Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

"Сүйікті құлы Алланың" [2011]


Анашым сияқты
Түсініксіз, расында бәрі түсініксіз,
Лас бола тұра қалаймыз сезімді кіршіксіз.
Өзгергім келеді мүмкіндік бермейді өмір,
Жігіт жыламайды бірақ жүрек емес темір.
Білесің бе мына Алматы өте суық...
Түбегейлі лапылдап жатса да жанып.
Күйіп кетіп еді жалынына бүкіл тәнім,
Өне бойымды ауыртады аймалағаның.
Түсініксіз расында бәрі түсініксіз,
Бақытым болмасаңда болашақ жоқ өзіңсіз.
Тапаншамдағы қалған жалғыз оғым сен үшін,
Өлтірші мені, тірідей жерлемегін.
Сенің құшағыңнан ыстығырақ қара жер,
Қорлай бермеші мені қолымды жібер.
Мен сені сүйемін, бірақта жек көрем,
Мұңымды шертті осы түсініксіз өлең...
Менің өлеңдерім болса саған түсініксіз,
Бірақта өзімді данышпан деп атай алмаймын.
Анашым сияқтымын екеумізде қырсықпыз,
Шайқаста жеңілсемде мен шегіне алмаймын.


Сүйікті құлы Алланың...
Шынымды айтсам ойладым баяғыдан,
Бүкіл адамзат жаралды деп маймылдан.
Бірақ сені көрген соң пікірім өзгерді,
Дарвиннің айыбы жоқ ол сені көрмеді.
«Сүйемін сені» мұндай сөздерден сен жалықтың,
Сүймесеңде мені бәрібір өлмес үмітім.
Бәлкім сұлулық әлемді құтқарады,
Бірақта менің әлемім өртеніп барады.
Құтқаршы әлемімді мен саған жалынам,
Жүрегімнің кілтін тек саған ұсынам.
Менің кілтім көптің бірі коллекцияңда
Махаббатыңды тілеп жалынамын Құдайға.
Бәлкім бұл сөздерім ұнамас молдаларға,
Сүйемін сені түкіргенім бар басқаларға.
Болған шығар бабаларымыз маймыл тәрізді,
Сенемін Құдай жаратқанына сол қызды.

Қайырмасы:
Айтшы маған, жаным,
Кімнің бағы болып жаралдың?
Сені қондырған қолына,
Риза болар Құдайына.
Айтшы маған, жаным,
Кімнің бағы болып жаралдың?
Сенің жүрегіңнің иесі,
Сүйікті құлы Алланың.

Сенің көркің әлемді құтқара алады,
Сұлулығың атеистті иманды қылады.
Тұтқының болайын бересің бе мүмкіндік?
Сенсіз қажет емес маған мына еркіндік.
Шыңғыс – білем бұл есім саған таныс,
Ұлы сезімге ұласса ғой таныстығымыз.
Болшы менің болашақ ұлымның анасы,
Өмірімнің мәні жүрегімнің жартысы.
Труман қатыққа мұқтаж, ал мен саған,
Сені ренжіткен айырылады жағынан.
Білем Періштенің теңі емес күнәһар,
Сенің суықтығың Алланың тозағы шығар.
Маған бәрібір көз алдымда бір мақсат,
Жүрегіңді бағындыру Төлеген ұқсап.
Ұрпағы адамдардың маймыл тәрізді,
Шынайы сүйеді Алла жаратқан сол қызды.


