Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

"Пайғамбар. Жүрегімнің көзжасы" [2011]


Жігіт жыламайды...
Зейін салып сараласам ғұмыр сүрген уақытты,
23-тің 2-ақ жылы болған екен бақытты.
Құнын білмей, бағаламай қолымдағы жақұтты,
Өткеніммен өмір сүріп місе тұтам сарқытты.
Бейшараға айналғаным жоқ аяқ астынан,
Анашым, мен бақытсызбын туылғаннан.
Расында мүмкін есалаң шығар сенің балаң,
Әкетай, шаршадым мен жасырынудан.
Күйініштің жалыны өшпейді алкогольге,
Жүректің көз жасы шөлді айналдырды көлге.
Қара шаңырағым - қасіретімнің отаны,
Сондықтанда ұнатпаймын ол жаққа барғанды.
Қатігезбін себебі өмір болды қатігез,
Күшті болып шаршадым себебі жүрек тас емес.
Қателеспе бұл менің тағдырыма өш емес,
Бұл менің жүрегімнің көз жасы... yes…

Қайырмасы:
Қуаныштан жылаймын, күлемін қайғыдан,
Шабытты ауыздықтай алмаймын аласұрған.
Қуаныштан жылаймын, күлемін қайғыдан,
Жігіт жыламайды, бірақ жігіт те адам...


Пайғамбар
Жансыз жүрек енді қалай жанын таппақ?
Тұралады алғандықтан жойқын соқпақ.
Көзім соқыр көрінеді бәрі де сопақ,
Айтшы неге қирады сезім ортақ?
Е, қараймын мен сенің көзіңе,
Айтшы қашан жанарың тұнады сезімге?
Егер алмасаң махаббаты сезіне,
Айтшы маған қане өмір сүресің несіне?
Е, айтшы неге қарайсың көзіме?
Менде сендей пендемін келген бұл өмірге.
Мақсатымнан армандарым көп сияқты,
Ар арманым артымнан қалдырсам тұяқты.

Қайырмасы:
Сезімнің Пайғамбары – Жаныңды құтқарады.
Сезімнің Пайғамбары - Әлемді құтқарады.
Е, Шыңғыс.

Күлкілі сенетіндер қасиетті кітапқа,
Қорқатындар сөздерден жазылған ақ параққа.
Таппайсың ешқашан Құдайды қағаздан,
Болса да онда Алла туралы жазылған.
Менің жүрегім бұл, бұл менің Құраным,
Бұл менің мешітім, бұл менің қорғаным.
Е, бұл менің тілегім бәріңе,
Сеніңмің ешқашан бөгет болмасын еркіңе.
Айдың қара шуағы – жанымның жартысы,
Менің мойынымда сүйіктімнің қарғысы.
Ұтылдым дұшпандарыма болып таба,
Қамалдым есігімді ешқашан қақпа.
Қатігездік барша әлемді жайпады,
Айтыңдар, махаббатты кім құтқарады?
Мен білемін бұл сұраққа жауапты,
Ол сенің жүрегің – Сезімнің Пайғамбары.


Бір күн
Оятқыш шырылдап көздерім ашылды,
Ең бірінші еске түсіремін Ботақанды.
Ботақанды гүлдеткен тағдырымды,
Ұмытпаймын бірге болған әрбір күнімді.
Бүгін жексенбі, демалыс,
Жата бермей тұрып қане жуынамыз.
Содан соң жұмыртқаны дайындаймыз,
Өкінішті өте таңертең астанған жалғыз.
Бір кесе кофені алып отырдым диванға,
ТВ-ді қосып қойдым сүйікті арнама.
«Спанч Боб» және «Хей, Арнольд»,
Осы мультиктерді көрсетемін балама.
Күндіз жәй жігітпін жаралы жүрегі,
Кешке Рэп Ханымын қаһарлы жүрегі.
Досына айналдырған парақ пен қаламды,
Сырласына айналдырған микрофонды.

Қайырмасы:
One day өмірімнен,
Бір күн өімірмнен.
Бөлігін әлемімнің,
Сезін жүрегіңмен.

Жалғыздықтан тұншығып тарылып тынысым,
Жалғандықтан шаршадым, бәрі де құрысын!
Жалған жымию, жалған қуану,
Жалған бақыттылық, жалған жұбану.
Түнгі қала оттары мені еліктіріп,
Бәрібір маған әлем кетседе төңкеріліп!
Ойыма келеді қайғылы ғана шумақтар,
Тыңдарман кешір, менің жүрегім бақытқа зар!
Жанкүйер танып сұрайды суретке түсуге,
Ықылас жоқ, бірақ болмайды ренжітуге.
Өтірік жымиып иығынан құшақтап,
Сосын риза болып кетеді құрметін жолдап.
Күндіз жәй жігітпін жаралы жүрегі,
Кешке Рэп Ханымын қаһарлы жүрегі.
Досына айналдырған парақ пен қаламды,
Сырласына айналдырған микрофонды.


Мен жайлы
Суық пәтер... күзгі түн айлы,
Ақ параққа жазамын өзім жайлы.
Білемін бойымды билеген не қайғы,
Сол көздерді менің жүрегім ұмытпайды.
Айтшы маған жүрек!
Тек қызыл қаным емес болған саған қорек.
Өліп қалды жүрегімнің жартысы,
Осы ма екен аз бақыттың ақысы?!
Жүректің хәлі мүшкіл!
Тағдыр сұғып алды найзасымен үшкір!
Бәріне де шүкір!
Болашақ бақытым сені сүймеймін, кешір...
Енді мен ғажайыптарға сенбеймін ешбір,
Бірақ болды бір рет... қайран өмір!
Еріндерің есімде...
Жыласам мен жылайын, бірақ сен егілме.

