, жүрген саған айта алмай.
Мен қарапайым параноик, сені қатты сүйетін,
Ақымақпын мен, сені бақытым деп білетін.
Ұйқым келіп тұрсада ойымда сенің бейнең,
Үлкен бақыт мен үшін сенімен бірге өлген.
Бірақ бақытты болады тек қана киноларда,
Қара кофенің дәмі қалып қойды ұртымда.
Байқашы сезімімді, кісімсініп құтырма,
Сүйемін сені, маған лайықты болмасаңда!
Сенсіз өмір қызықсыз, сыйлашы өмір мәнін,
Жұлдыздарда сөніп қалды, қара бұлтты аспаным.
Бетімнен сүйші мені, сүйші мені, ханшайым,
ReeGa жалғыз сенікі, өмірімді арнаймын.

Қайырмасы:
Сүйші мені ханшайым,
Сүйед сені жігіт қарапайым.
Білемін сатылмайды бақыт,
Махаббат үшін жіберем жанымды сатып.


Жек көрсемде сүйемін
1-куплет: ШYNGYS
Емдей алмаспын жүрегімдегі жарақатты,
Жақсылыққа сенемін көрсемде машақатты.
Жалғыздық құрбандары бақыттарын іздеген,
Ажырата алмай махаббаты секстен.
Кешір мені жаным, суық құшағым үшін,
Махаббат сыйласада үміт бермеді көзің.
Жылама жаным, көз жасыңды көрсетпе,
Бақытымыз басталып бітіп еді төсекте.
Ақынсымақ бұл көз жасыңа лайық емес,
Аймалап еркелетер бірақ ешқашан сүймес.
Жүрегім кетіп еді басқаның уысында,
Сүймесемде сені қия алмаймын басқаға.
Жүрегімнің көз жасы - әрбір жазылған өлең,
Оның махаббаты өлгенде жүрегім өлген.
Ескі махаббат жүрегімде қалдырды мұң,
Кешірші, жек көрсемде оны әлі сүйемін.

2-куплет: ReeGa
Сен сұлусың, бірақта саған құмарлығым жоқ,
Сөніп барады жүрегімде жанып тұрған от.
Жек көремін сені немесе қатты сүйем,
Мен үшін түсініксіз, жауабын іздеп келем.
Жауабын бермейді, мені сүйген еріндерің,
Сен мені емес, жаным, мен сені емдедім.
Сенің жаралы жаның жүрегімді жаралады,
Біздің мына қатынас, айтшы қайда апарады?
Әліде білмеймін сүйдің бе, сүймедің бе?
Егерде кездеспесек, түспес едім бұл күйге.
Телефон соқпа маған, ұмытшы номерімді,
Өлтірсең өлтір мені, айт соңғы үкіміңді!
Аха, мен нағыз махаббаты армандаймын,
Сен мені сүйесің, бірақ сенімен бола алмаймын.
Мен оңбағанмын жаным, мен оңбағанмын,
Жек көремін бе әлде сүйемін сені ұға алмадым.

3-куплет: Maximum
Бірге бола алмадық жаным, өйткені сен солай шештің,
Мәңгілікке жауратты ғой суығы сол күнгі кештің.
Өйткені сен менен кеттің, бірақ себебін білмедім,
Мүмкін басқа жігіт таптың, ал мүмкін мені сүймедің.
Ал мен сүйдім өлердей тек қана бір өзіңді,
Өкінішке орай жаным, болмадық біз бақытты.
Сенің таңдауың сол болды, неге мені тыңдамадың?
Күлге айналды ғой жаным, менің барлық армандарым.
Ұмытуға да тырыстым, сені ойламауға мүлдем,
Бірақ қоңырау шалғанда тірілед жүрегім өлген.
Көтергім келмейд тұтқаны, бірақ дауысыңды сағынам,
Естелікке қалдырдың сен тек жүректі жараланған.
Жараланған жүрегімді еш бір қыз емдей алмады,
Қанша уақыт өтседе жүрегім сен деп соғады.
Жек көремін мен сені, естисің бе жек көремін!
Бірақ айтшы маған, неге жек көрсемде сүйемін?

Қайырмасы:
Жек көрсемде сүйемін,
Тоқтасада жүрегім.
Түссем-дағы тозаққа
Бас ием махаббатқа!