Мені іздеме
Жалықтым... мойындаймын расында,
«Шыңғыс өліп қалды» деген жаман сыбыстардан.
Егерде мүмкіндік берсе бастауға басынан,
Өзгертпеймін жасаймын жасағынымды қайтадан.
Мені сен іздеме, өзім келем саған,
Бауыр болсаң құрмет жолдаймын сахынадан.
Сенің қалаң... менің де қалам,
Тыңдармандар сұрап жатса тағы келіп қалам.
Мен үшін пиарды қуалау заманы өтті,
Сондықтан көрмеймін балаққа жабысқан итті.
Қаптаған гангстер... атып кетеді бәрі,
Баскесеріміздің жасы он алтыда небәрі.
Джихангер ака Қазақ рэпінің ханы,
Қолдарыңды көтер шашып жатқандай ақшаны.
Шыңғыс! Аруларды құшағына қысады,
Олар тауықтай жұмыртқаларымды басады.

Қайырмасы:
Мені сен іздеме, келем сенің қалаңа,
Бесті берем саған қолды соз сахынаға.
Аш Қазақ Про – қазақ рэпінің тұмары,
Дұшпанды жақтан аруларды арттан ұрады.

Саған қажет пе шыныменде менің өлгенім?!
Онда дұшпаны екенсің сен қазақ рэпінің.
Қазақ рэпі тек қана қазақтарға қажет,
Қазақ рэпі өсті дәлел барлық біздің концерт.
Артымнан лағынет айтып жатқанда олар,
Бірте-бірте қарусыз бағына бастады қалалар.
Жігіттерді қоя бер маған маңызды арулар,
Сараң емес олар құрметін ғана бере қояр.
Хендз ап! Қане лайықтыны қолдаңдар,
Сендерді тербейтін Қазақстанда басқа кім бар?!
Уау, қандай сұлу қазақ арулары,
Барған қаланың бәрінде жүрек жараланды.
Барлығыңа... ресми хабарлама,
Мені іздесең барамын сенің қалаңа.
Концертімізде абай бол шайқалғанда,
Миың шайқалып түсіп кетесің ауруханаға.


Неге үйім қап-қараңғы?
Неге үйім қап-қараңғы, жүрек жалғыз?
Иығыма менің жабысқан нендей қарғыс?
Шамы жанып бағаналар отыз қарыс
Көрінеді тереземнен бірақ алыс.
Неге үйім қап-қараңғы, жүрек қорқақ?
Жылы үйде неге болдым мұнша тоңғақ?
Көз жасымды бетімнен аққан домалап,
Болса да ащы отырмын жұтып ұрттап.
Неге үйім қап-қараңғы, жүрегім тас?
Қаусаған тәні қариядаймын болсамда жас.
Періште қалай болайын әлемде лас?
Өкінбеймін, күнәһармын бәріне қас.
Неге көгімді көк емес қара түс көмкерген?
Күннің орны қара нүкте. Оны кім сөндірген?
Рахмет жігіттер жақсылыққа сендірген,
Өздеріңнің көздеріңде нышан жоқ үміттен.

Қайырмасы:
Неге үйім қап-қараңғы, тас қараңғы?
Тереземде күзгі көше сол баяғы.
Шығыстан күн атып шығып жарқырады,
Менің күнім айтшы қашан атылады?

Неге үйім қап-қараңғы, жүрек жетім?
«Күрең күз» деп әлемімді менің күз қып кеттің.
Білемін сезімін жерге түскен жапырақтың,
Сарғайдым, ал сен суық жаңбыр себелеттің.
Неге үйім қап-қараңғы, жүрек зарлы?
Көкірегімде менің мәңгі аяз лаулайды.
Өтінемін айтпашы маған бақытың жайлы,
Себепкері сен егер келсе рухтың ажалы?!
Армандарым, мақсаттарым үшін діттеген,
Қарамаспын өлігіңнен сенің аттап кетем.
Ойлайсың ғой мұндай болып қайда жетем?!
Оны сұра бесіктен мені тербеткен.
Өлеңді жазады деп ойлайсың ба сиямен?
Әр сөзімді ызалана жазамын қанменен.
Бұл заманда намыс бағаланған ақшамен,
Жүрегімді мен ауыстырғанмын таспенен.