Қайырмасы:
Мен жайлы күзгі сары жапырақ.
Мен жайлы суық қара топырақ.
Мен жайлы шимайланған ақ парақ.
Мен жайлы өмірдей ащы арақ.


Жүрегімнің көзжасы
Ботақансыз басталды тағы да жаңа күн,
Артта қалды міне тағы бір ызғарлы түн.
Білмеймін мені ойлайсың әлде ұмыттың,
Ал мен қалдым күлін уыстап бақыттың.
Мүмкін мені ойлайсың ұйықтар алдында,
Бәлкім ұмыттың өзгенің құшағында.
Қасымда жоқсың, жүрегім ауырып,
Өзіңді аңсаймын түндерде түңіліп.
Сезімім қалды кеудемде жаңғырып,
Жүрегім сыздайды аяусыз жазғырып.
Түсіндім... қажеті жоқ қайғырып,
Үйрендім жараға жатқан ауыртып.

Қайырмасы:
Өлеңдерім – жүрегімнің көз жасы,
Жаным қайдасың? Мені құшақташы...
Бірақта өмірімнен мәңгі ғайып болып,
Ала кеттің өзіңмен жүрегімді жұлып.

Сондықтан аяулым, жүрегім сенімен,
Тапқан боларсың бақытыңды іздеген.
Орындамай сөздерімді сендірген,
Иттей болдым қожайынсыз сенделген.
Шашыңның иісі қалды жастығымда,
Ұйықтамастан иіскеймін оны массаттана.
Көзіме елестете жатқандай қасыңда,
Мәз боламын уақытша жұмағыма.
Қайда сол күндер? Қайда сол сәттер?
Қайда сол жүректер? Сүйіскен еріндер?
Қайда... ғажайым сезімді түндер?
Қалды тек қана үмітсіз көздер...


Ой толғау
Damon:
Не күтесің менен досым? Барлығын тағдыр шешеді,
Болашақта не боларын тек жалғыз Алла біледі.
Сен маған үміттенесің мен ондайдан шаршадым,
Сонша жүкті арқалап жарты жолда талдым.
Мақсатына жете алмай жан-жақтағы сөздер үшін,
Басына үміт арттырып жоғалтқан ед арман, күшін!
Болды жетер енді өлді сенім мақтау сөздерге,
Жеңем тек өзім қуанам, өзім жылаймын жеңілсем де!
Өзіңнің ісіңді бітір маған тиіспе досым,
Кім қандай биіктікке жетерін білеміз сосын.
Болды доғар бауырым, рахмет сенің үмітіңе,
Сөздерімді түсіне алшы, ренжіме дос, айып ілме.
Сонша қанмен тер төктім, біреудің сөзін тыңдап,
Сенімін таптамайын деп, менен күшті жоқ деп ойлап.
Ондайлар көп айналада енді көзім жетті соған,
Таста ондай ойыңды орнын білген бай болған.

Қайырмасы:
Ой толғау... Жүрегім тебіреніп!
Ой толғау... Өкініштен өртеніп!
Ой толғау... Шумағым жаныңды тербесін,
Құдайың кім болсада ол сені қолдасын!

Менің достарым аз, дұшпандарым мыңғырған,
Намыс бермей талайдың көмегін алмағам.
Мойындаймын мүмкін қатты көкірекпін,
Бұл менің қорғаным соққысына төңіректің.
Өмірдің бар сұрағына жауабым сұрапыл,
Өмір шекер емес, болу керек батыл.
Жеңімпазда болдым, болдым кейде жәбір,
Күнәһармын... түзей алмас тіпті қабір.
Ораза, намаз, құран мен үшін алыс,
Маған керек емес, ал сен үшін парыз.
Рухани ашпын, көздегенім табыс,
Тағдырымды тоңқайтамын, ол маған қарыз!
Білегімді сыбана әлемге қарсымын,
Кім бар мұнда? Шығыңдар! Маған қарсы кім?
Жалғыздық... болды менің жолдасым,
Құдайың кім болсада ол сені қолдасын!


СМС
Жүректегі өлтірдің романтикті,
Айсбергтей зақымдап батырдың «Титаникті».
Өне бойым тот басып мұхит түбінде,
Әлдеқашан берілгенімін ағыстың еркіне.
Мұзды мұхит қармады құшағына,
Айтыңдаршы Шыңғыс осыны қалады ма?
Қолымды соза ұмтылып жұмағыма,
Жеткенімде ие болдым тозағыма.
Білесің бе сен маған барым едің,
Тек өзіңді бақытыма мен балап едім.
Өмірімді, жүрегімді саған арнап едім,
Қазір міне қара гүлді ұстап қала бердім.
Менімен бірге түкте қалмай бәрі батты,
Қара түнек түпсіз терең мұхит жұтты.
Өткен өмірім маған болғандай елес,
«Қош бол» бұл соңғы смс.

Қайырмасы:
СМС - «Сені мен сүйемін» деген емес,
Деген емес, саған жазамын соңғы....