Төзімді бол
1-куплет: Maximum
Өмір қиын, менің тізерлегім келмейді,
Алдымызда не күтіп тұр, оны ешкім білмейді.
Бұл өмірде күреспеген ғана жеңілмейді,
Бірақта күреспеген жеңістің дәмін көрмейді.
Тарихты мен жазсамда, тарихта қалғаным жоқ,
Себебі шабыт сиясы әлі таусылған жоқ.
Жеңілісті де көрдім, талай рухани өлдім.
Сондықтан білем қадірін қолдағы жеңістің.
Төзімді бол, сонда ғана ашылады жол,
Бізді тоқтата алад өлім немесе темір тор.
Бейбіт соғыс ардагері, қолымда MIC,
Толғайды сендерге жырын аты шулы MC!
Мақсат – болған соң мақсатыма жетем!
Maximum болып қалаларды тербетем!
«ASH ҚaZaҚ Pro» – төзімді адал бауырлар!
Бақытқа лайық бәрі, кеудесінде жаны бар!

2-куплет: ШYNGYS
Иә, бәрі жақсы болатыны сөзсіз,
Өлімді ойласамда өмірге ғашықпын ессіз.
Тапаншамдағы оқ – музыка ноталары,
Соқпаймын, бұзамын бақыттын қақпаларын.
Жеңімпаз ешқашан болмайды қанағатшыл,
Шотым толы болу қажет қағаздарға жасыл.
Шаршамадың ба ата-анаңа болып масыл?
Сүмелек болма атом бомбасындай жарыл!
Жеңіліс таппассаң қадірі болмас жеңістің,
Өмірді сүйе тұра өліммен сүйістім.
Достарың көп болсада бәрібір жалғызсың,
Бақытсыз болсаңда сені біреудің бағысың.
Көбелектей бәріміз ұмтыламыз жарыққа,
Қатігез болсақта сенеміз жақсылыққа.
Әрқашан жамандық боп қайтады жақсылығың,
Төзімді бол тоздырады сені тағдырың.

3-куплет: ReeGa
Білемін шаршадың көңілсіз әндерімнен,
Бірақта менің жүрегім жүрмейді әмірмен.
Ардагері емеспін өмір деген соғыстың,
Қатардағы жауынгер, өз өзіммен алыстым.
Адам болған соң қателіксіз болмайды,
Жалған үмітің сені сайтандай арбайды.
Ер жүрек емес, сабырлығана сынбайды.
Тәуекелге бел бумаған бақытты болмайды.
Әлі есімде олардың күлгендері маған,
Рухым сынып, армандарым болды күл талқан.
Әлем түнеріп көңілім қалды адамдардан.
Өз әлемімде мен қамалдым басқалардан.

Қайырмасы:
Төзімді бол, бауырым,
Тағдыр сынайды барлығын.
Жарыққа ұмтыл, досым,
Құдай саған жар болсын!


Қымыз қыз
1-куплет: ШYNGYS
Қане, қане биле,
Қандай секси бөксе!
Қарап тұрып менің ауызым ашылып қалды,
Жүрегіме купидонның жебесі қадалды.
Ай, ай, ойбай!
Мас қылдың қымыздай!
Қане, тезірек құшақташы мені аруым,
Айналып басым құлап қаламын.
Не деген, не деген сұлусың?!
Тфай! Тфай! Тфай! Көз тимесін!
Білесің бе мен тамақ істей аламын,
Сенбейсің бе? Онда қонаққа шақырамын.
Бешбармағымды менің сен қолыңа саласың,
Менің көзіме қарап ауызыңа саласың.

2-куплет: Maximum
Қане, қане, қымыз қыз, неткен, неткен сұлусыз!
Қане, қане ұялмай, жақындап кеп билейміз.
Қолды көтер көкке, бәрімізде бірге!
АЕ, АЕ, АЕ, қане, қане, биле!
Сендей аруды күнім, бірден мен байқадым,
Тек менікі боласың ешқайда жібермеймін.
Кел менің қасыма, билейік екеуміз,
Басқалар қарап тұрмай, ал енді билейміз!

3-куплет: ReeGa
Клуб тура би алаңда, қыздарым қимылдауда,
Періштелер арасында, сен келдің қасыма.
Мас болдым биіңнен, қымыз ішкендей мен,
Жарқырап бұл түнекте, аруым, сен биле.
Ойна, Ойна, қойма, қәне, келші қойныма,
Қәне, биле менімен, тойдыр Аш Қазақты сен.

Қайырмасы:
Киімім «Zara»,
Жүректе жара!
Аруым дара,
Сен маған қара!


Неге?
1-куплет: ReeGa
Бүгін түсімде тырнады тағы жезтырнақ,
Қандай күнәм үшін Құдайым жатыр жазалап?
Қиналып ояна алмай өне бойы түршігіп,
Өкпеме ауа жетпей мен барамын тұншығып.
Алай-дүлей әлемде бәрімыз жалғыздықта,
Өлім күтеді бәрін, кұлды да, бастықты да,
Мүмкін сол үшін уақыт өтеді асыға,
Сатқындықты кешірмеймін мен адал жолдасыма.
Періштемді күтемін жетелейтын алысқа,
Өмірім суып кетті менін суық қаламда.
Алайда тырысамын күшімды толық жинауға,
Жылатамыз біреуді жету үшын арманға.
Неге бұл өмір соншама қатал, кім айтады?
Жауабын іздеп келем, бірак әліде таппадым.
Жарыққа ұмтылам деп караңғы әлемге құладым,
Алайда тұрып мен қайта жарыққа ұмтыламын.