Бөпе
Өмір емес махаббат өте қатігез,
Алайда сенсіз маған өмір қажет емес.
Қоңырау шаламын бірақта сен алмайсың,
Смс жазамын бірақ жауап жазбайсың.
Бәлкім жұмыстарың көп қолың босамай,
Далаға шығып кеттің телефоныңды алмай.
Сенші маған жүрегім басқаны сүймейді,
Сүйген жүрек... махаббатқа сенбейді.

Қайырмасы:
Сүйемін сені, Бөпем,
Сүйші мені ернімнен.
Соңғы демім қалғанда,
Өлейін құшағыңда.

Қайда болсаңда артыңнан еріп барамын,
Жоғалып кетсеңде бәрібір тауып аламын.
Гүлдетті әлемімді сенің құдіретің,
Бақытқа зар болғандықтан білемін қадірін.
Бөпетай, менің кемшілігім өте көп,
Өзгеремін, себебі сенсіз болашағым жоқ.
Саған ғашық көп жігіттердің бірі болсамда,
Жараламашы жүректі тұрған уысыңда.

Шынайы махаббат әкеледі өмірге,
Үлкен бақытты тіпті қасіретті де.
Менің сенімен бақытты болғым келеді,
Алайда махаббаттан қорқады жүрегім.
Сенің махаббатың үшін мен күресем,
Қажет болса жанымды сатып жіберем.
Ешқашан ешкімнің алдында бас имесемде,
Жүректің құлы басын иеді тек өзіңе.
Білемін түні бойы жатасың мені ойлап,
Ал мен күтемін, смс-іме жауап.
Ескі махаббат жүрегімде қалдырды мұң.
Қайырлы түн, жаным, қайырлы түн...


Әлдиле сәбиіңді
Тағдырының табалдырығын аттағалы,
Есін әлі білмеседе өмірі қаралы.
Қу жетім анасы тірі болсада,
Бірақ анасыда бала жасы он алтыда.
Үлгерімі төмен, бармайды мектебіне,
Ғұмыры өтті көңіл көтеру кештерінде.
Жігіті оны шынайы сүйді ме белгісіз,
Жүкітілігін білгенде жоғалып кетті із-түссіз.
Жүктілік тыртық емес жасыра алмайсың ұзақ,
Ата-ана теріс айналды күйзеліп шаңырақ
Қасіретіне іштегі сәбиін айыптады,
Алайда түсік жасатуға дәті бармады.
Толғағы жетіп тоғыз айда туылды сәби,
Ешқашан естімес туған анасынан әлди.
Енді оның панасы ызғарлы жетімхана,
Анасы сатқан адал бола ма Отанына?!

Қайырмасы:
Сүйінші, қарындасым,
Енді сен Анасың...
Сыйлаған соң өмірді,
Әлдиле сәбиіңді...

Айтшы неге қатігездікпен егіз болдық?
Өзімшілміз басқаның өміріне түкірдік.
Бір подьезде тұрсақта көршіні танымаймыз,
Адам болуды емес бай болуды қалаймыз.
Жігіттер, айтыңдаршы маған неліктен?
Әке болған соң қаштың жауапкершіліктен.
Сүйгеніңді сүй, сәбиіңді тастама,
Тәрбиеле сарбазды адал Отанына.
Қыз болса еркелет аяма жылуыңды,
Себебі ол анасы болашақ жауынгердің.
Бауырым, сүйгеніңді жылатпашы,
Ол біреудің қызы немесе қарындасы.
Бауырым, ойланып бас әр қадамыңды,
Шатастырып алма бақыт пен құмарлықты.
Айтшы қане сезбеген махаббатын ананың,
Қалайша сүйеді екен туып өскен Отанын?!


На на на
Сені іздеймін осы үлкен суық қалада,
Себебі мұқтажбын мен шынайы махаббатқа.
Есімің белгісіз білмеймін келбетіңді,
Кездескенде сезермін жүрекпен жүрегіңді.
Арманым сені табу яғни бақытты болу,
Жалықтырды мені мына жалғыздықта тоңу.
Білесің бе шаршатты мені қуыршақтар,
Сүйгім келед ерекше аруды жүрегі бар.