Бір жыл өтті келбетіңді ұмыта бастадым,
Жүрегімде сызат, бағы болдым басқаның.
Еріндерінен сүйіп құшағыма аламын,
Бәрібір оны сенімен салыстырамын.
Екеуміз бірге қыдырған саябақтан,
Өтпеймін айналып кетемін алыстан.
Телефонымнан сенің нөіміріңді өшірдім,
Суретіңді өртеп күлін желге ұшырдым.
Өкінсемде бәрібір сені кешірдім,
Қолданайын жаңа мүмкіндігін өмірдің.
Сенсіз қиналдым, сенсіз түңілдім,
Жаралы жаныма тіреу болды өлеңім.
Енді сен тарихымның жәй ғана бөлшегі,
Уақыт өте жадымнан мәңгі өшеді.
Бірақта менің сені ұмытқым келмейді,
Жүрегім соғып тұрғанда естелік өлмейді.


Не үшін?
Қараймын айнадан өзімнің бейнеме,
Шаршаған келбетім қайғылы көздеріме.
Жоспарларым қирап үмітім өлді ме?
Баяғы көкірек Шыңғыс осыған көнді ме?
Жүректі күйзелтіп кернейді қайғы-мұң,
Басыма келеді небір ойлар сан-мың.
Өмірімде оңбай аяқты шалыс басқанмын,
Үлкен қателігім сені сүйіп қалғаным.
Бірақта... мен өкінбеймін,
Өзіңсіз өімір сүрді мен үйренемін.
Тағдырыма амал бар ма бәріне көнемін,
Қалпына келер күйреген өренім.
Жан-жағым сұп-суық мұз көлді айдын,
Сондағы қанаты қайысқан мен аққудаймын.
Көздерімде шоқ өшіп қалай отты жағайын?
Аязға тоңамын, енді ұша алмаймын.

Қайырмасы:
Түнімен көз ілмей,
Өзіңді ойлаймын.
Жүрегім құлазып,
Тек сені аңсаймын.
Не үшін жүректі қинадың Құдайым?
Не үшін?

Тағы да таңым атты өзіңсіз қайтадан,
Өзіңді түсінбедім қалайша жәй табам?!
Жауап іздей дал болып сұраймын Алладан,
Неге жасады қиянат мен сүйген адам?
Мен бақыт іздедім, ұштастым өзіңмен,
Сен маған өмір едің, қоштастым өмірмен.
Қайталаймын ештеңеге мен өкінбеймін,
Аяулым, өзіңе тек бақытты тілеймін.
Ешқашанда сені ұмытпаймын,
Ғұмырыма нәр беріп едің жарығым арайлы.
Енді сені ешкім «Ботақан» деп атамайды,
Ал мені ешкім «Бапаська» деп шақырмайды.
Парағыма тамды көз жасым бір тамшы,
Өткенімнің бәрі жалған! Бәрі де алдамшы!
Жүрегім жалынам, қанмен жыламышы,
Бәрі де жақсы болады кішкенен шыдашы.

Жаным қаралы, жүрегім жаралы,
Айтшы маған өзіңді қалай ұмытамын?
Көңілдегі үмітті қалай мен жандырамын?
Өзіңді басқаға қалайша қиямын?
Кешіремін сені, жүрегімнің сүйгені.
Түсінбедім өзіңді, таптадың ғой сезімді.
Ұмытпаймын ешқашан, өшірмеймін жадымнан.
Қиналамын қанжардай, жүрегіме қадалған.


Мәңгілік Муза
Тағы бір түн... жаза алмай отырмын репрезент,
Ойыма тек қана қайғылы шумақтар кіреді.
Сыңғырлаған күлкің және келбетің,
Жүрегімді жылаттыңда сен тербеттің.
Есіңде ме армандаған ортақ армандар?
Үйлену тойымыз және болашақ балалар.
Сенбеймін бәрінің айналғанына сағымға,
Үнсіз үңілемін... соңғы хатыңа...
Әлі де жүрмін сол махаббатқа табына,
Сенбеймін әлемде бақыттың барына.
Бар жұбаныш, уақытша жұбаныш,
Және де пендені жылататын зұлым күш.
Өмірге жылап келген соң жылап кетем бе?
Неге ешқашан көктемеймін көктемде?
Өкініш тамыры бойлаған соң тереңге,
Мәңгілік музам болып қаласың жүрегімде.

Қайырмасы:
Менің мәңгілік музам...
Музам... Музам... Музам...

Бұталарым бүршік ашқан еді баяғыда,
Қазір тұрмын қурап телміріп аспаныма.
Аспанымда қара бұлттар төнеді маған,
Жаңбыр жоқ. Жауын жауады жанарымнан.
Түн. Мен сені ойлап жатырмын,
Білемін сенде мені ойлап жатырсың.
Айналамда бәрі сені есіме түсіріп,
Өткеніммен бақытты боламын күрсініп.
Сенемін мәңгілік бақыттың барына,
Сенбеймін мәңгілік бақыттың барына.
Ботақаным, болсамда сенің тұңғышың,
Бірақта бола алмадым мәңгілік қорғанысың.
Өмірге жылап келген соң жылап кетем бе?
Неге ешқашан көктемеймін көктемде?
Өкініш тамыры бойлаған соң тереңге,
Мәңгілік музам болып қаласың жүрегімде.


Бағала
Көңіліңді шырмаған сезімдерді,
Сыртқа шығарудың кезі келді.
Оның уақыты жоқ көңілін бөлмейді,
Саған ешқашан «сүйемін» демейді.
Дегенменен саған жымия күлімдейді,
Бірақта жұмысынан басқасын көрмейді.
Суықтығымен жүрегіңді тілімдейді,
Мерекеде саған сыйлық та бермейді.
Қателігі үшін кешірім өтінбейді,
Әрқашанда сенен басқасын іздейді.
Жұмысынан кешігіп, кейде мүлдем келмейді,
Сұрақтарыңа сенің жауп бермейді.
Жылағанда қосылып сенімен егілмейді,
Ешқашанда құшақтап ерніңнен сүймейді.
Бәрібір жүрегіңде үмітің сөнбейді,
Қарындасым, неге махаббатың өлмейді?