2-куплет: ШYNGYS
Жалбарынамын қол жайып көгіме қарап,
Сен барсың ба өзі әлде Шыңғыс ақымақ
Жек көремін маған жазған сенің тағдырыңды,
Анам сенеді көрмеседе шапағатыңды.
Тырысқанмын әрқашанда болмауға босбелбеу,
Енді күйзелген жаныма болады ма демеу?
Тағдыр тоңқайтпақшы бірақ мен көнбеймін,
Көз жасымды кешіп жоғарыға өрлеймін!
Тарихымды саралап нәтижесін шығардым,
Жазушысы өзің болуың керек тағдырдың.
Жаратушы қиратса да барлық арманыңды,
Әрқашан көтеріп жүр көгіңе танауыңды.
Бұл өмір жалған ба білмеймін,
Білу үшін өлімді мен күтпеймін.
Өлген жүрегім езілмес...
Неге мына өмір қатігез?

3-куплет: Maximum
Қаржылық дағдарыс емес рухани дағдарыс келді,
Оянсаңшы бауырым, тазала көздегі шелді.
Біреу аштан өліп жатса, біреу тойып есіред,
Жаман қызға тырнақ сынған өте үлкен қасірет.
Мұнай үшін соғыстар талайдың қанын төкті,
Тірі кезде құрмет көрмей Шәмші өмірден өтті.
Бақытыңды бағала, себебі өмір қиын,
Тағдырдың жазғанына ешқашанда көнбеймін.
«Неге?» деген сұрақ мазалайды санамды,
Болашақты көрмей тұрмын туннельде қараңғы.
Жамандықтан бәріміз тазалайық ғаламды,
Тапаншаның орнына алайықшы қаламды.
Бұл өмір жалған ба білмеймін,
Білу үшін өлімді мен күтпеймін.
Болсада қатігез тағдыр,
Жеңімпаз болдым мен бәрібір!

Қайырмасы:
Неге өмір қатігез?
Сынайды әркез... Қатал тағдыр неге бізді?

Хэппи енд
1-куплет: ШYNGYS
Сағыныш толығымен сананы қармады,
Сені армандаумен атқызамын таңдарды.
Тарихым емес, болашағыма айналшы,
Үзілген үмітімді менің қайта жалғашы.
Айлы түн, жұлдыздар жымыңдап көгімде,
Аулаңда тағы тұрмын қарап терезеңе.
Отырмын екеуміздің әткеншегімізде,
Ғажайып естеліктер мәңгілік есімде.
Жағымсыз шиқылын тіпті елемеймізде,
Құштарлы сүйісу еріндерім ерніңде.
Бірақта ертегімде болған жоқ хэппи энд,
Ернім басқаны сүйседе жүрек сені сүйед.

2-куплет: Maximum
Сенімен кездескенде бұлай болад деп ойламадым,
Не болғанын түсінбедім, мүмкін ғашық болғаным.
Өмірімнің мәні болдың, әрбір сәт сенімен қымбат,
Саған деген сезімімді отырмын осылай жырлап.
Түсім бе әлде өңім бе, әліде сенбей жүрмін,
Қанша ауырып қиналған тыным тапты жүрегім.
Сенің сұлу көздерің, неткен керемет күлкің,
Сенімен бірге боламын, жаным, сені сүйемін.
Басымдағы ойларымның бәрі ,алтыным, сен жайлы,
Сені көргенше асығып жүрегім тыным таппайды.
Мәңгілікке бірге болып бәрі болар керемет,
Үмітенем жаным менің боларына хэппи енд.

3-куплет: ReeGa
Гүл бітпеді неліктен махаббатымызға?
Хэппи енд болмады біздың арамызда.
Бүгін алғашқы рет қар жауды қаламызда,
Екеуміз екі жақта бақыт табамыз ба?
Мен сені сағындым, өте қатты сағындым,
Әлемім сұр, ауа райындай Алматының.
Қайда жүрсемде келбетің сенің көз алдымда,
Анда-санда болсада мен жайлы ойлайсың ба?
Қазір маған жұбаныш темекінің түтіні,
Жүрегімді жаралады тағдырымның үкімі.
Сен мені сүймедің, тастадың мені жалғыз,
Сен болмасаң қажет емес маған басқа қыз.

Қайырмасы:
Қанша уақыт өтседе
Жүрмін сені ұмыта алмай.
Ертегіге сенбесемде,
Күтемін мен хэппи энд.