Қайырмасы:
Аяулы На на на!
Бақытым сен ғана.
Көгімнен жарық боп,
Айналшы бағыма.

Күйінішке баттым себебі жүрек көрді жәбір,
Сондықтан жаным қапаста қамалған Минотавр.
Махаббатқа мүлдем сенбейтін қатігез романтик,
Үміт әле батпады батып кетседе «Титаник».
Аяулым, егер шынымен сені тапқанда,
Құшағыңда болмасада ең болмаса босағаңда
Өлейінші... тастамашы жалғыздықта,
Келбетімді ұмытсаңда атымды ұмытпа.


Не болды?
Салам, бауырым, танығаныңа рахмет,
Түсіндім саған керек менімен сурет.
«Жанкүйермін» дейсің көрсетіп маған құрмет,
Бірақ қызық сенің жатқаның орысша сөйлеп.
Мен қазақпын жәнеде рэпімде қазақша,
Қазақ рэпті тыңдайсың бірақ тірлігің сатқынша.
Жарайды, бауырым, ренжіме артық айтсам,
Концертіме келсең жетіледі қазақшаң.
Сатқынсың алып «Болашақ» стипендиясын,
Аларыңды алып елден соңында сатасың.
Қазақтығыңнан ұялып Боратқа кінә артасың,
Қазақ тілін білмесең қалайша қазақ боласың?!
Мәңгілік ештеңе жоқ бауырым түсін,
Ұлы Рим империясынан қалды жүз шақты мүсін.
Ежелгі Колизей қаны төгілген талайдың,
Қазір туристтердің жәй ермегіне айналды.
Енді сен құл емессің Қазақстан тәуелсіз ел,
Бабаңның тілінде сөйле боласың сонда кемел.
Ұлтшыл емеспін бірақ халқымның хәлі мүшкіл,
Орыстар емес, бро, мәңгүрттер бізге кесір.
Сонымен қатар вахаббиттер, салаффиттер,
Осылар сияқты жәнеде басқада иттер.
Көзіңді аш араб болма, қазақ бол,
Қор болмасын бабамыз салған сара жол.

Не болды? Не болды саған?
Тіліңнен ұялғаның ұялғаның анаңнан.
Не болды? Не болды саған?
Лайықты емессің тіпті соққыға жағыңнан.
Не болды? Не болды саған?
Жұмаққа түседі ме террорист өзін жарған?!
Не болды? Не болды саған?
Сендейлерден елдің көңілі қалад Исламнан.


Жаным, маған ұрыспа...
Сенімен танысқаныма міне бесінші күн,
Аз ғана уақыт ішінде болып кеттің жақын.
Тамыз, 2011, Рамазан айы,
Ол ерекше ару ораза ұстайды.
Жасы менен кіші, өзі сондай тартымды,
Бәлкім осы ару мен үшін жаратылды?!
Томпағым менің мінезің сондай қырсық,
Мұқтажбын саған сондықтан жатырмын асығып.
Құштар емеспін басқалардай сенің тәніңе,
Онда неге ұмтыла беремін ерніңе?
Маған дейін сенімен кім болды маңызы жоқ,
Маңызды осы түні құштарлықтан жанған от.
Сенің ыстық тәнің, тәтті еріндерің,
Ыңырсыған дауысың және аққан терің.
Нәп-нәзік қолдарың аймалайды арқамды,
Ыстық демің мені одан сайын қоздырады.

Қайырмасы:
Ренжіме, жаным маған ұрыспа,
Бейбітсүйгішпін мен құштар емес соғысқа.
Бәрін ұмыт тәттім, келші құшағыма,
Көзіңді жұм апарам ләззат аралына.