Қайырмасы:
Бағала бағыңды,
Құрметте жақынды.
Аямай уақытты,
Өмір сүр бақытты.

Білмеймін ақыл айтуға мен лайықпын ба?
Өмір-өзенде жүзіп келеміз бір қайықта.
Тірі кезде жақынымызды бағалайықта,
Әйтпесе өкінеміз батқанда тұңғиыққа.
Жәудіреп көздерің үміттене қараушы едің,
Сол үміттің сөнгеніне себепші мен едім.
Жаным, сен шыдадың, күшіңді аямадың,
Бірақта бақыттың ұшып кеткенін байқамадың.
Бүгін емес өмір сүремін өткеніммен,
Әлі де сүйем, сен үшін өлгенмін мен.
Өлеңдерім – жүрегімнің көз жасы,
Себебі арқаладым махаббаттың наласын.
Шаңырағым сенің көз жасыңа бұланды,
Жүрегім сені жоқтап жалғыздықпен уланды.
Бағаламадым, білмедім шынайы бағаңды,
Кешірші мені... естігенде бұл әнді...

Жүрегіңде мәңгілікке қалады қара дақ,
Жаныңның жарасын кім енді жамамақ?
Жүргенде сен оны шынайы бағалап,
Ол сенің өімірңді кетті мәңгі қаралап.
Үмітіңді сөндірді жастарың тамшылап,
Сөнген отың енді сенің қашан қайта жағылмақ?
Махаббатыңды көрмей кетті ол алыстап,
Сенші маған, қажет емес саған бұл ақымақ!
Иә, мойындаймын жаным, мен ақымақпын,
Өркөкіректігіммен сені талай жылаттым.
Қолымда тұрғанда кілті жұмақтың,
Бәрібір аштым айқара есігін тозақтың...


Жек көремін
Жауап іздей сезімім алданған,
Мыңдаған ойлар өтеді менің санамнан.
Мен де адаммын ет пен сүйектен жаралған,
Ойламаппын айырыламын деп арманымнан.
Ешкімді айыптамаймын кінәлі тек өзім,
Езілген жүрегім тағы да, тағы езіл!
Үмітсіз көздерім жасыңды төк, егіл!
Ал жаным онсызда жылайды ағыл-тегіл!
Анашым, арманың орындалды,
Қазір балаң жалғыз махаббатсыз қалды.
Жүрегім түнеріп қайғының әнін салды,
Көңілсіз блюз жанымды баурап алды.

Қайырмасы:
Көрініп толған ай,
Қайнады қаным-ай!
Еске түсіріп сені,
Боздады жаным-ай!
Жек көремін өзімді, саған деген сезімді.

Жек көремін көздерімді сені байқаған,
Жек көремін жүрегімді сені сүйіп қалған.
Жек көремін танауымды иісіңді аңсаған,
Жек көремін қолдарымды сені құшақтаған.
Жек көремін ернімді сені аймалаған,
Жек көремін махаббатымды жалындаған.
Жек көремін төзімімді бәріне шыдаған.
Жек көремін үмітімді өзіңе ұмтылған.
Жек көремін, жек көремін,
Жек көремін өзімді саған деген сезімді.
Жек көремін жоспарларды екеуміз жасаған,
Жек көремін өзімді саған арнаған.


Тағдыр
Білгің келеді ме Шыңғыстың тарихын?
Таң қаларсың көргенде өткен өмірімнің сиқын.
Талай өлдім, шашырап болып қиқым,
Батып балтырыма азу тісі көп иттің.
Жылу іздей аш жаныма оңбай жаңылғам,
Күдер үзіп әділдіктен тағдырыма таланғам.
Жүрегімде іздері өмірден жеген таяқтың,
Балалық еске түсер иісімен арақтың.
Бұл өмір сәби Шыңғысты көп жылатты,
Армандадым ана өмірді, жұмақты.
Болмады бізде баспанамыз тұрақты,
Жоқшылықта талай жерге қаратты.
Бала кезден басқалардан кем өстім,
Болмаған еді мәпелейтін мені ешкім.
Біреуі болса арағына салынып,
Екіншісі сабаушы еді бізді жау көріп.

Қайырмасы:
Тағдырым менің не деген қатал едің?
Қанша өлсе де сенім Құдайым құлың едім.
Рухым не көрмедің? Өлсең-дағы өлмедің.
Үміт көкке өрледің, өшсең-дағы сөнбедің.

Көздері жәутеңдеп қасымда болды інім,
Жылағанын көргенде жүрекке түсті тілім.
Келуше еді даладан біреуден жәбір көріп,
Айтпаушы еді кім екенін намыс көріп.
Сен менің бауыр етім, өмірлік жолдасым,
Абыржыма қасыңда мәңгілік қандасың.
Аман бол еркетай, рухани қолдаушым,
Дұшпаныңа дұшпан болар менің тапаншам.
Есімде шарасыздан иттей ұлып,
Жатқанымыз суық үйде аштан бұратылып.
Әйтеуір тапқанымызды отын қылып,
Ініммен құшақтасып бір көрпе жамылып.
Махаббат... бәрі де бітті,
Қатал тағдыр айдаһардай арманымды жұтты.
Екеуі бақсы-тәуіптерге құлақ қойып,
Ғұмырымның гүлдерін қуратты жұлып.


Қара гүл
Аспанда тағы да күнім шықса да жарқырап,
Жүрегімнің көзжасы ағады әлі сарқырап.
Бақытым алыста, кетті маған қол бұлғап,
Пайда жоқ отыра бергеннен көз жасын бұлап.
Киіктей болдым аңшы садағынан тұралап,
Жолымда жығылдым бақытымды қуалап.
Енді бәрін түсіндім, қателік жасадым,
Аңдамай өз басымнан жоғары аттадым.
Айтшы маған жүрегім неге оны таңдадың?
Сезімнің қалауымен өміріме айналдың.
Махаббатыңмен өне бойды қармадың,
Кетуіңмен бүкіл ғұмырымды уладың.
Ботақан, әлемімнің жарығы сен едің,
Сен кеткен соң әлемім де мен де түнердім.
Ботақаным, шын махаббатты көрсеттің,
Қараңғы түнек жүрекке сүюді үйреттің.

Қайырмасы:
Келші жаныма келші сен,
Өшірмеші жүрегіңнен.
Сені мәңгі сүйіп өтем!
Сенсіз келмейді ғой көктем!

Құмырадығы гүлім қурады қарайып,
Жүрегімдегі жара ұлғайды зорайып.
Айтыңдаршы өмірде бар ма екен Жерұйық?
Уақыт тоқтап қалды миым қалғандай ұйып.
Тиіспеңдер маған, қалдырыңдар жалғыз!
Мені шаршатты бұл бітпейтін арпалыс.
Неге екі жүрек болды бір-біріне алыс?
Қырсықпын сондықтан арқаладым қарғыс.
Үмітімнің қара гүлін суғарам жасыммен,
Жауаптымын әр тамшыға аққан көзіңнен.
Кешірші мені... сөз берем өзгерем,
Қажеті қанша? Мен сен үшін өлгем.
Өмірімнің мәні едің, жаным қайдасың?
Қасымда жоқсың қалды тек қағазым.
Сен мен ұмыттың, мен өлең жазамын,
Жек көремін... түнін... Алматының...

Барамын жаным сенің налаңды арқалап,
Қасымда басқа болса да жүрем сені ойлап.
Менің жағдайым жақсы, бәрі ақырындап,
Жөнделуде... кейде естеліктер қинап.
Ұмыта алмасыпан жаным кербез келбетіңді,
Ал сен ше? Ұмыттың ба бет-әлпетімді?
Сенімен жүрегім бесіктей тербетілді,
Қазір жүрек өліп қара жерге көмілді.
Жебеңді сен қададың менің жүрегіме,
Жүректі жараладың еніп өміріме.
Барынша бағаладым, өзіңді аяладым,
Бірақ саған аз болды менің жасағаным.


Періштем
Ғажайып сезімге душар болдым мен,
Мұндай сезімід ешқашан мен сезбегем.
Көз алдымда, ойымда сол жанның бейнесі,
Неліктен сол жанға кезіктім мен?
Өмірімнің түбімен өзгертіп бейнесін,
Жүректе сақтаймын мәңгі сол жанның елесін.
Сол ғана... жаныма болар дауа,
Жалықпаймын қараудан оның жанарына.
Біртекті өміріме жарық әкелген,
Енді бұл әлем маған болды көркем.
Дертке шалдыққан жаныма болар ем,
Болса ғана қасымда егер Періштем.

Қайырмасы:
Көгімнен жарық болып,
Түскен едің сен маған.
Кеудеме бақыт қонып,
Өзіңе ғашық болғам.
Естимісің жырымды?
Ұғамысың жырымды?
Сен маған Періштесің,
Айтшы сен кімді сүйесің?

Періштемсің сен менің өмірімнің өзгерткен,
Айтшы маған кезіктірдім сені неліктен?
Жүрегімнің дүрсілдеген әрбір соғысы,
Деп айтады: «Періштем! Періштем! Періштем!»
Ғұмыр бойы сәтсіз тапжылмай іздеген,
Бақытымды жаным-ау таптым-ау өзіңнен.
Жаныма қырау басып аяз түскенде,
Періштем-ау жылуды аламын көзіңнен!
Естимісің жүректің сен деп соққан соғысын?
Ол күні-түні сен үшін соғады білемісің?
Періштем-ау сен ғана қалғаны бәрібір,
Бола берсін бәріне күлкілі бұл ісім.


Кешірім
Өмірімнің алдағы үлкен асулары,
Еліктіріп өзіне мені шақырады.
Жұйытқыған ғұмырыңның талғамы жоқ,
Білмейсің тағдырың қай жағыңнан ұрады?!
Артыма қарасам көздерім жасқа толады,
Кім біледі болашақта менімен не болады?
Жаныма жабысқан айықпас жаралар,
Уақыт өте бойымнан құлан-таза айығар.
Адамдардан жүрегіме салған тілім,
Күтпеймін ешқашанда мен кешірім.
Жаманадығы жаңбырдай маған себелеткен,
Сезімімді менің бойымдағы түсінбеген.
Бәріңді, бәріңді мен кешіремін,
Бәрін де ұмытып, әрі қарай өмір сүремін!