Кинотеатр. Отырмыз кино қарап,
Ол кино қараса мен отырмын оған қарап.
Кішкене жақындап шаштарынан иіскеп,
Осы кезде біздің көздеріміз кездесед.
Құштарлық алауы жүрегімде лапылдап,
Қозғаным ба әлде бұл шынайы махаббат?!
Махаббат екеніне менің сенгім келеді,
Алғашқыдай... ессіз сүйгім келеді.
Кешірші мені Шыңғыс өте шыдамсыз,
Тоңып барамын суық әлемде құшағыңсыз.
Күнім-ау енді көздеріңе линза тақпа,
Әп-әдемі қоңыр көздеріңді жасырма.
Білесің бе сенің көздеріңе мұқтажбын,
Беймаза қылып тыныштығымды ұрладың.
Менде сен сияқты қорқамын махаббаттан,
Шынайы махаббат бар ма мына өмірде жалған?!

Түсініксіз бір сезім баурайды жанымды,
Білмеймін сүймейтінімді сүйетінімді.
Ара қатынас толыққанды басталмасада,
Екеуміз кірісіп кетіппіз ғой ұрысқа,
Жаным маған ұрыспа, жаным маған ұрыспа...


Сенің «қыздығың»...
Періште емеспін пәктігімді сатқанмын,
Қарабет бола тұра қалай талап қоямын?!
Түсінші қызықтырмайды мені қыздығың,
Сені сүйіп және мәпелеу менің парызым.
Алғашқы жігіт болмасамда құшағыңдағы,
Соңғы рет секілді атқызайық осы таңды.
«Қыз» емес екеніңді айта бермеші енді,
Естігім келмейді бұрынғы жігітіңе өкпеңді!
Бәрін ұмыт, Шыңғыс сенің болашағың,
Мойынымнан сүйіп, жалған үміт сыйладың.
Құшақтасып ысқылап тәніммен тәніңді,
Құштарлық әуені екі бітіп аяқталды.
Таң атты, көз ілмей қараймын жүзіңе,
Ғашық болып қалғандаймын күнәһар періштеге.
Ояна ғой, жаным, жымишы маған бір рет,
Қыздығың емес маған сенің жүрегің керек.

Қайырмасы:
Мен емес алған қамалды бәрі армандаған,
Өзгенің әскері бұрын оны жаулап алған.
Жауап берші маған, қандай менің жазығым?
Маңызды емес мен үшін сенің жоқ қыздығың.

Білемін көңілің қалған сенің жігіттерге,
Жылу сыйлағым келед мұз қатқан жүрегіңе.
Сүймесемде неліктен мен саған мұқтажбын?
Мазаламайды еш мен алмаған қыздығың.
Сенбейсің маған, мені ойнап жатыр деп қорқасың,
Пәк болмағасын ойлайсың жеңіл деп көзқарасым.
Сенбесең маған айтшы неге телефон шаласың?
СМС жазасың, құшағыма ұмтыласың?
Мүмкіндік бер емдеймін жаныңның жарасын,
Дәрі қып тамызам жүрегімнің көзжасын.
Кока-коланы араласытырып вискимен,
Сен менімен, ал мен сенімен сыр бөлісем.
Жамылған көрпеңді ашып қараймын көркіңе,
Тамсана қараймын жалаңаш сұлу тәніңе.
Ояна ғой, жаным, жымишы маған бір рет,
Қыздығың емес маған сенің жүрегің керек.
Сен мен үшін «Маруся» немесе «Мапуся»,
Маған еркелейсің, мені «Папа» дейсің.
Ләззатқа бірге батсақта махаббат бермейсің...
Неге менің жанарымнан махаббат іздейсің?