Өмірімнің бастауынан келемін алысып,
Бірақ одан жүрегім қалған емес қарысып.
Жүрегім әлі де нәзік, әлі де сезеді,
Жүрегім жек көреді және сүйеді.
Жақсымын деп айта алмаймын жаман да емеспін,
Тағдырыммен талай-талай мен төбелестім.
Білемін ешқашанда оны жеңбеспін,
Бауырым, бірақта мен тырыстым.
Көп жүректі ойланбай оңбай жараладым,
Жандарын қан жылатып қараладым.
Жасаған қателеріме мен өкінемін,
Кешіріңдер мені өтінемін!

Махаббаттан айырылып жүрегім езілген,
Бойымда іздер қалды ескі сезімдерден.
Ата-анам мені түсінбей қинайды,
Ал жүрегім басқаларға құлақты бұрмайды.
Тырыспаңдар бәрібір мен өзгермеймін,
Кешіремін және кешірімді тілеймін.


Жіберемін
Smitty:
Бұл жерде көп әңгіме жоқ негізі сенің сөзіңде жүреді,
Айтқаның болсын енді мен жіберемін сені.
Иә, көрсете алмадым саған махаббатымды,
Не істеймін? Сондаймын, мен сен айтқандаймын.
Енді кінәламай берме мені, кетсең тыныш қана кетші,
Тоқта, айтпақшы менің бір сұрағыма жауап берші.
Осының бәрін сен баяғыдан жоспарлап па едің?
Кешір бірақ мені әлсіз деп жүрген сен ақымақ едің.
Саған не айтып отырғанымды мен қазір білмеймін,
Көкірекпін, сені сүйе тұра менсінбей сөйлейтін.
Сосын оңай жіберетін білемін әле өкінемін.
Осы қадамыммен өз тағдырымдыда төңкеремін.
Қиналамын, сосын қоямын фильм бітеді,
Және айлар өте сенің бейнең есімнен кетеді.
Бәрі осылай тып-тыныш-ақ бітеді мен білемін,
Жаным, уаымдама бәрі жақсы, сені еркіндікке жіберемін!

Қайырмасы:
Жіберемін өзіңді сағынышты баса алмай,
Жіберемін өзіңді көлеңкеңді құшақтай.
Жіберемін өзіңді сезімді өшіре алмай,
Жіберемін өзіңді артыңнан қолды бұлғай.

Бұрын толғандырған заттар енді толғандырмайды,
Бірақта тарихымды бәрібір жүрек аңсайды.
Менің қалауымды сенің жүрегің қаламайды,
Жаным жараланды, ал жүрегім қақсайды.
Себепкерісің сен бақытты қасіретімнің,
Қожайыны болдың жанымның және еркімнің.
Мәні жоқ өмірдің тұрмын аузында өлімнің,
Бақыт іздеп барамын босағасына кімнің?
Сенің елесің тұтқыны менің әлемімнің,
Ызғарын сезінесің бе әрбір өлеңімнің.
Құдыретіңе тізесі бүгілді Шыңғыстың,
Мұндай мәртебеге ие болмайды ешкім.
Ботақан, сен менің мәңгілік музамсың,
Қайда, кіммен болсаңда Құдайым қолдасын!
Сен жайлы естеліктерді шырмады сағыныш,
Жіберемін сені... еркіндікке ұш!


Құттықтаймын сені
Не болса да көргенімді көрдім,
Өткенімді, ертеңімді тек сенімен көрдім.
Сағатымда уақыт өтіп жатты тик-так,
Бірімізден-біріміз бастадық алыстап.
Ұрыс-керіс, айқай күн сайын,
Шаршамайсың құрғамай таңдайың.
Қазір бір нәрсе ойлап табайын,
Алдайын, сосын аймалайын.
Ақырындап еріндеріңе жақындайын,
Құштарлана оларға мен жабысайын.
Ақырындап түсемін мойыныңа,
Білемін махаббат бармайды ұзаққа...
Сен де білесің, бәрі де біледі,
Құшақташы, ойлама ертеңді.
Мен түсінемін, жыламашы енді,
Менің жүрегім бақытсыздыққа үйренді.

Қайырмасы:
Құттықтаймын сені,
Хы, сен менен құтылдың!
Құттықтаймын сені,
Хы, бұл ойында мен ұтылдым!

Енді міне жарқырап тағы бір күн,
Осы күнмен қайтадан оянды мұң.
Құшағымда томпиып жатыр аяулым,
Бетін сипалап, сүйдім маңдайын.
Осы сән маңгілік қатып қалса,
Құдайым-ау арманым жоқ қой менің басқа?!
Бірақ тағдыр сені итерді менен алысқа,
Ал менің жүрегім шаршадым шайқастан.
Сен мені өлтірдің қарамай жасыма,
Кет енді! Мәйітімді қорлама!
Көзіме көрінбе! Өзегімді жандырма!
Қалайын саксофонның үніне жұбана.


Жаңажылдық
Далада жүрегімдегідей қар жауып тұр,
Көз жасым ағып ернімде қатып жатыр.
Жартылай қараңғы бөлмеде мен отырмын,
Білмеймін бір ғажайыпты күтіп отырмын.
Қайта қайта қараймын есікке елеңдеп,
Жаным-ау күтемін мені сені келер деп.
Қараңғы бөлде қараңғы тыныштық,
Жүрегімді солдырды мына жалғыздық.
Өткенім өзіңмен мені үшін ыстық,
Суретің қолымда жібермей қысып.
Қалғандай көңілімді мәңгі қырау басып,
Қарсы аламын Жаңа жылды жалғыз боп.

Қайырмасы:
Жаңа Жылдық жалғыздық,
Өлеңдерім – жүрегімнің көзжасы.
Жаңа Жылдық жалғыздық,
Жаным, қайдасың? Мені құшақташы...

Телефоныма келді тағы бір СМС,
Ашып қарасам, тағы да қарғыс.
Телефоным шырылдап ар жағында дауыс,
Жақыным тағыда тілейді маған қарғыс.
Терезеге жақындап, әдемі айнала,
Бәріде бақытты, бақытсыз мен ғана.
Күрсіне жымиып отырдым орныма,
Бөлмеде мен және суық қабырға.
Қолдарым тоңып салдым қалтама,
Өткенімді еске түсіремін терең дем ала.
Енді жоқ баяғы бала,
Баланы жұтты мәңгі үлкен қала...


Мәңгі сенің...
Қаңтардың ызғары, кешкі саябақ,
Отырмын алыстан бір жұпты бақылап.
Жігіт сөйлейді, күледі ыржыңдап,
Қыз тыңдап отыр, сүйеді құшақтап.
Жігіт бақытты, екі көзі аруда,
Ару да бақытты сүйеніп иығына.
Жігітін тыңдап күледі миығынан,
Отырмын олардың қызығып бақытына.
Менде бақытты едім баяғыда...
Қателесіп ұрындым өмірдің таяғына.

Қайырмасы:
Жүрегім менің сақтар мәңгі,
Өзіңмен атқан әрбір таңды.
Көз алдымда екі көзің,
Қайда менің бақытты кезім?

Екі жүрек тербелуші еді әндеріме,
Қазір әндерімнен жас келер көздеріме.
Үйренді ғой жүрегім жалғыздыққа міне,
Жүрегімнің көзжасы демеуші төзіміме.
Аяулым, таңба салдың жаныма,
Өкінішті... айналмадым бағыңа...
Барлық армандарым айналды ғой сағымға,
Амалсыздан қан жылайды жүрегім сағынған.
Мүмкін мені ұмыттың, мүмкін ойлайсың,
Қош бол! Мәңгі сенің Шыңғысың...


Тұмар
Жігіт жыламайды, бірақ жігітте адам,
Қанша қу болсаңда қаша алмайсың тағдырдан.
Менде сен сияқты көгіме жалбарынғам,
Бірақта бәрібір тағдыр алды мені алқымнан.
Машинам жоқ бірақ менің жүрегім бар,
Қысылып барамын мына әлемде тар.
Менің жаным да сенің жаныңдай ақшақұмар,
Ақшасыз өмір сүрген өлімменен пара-пар.
Е, батып барамын терең өзенге,
Айтыңдар күшім жетеді ме бұған төзуге?
Білектерім шаршады, шама жоқ жүзуге,
Амал қанша? Ұраным: «Ешқашан берілме!»
Алматы – бақытымның себепкері,
Алматы – көз жасымның куәгері.
Мойынымда сүйіктімнің қарғысы,
Алақанымда бір тамшы оның көз жасы.

Қайырмасы:
Қадірлесең өзіңді,
Бағалағын сезімді.
Бақыттарын ұғынбай,
Талай жүрек езілді.

Жұбатамын өзімді әлі жаспын деп,
Бәрібір күмәндік көкірегімді басты кеп.
Кеше ғана саған жүрген адамды күлімдеп,
Аттандырып жатырсың соңғы сапарға жерлеп.
Шоу бизнес есігін соғамын,
Бұл менің мақсатым, мен соған ұмтыламын.
Бақыт құсын басыма қалай қондырамын?
Өз тағдырымды қалайша бағындырамын?
Анашым, өтінемін түсінші тырысып,
Армандарым үшін бәрін қойдым ысырып.
Оқу қалды жайында жатсаңда ұрысып,
Менің жолым осы, шегінбеспін алысып.
Ешқашан армандарыңнан бас тартпаңдар,
Өмір деген біреу одан бәрін алыңдар.
Сонымен қатар сезімді бағалаңдар,
Себебі махаббат ең қасиетті Тұмар!


Маған бәрібір
Бір қанатым сынған,
Ұшып келем оған қарамастан.
Тек алға артқа қайырылмастан,
Таң... атты қайтадан.
Аллаға ризамын өмірді сыйлаған,
Ризамын сындарына мен қинаған.
Шаңырақты Құдайдың құтты күні айқай-шу,
Бала кезде көрпенің астынды тығылғам.
Көрпенің астында талай оған жалынғам,
«Қашан бітеді бұл? Қашан келеді бақыт?».
Тағдыр қатігез садағымен атып,
Талай жаралады жебесімен сулатып.
Шаршадым алдаумен өзімді жұбатып,
Өзімшілмін, жүрегімді темірмен қаптатып.
Ешкімді итермеймін сыйлағанмен сыйласып,
Сыйламасаң кетемін шаңырағыңды қиратып.

Қайырмасы:
Маған бәрібір енді,
Не болса да менімен?
Білегімді сыбана,
Күресемін тағдырмен!

Маған моральді оқыма,
Баяғыда тойғанмын өмірдің сабағына.
Рұқсатымсыз қолыңды салма табағыма,
Әйтпесе қанжарымды сілтеймін тамағыңа!
Қарағым, шырағым, хей бауырым,
Мойындаймын жігіт басыммен жылағанмын.
Бірде гүлдедім, бірде қурағанмын,
Мойындаймын гүлдедім арқасында достарымның.
Жаурадым суығына күйдім ыстығына,
Берілмедім ешқашан өмірдің қырсығына.
Қара қазандай болса да менің өкпе-назым,
Кейде өмірге келген сияқты менің жазығым!
Сен маған дұшпансың ба?
Әлде мені қолдайтын жолдассың ба?
Маған бәрібір тек ісіме араласпа,
Мазалама жүректі айналған қара тасқа!