Мен өлгенде...
Мен өлгенде жыламаңдар ешбірің,
Жүргейсіңдер естеріңе алып әрбірің.
Өлімменен жеңе аламын ба жан мұңын?
Болар бәлкім түсінбеймін өмір құнын.
Қараңғылық болды мен үшін қарапайым,
Күнді қайтем батқан болса толған айым?!
Шамдар сөнген Даңғылында Абайымның,
Дәл осы сәт айнасы ғой жан жәйіның.
Күрсінемін тұрса да тәнім ән салып,
Көз жасыма тұншықтым-ау мен қақалып.
Ұмытпаңдар жүрегімді сүйген ессіз,
Күлгенімді көздеріммен үмітімсіз.

Қайырмасы:
Ұмытпаңдар жүрегімді сүйген ессіз,
Күлгенімді көздеріммен үмітімсіз.
Жүрегімнің көз жасы ақты тамшылап...

Мен өлгенде жылайды менің анашым,
Қайбір ана өлімге қисын баласын?!
Өмірдің құнын білмеймін ақымақ болғасын,
Жүрегім темірге айналды ма? әлде қорғасын?
Менің пікірлеріме сеніңде бар таласың,
Өмірді көрмей өлімнің айтасың мәнісін.
Жердегі жұмақты іздеймін Асан қайғыдай,
Қорқып өлімнен қашпаймын Қорқыт Атадай.
Мәңгілік өмірімнің кепілдігі - өнерім,
Бөлшектері жүрегімнің әрбір өлеңім.
Мен өлгенде қазағымның барлық үйінде,
Болады менің ізім кем дегенде плеерде.
Мен өлгенде орындашы тілегімді,
Құлпытасқа қойшы бақытты суретімді.
Соңғы рет қабіріме тастаңдар топырақ,
Шыңғыс сендерге құлпытастан күліп тұрад.


Армандарым
Арманым болды Қазақ рэпінің Ханы болу,
Ханы болдым, арманым арымды сақтап қалу.
Басы бардың аяғы бар бәрі де бітеді,
Фильмнің соңын Шыңғыс қорқынышпен күтеді.
Арманым бар нағыз сүйгенімді табу,
Махаббатқа бөлеп өте бақытты қылу.
Әлемдегі ең нәзік жар Шыңғыс болады,
Аяулымның бар өмірі қуанышқа толады.
Арманым бар інімнің көңілін қалдырмау,
Көңілін қалдырдым, енді мұны қайталау.
Сөз берем ең жақсы аға болуға тырысам,
Кешір мені махаббатымды көрсете алмасам.
Арманым бар Қазақ рэпін Әлемге паш ету,
Қазақ сөзімен негрдің де басын тербету.
Біздің рэпті тек қана қазақтар тыңдамай,
Бүкіл ғаламшар тыңдаса бастарын шайқай.

Қайырмасы:
Армандарым бар менің,
Құдайымнан тілеймін.
Адастырма жолымнан,
Тек саған жалбарынам.


Бұл рэп
Микрофон жалаңаш арудай қоздырады,
Тәніммен қоса жанымда оған ұмтылады.
Шабыттана бірнеше шумақ оқылады,
Осылайша Шыңғыс айызын қандырады.
Менің рэпім өте сұлу және қызғаншақ,
Ол болмаса мен үшін тұманды болашақ.
Менің рэпім қатігез және қаныпезер,
Дұшпандарымды сөз қуатымен басып езер.
Құтылмайсың, құтылсаң құтылғансың әзер,
Сондықтан хоуми, қарсыласпағын бекер.
Менің сөзім талайдың санасын төңкерді,
Хан болғандықтан жасаймын сендерге өктемдік.
Қызылға боялса да аяқ астындағы қар,
Менің көкжалдарым ойынды жалғастырар.
Менің рэпім өлмейді Пайғамбар хадисіндей,
Себебі жасадым Қазақ Рэпін еліктемей.

Қайырмасы:
Бұл рэп – мыңдаған басты тербететін,
Бұл рэп – мыңадаған сана төңкеретін.
Бұл рэп – бүкіл ғаламды көмкеретін
Бұл рэп! Е! Бұл рэп!


Құдайға шүкір...
Міне келді көктем ызғарлы қыс бітті,
Бірақта бәрібір қырау басты жүректі.
Алғашқыда мұндай өмірді қаламадым,
Мүмкін қорықтым... бата алмадым.
Бәлкім сендерге Шыңғыс жүрген бір ақымақ,
Бірақта Абылай Ханда болды ғой Сабалақ.
Қалтам тесік банктегі шоттарымда ноль,
Атамның жолын қуып сүйген асым алкоголь.
Ешкімді өлтірмесемде неге қолым қан?
Сәби болғым келеді күнәға малынбаған.
Күлкілі, бұл жәй ғана арман,
Өмір – соғыс, біз сарбазбыз қаруланған.
Бұл соғыста менің көргенім тек жеңіліс,
Толыққанды емес, жәй ғана шегініс.
Үміттің ұшқыны сөніп қалса да көзімнен,
Не болса да, өмірім, мен сені сүйемін!

Қайырмасы:
Өртеген өкінішіме шүкір!
Мұңға толы өнеріме шүкір!
Жаралы жүрек үшін шүкір!
Құдайға шүкір...

Алматы – тірілердің зираты,
Талайлардың өмірін бұл қала қиратты.
Панельді үйлер, өртенген армандар,
Бетонды орман аң орнына адамдар.
Кенеттен естеліктер санама лап қойып,
Балалық шағым жаралады жанымды ойып.
Құрдастарым жүргенде ойнап-күліп марқайып,
Ал мен кеттім уақытынан ерте қартайып.
Білсеңдер ғой оны қалай сүйгенімді,
Сезімнің жалынды тозағына күйгенімді.
Соңғы хатын оқымадым бірақ сақтаулы,
Ғайып болдың, ал менің бақытым байлаулы.
Телміріп жансыз аппақ қағазға,
Жүрегім үйреніп қалды ғой жалғыздыққа.
Білемін бір күні қауышамын өліммен,
Бәрібір өмір, мен сені сүйемін!


ШYNGYS осындай
Шыңғысты мақтамаған соң өзін өзі мақтайды,
Ондай болса неге қазақ рэпі оған тоңқайды?
Қолыңнан келмейтін нәрсені жасауға болмайды,
Ұятсыз өнерсіздер Шыңғысқа ұнамайды.
ASH ҚaZaҚ Pro-ның қыраны неге биік самғайды?
Себебі оның қанаттары болаттай қатайды.
Рэптеріңді салыстырсақ сенің рэпің тұрпайы,
Неге бұлай? Себебі оны Алла қолдайды!
Ру-руға бөлінуді неге Қазағым қоймайды?
Мұны доғармасақ Отанымыз бытырайды.
Айдаһар мен аю жерімізді былғайды,
Бірақта Шыңғыс Хан мұны болдырмайды.
Ұйықтамай күні-түні терлетіп маңдайды,
Ана тілдің мәртебесін көтеруді ойлайды.
Бәрін құрбан етіп қыздарға да бармайды,
«Шыңғыс осындай» деп сыраны ұрттайды.

Қайырмасы:
Шыңғыс – бұл есім баршаңа таныс,
Күнәһар ғой іздеген атақ пен табыс.
Біреуге серіктес жасайтын ортақ іс,
Ал біреуге дұшпан шайқасатын аяусыз.

Қазіргі заманда Хан деген атақ күлкілі,
Ондай болса да шаралар жасады дүбірлі.
Шыңғыстыкы поп та емес, рэп емес, біртүрлі,
Стилі тұрақсыз, дауысы да әр түрлі.
Көп адамға Шыңғыс дисс арқылы танылды,
Халық өз еркімен оны Хан етіп сайлады.
Ол келді де МС-лердің бағын байлады,
Сөйтіп Шыңғыстың дәурені орнады.
Бұрынғы мәмбет рэпін аяусыз таптады,
Дұшпандарын қамап есіктерін құлыптады.
Патша-жауынгер қанды жорықтағы,
Қазақ рэпін әлемдік етуге тырысады.
Рэпте Салаһаддин болып соғысады,
Сондықтан дұшпандары ойсырай қашады.
Бәрібір болса да көп өмірдің машағы,
«Шыңғыс осындай» деп сыраны ұрттады...


Пойызда
Пойызда екі орындық купе,
Тамақ қалдықтары шашылып үстелде.
Құлағымда хип-хоп терезеге үңіле,
Қараңғы түн, алыстан тек оттар көрінед.
Кім білген өмірдің осылай боларын,
Кеше сияқты веб-микрофонға оқығаным.
Болмасада «жұлдыз» деген мөрі кеудемде,
Апта сайын жолда қалаларды тербеуге.
Есікті ашып купеге кірді жігіттер,
Қолдарында сыраға толы пакеттер.
Жолсерік келіп шуламауды өтінді,
«Уайымдама, аға, мазаламаймыз ешкімді»
Таң атты, ал біздің ауызымыз жабылмай,
Көршілес купедегілердің бәрін ұйықтатпай.
Терезеден сол баяғы жазық дала,
Қарнымыз ашты түк қалмады дастарханда.
Осы жігіттер маған туған бауырдай,
Олармен барамын өлімгеде алаңдамай.
Бір-бірімізді қолдасақ Тәңірде бізді қолдар,
Сыра таусылды тағыда барып қайтыңдар.


Қазақ Рэпінің Ханы (2011)
Алдыңда Қазақ Рэпінің Ханы басыңды и,
Ескі хиттің жаңарғаны жатыр ма білінбей?
Бүкіл Қазақстанды шайқаған тректің әуені,
Саған таныс сондықтан қолың көтерілді.
«Робот сияқты оқисың» деп еді талайы,
Бұрынғы дұшпандар қазір артымды жалайды.
Эй, иоу, тарихты әрқашан жеңімпаз жазған,
Сондықтанда менің қолымда әлі қалам.
Арулар, қане-қане биле,
Қарап ләззат алайын бөкселеріңе.
Джихангер сахналарыңды өртеуде,
Құрметпен әрқашан келемін сенің өлкеңе.
Қазақ Рэпінің Ханы – бұл әйгілі брэнд,
Қуатты іргетас қазақ рэпін тұрған тіреп.
Мақаулар әлсіздігін дінімен бүркемелеп
Жатқанда бизнеске айналды балалық рэп.

Қайырмасы:
Қазақ Рэпінің Ханы – Бұл ШYNGYS!
Қазақ Рэпінің Ханы – Тек қана ШYNGYS!

Қазақ рэпте ардагермін дауысым классика,
Бәсекелестерді арудай тақап бұрышқа.
Жеңімпаз қыздарды қоздырады дұрыс па?
Қыздардың бәрі шыққысы келеді маған тұрмысқа.
Тыңдарманым, жауап берші мына сұраққа,
Маған дисс жазғанның біреуі барды ма алысқа?!
Қақтығыстарда сақтадым жігіттік қасиетті,
Қазақша сомдадым қара нәсілді өркениетті.
Бір ақиқатты айтып едім саған бұрында,
Маған дейін қазақ рэп болушы еді малқора.
Мен келіп көрсеттім деңгейді мырқымбайларға,
Мақтанамын қазақ рэпін жаратқаныма.
Мақау емеспін дініммен сені тәрбиелеп,
Бұл рэп... жәй ғана рэп.
Мәңгілік хиттің жаңартылған нұсқасы,
Қайтадан шайқап жатыр қазақтың даласын.
Бөлінбе бауырым, біреу Отанымыз,
Қанекей көкке көтерлсін қолдарымыз!
Оңтүстік, батыс, солтүстік, шығыс!
Сендермен болған Қазақ Рэпінің Ханы – ШYNGYS!