Жанымның күлі
Жымыңдаған жұлдыздар зуылдап ағады,
Жалғыз жүрегім менің әлі де соғады.
Жүрегімнің көзжасы таусылып, тоқтады,
Тәнім ғана қалып жаным күлге айналды.
Құлы емес діннің, құлымын жүректің,
Сонша сезімге беріліп қатты сүйіппін.
Махаббатты сезінбеген адам өлген,
Жаным, мені ұмытпашы... өтінемін.

Қайырмасы:
Жанымның күлі желмен ұшады.
Желмен ұшады....
Қашан рухым сенімен құшады?
Сенімен құшады....

Өмірдің мәні бар ма? Білмеймін.
Мақсатсыз, бағытсыз жүзіп келемін.
Тым өзімшілмін кейде... түсінем,
Қуаныштан гөрі неге жиі күрсінем?
Құтқарыңдаршы жанымды менің тулаған,
Жазалаңдар адамды бақытымды ұрлаған!
Үмітімнен кішкене ұшқын қалған сияқты,
Тәңірім, өтінем құтқаршы бейбақты.


Соңғы мүмкіндік
Есімде әлі сенімен танысқаным,
Есімде әлі сен үшін алысқаным.
Әрбір кездесуді уайымдап тосқаным,
Жүрегім дір-дір етіп телефон соққаным.
Кездесудің алдында сөзімді жоспарлап,
Дайындалушы едім айнама қарап.
Сосын мейрамханада сенімен отырып,
Барлық жоспарымды кетуші едім ұмытып.
Көремін деп сенің тұрғаныңды қуанып,
Бәрібір қалсамда ұзаққа аш болып.
Соңғы ақшама саған гүл алып,
Таксиге ақша болмай келуші едім жүгіріп.
Кешірші ақымақты,
Болсада ол айыпты.
Қысыла гүл сыйлаған,
Қолжетпеске ұмтылған.

Қайырмасы:
Берші соңғы мүмкіндік!
Мен сені шын сүйемін!
Берші соңғы мүмкіндік,
Мен бәрін дәлелдеймін!

Тұрмын аулаңда терезеңе қарап,
Қасымда музыкант саксофон ойлап.
Міне сенде шықтың терезеден сығалап,
Ал мен толқып тұрмын жүрегім тулап.
Ботақаным, тұрсың міне алдымда,
Жүрегім жиі соғып көздерім жанарыңда.
Құшағыма қысып, ақырын құлағыңа,
Сыбырладым: «Жаным, мен сені сүйем!»
Жаным, мен сені сүйем, мен сені сүйем,
Менің кемшілігім көп мен оны білем.
Сенің арқаңда гүлденді бұл әлем,
Сен болмасаң бұл әлемге келеді өлім...
Кешірші ақымақты,
Болсада ол айыпты.
Қысыла гүл сыйлаған,
Қолжетпеске ұмтылған.


Мен өлгенде...
Мен өлгенде жыламаңдар ешбірің,
Жүргейсіңдер естеріңе алып әрбірің.
Өлімменен жеңе аламын ба жан мұңын?
Болар бәлкім түсінбеймін өмір құнын.
Қараңғылық болды мен үшін қарапайым,
Күнді қайтем батқан болса толған айым?!
Шамдар сөнген Даңғылында Абайымның,
Дәл осы сәт айнасы ғой жан жәйіның.
Күрсінемін тұрса да тәнім ән салып,
Көз жасыма тұншықтым-ау мен қақалып.
Ұмытпаңдар жүрегімді сүйген ессіз,
Күлгенімді көздеріммен үмітімсіз.

Ұмытпаңдар жүрегімді сүйген ессіз,
Күлгенімді көздеріммен үмітімсіз.
Жүрегімнің көз жасы ақты тамшылап...


Ертең сенің туған күнің…
Кеше болды он төрті – махаббат күні,
Ертең айырылған арманымның туған күні.
Білмеймін жүрегімнен кетпейді таңбадай,
Жаным-ай, хаттарың сенің қандай суық-ай!
Аяулым, неге тілейсің маған өлімді?
Онсызда саған бергенмін бар өмірімді.
Алайда... шебер ғой Алла да...
Айырды бақытымнан тұрған қолымда.
Білесің өзімді құрбан етем жолыңда,
Түсіндім қателерімді кеш болғанда.
Құтқармайды жауын да гүлім солғанда,
Отырмын солып жаңбырдың астында.

Қайырмасы:
Ертең сенің туған күнің,
Ол күн менің мұңым.
Ертең сенің туған күнің,
Мәңгі батты күнім.

Білесің бе күлкіңді сенің қатты сағындым,
Сағындым жылуыңды, иісіңді сағындым.
Көкірек едім, қазір тағдырға бағындым,
Бағындым, сүйгенімнен айырылдым.
Сен кеткен соң, өзгерді өмірім,
Телефонымда сақтаулы ескі нөмірің.
Бірақта шаршадым жүріп қарсы ағысқа...
Жалғыздыққа үйрендім, айналып жүрек тасқа...
Ертең сенің туған күнің жаным.... ааа...
Жалынамын... мені ешқашан ұмытпа...
Тілеймін саған жақсылықты, бар бақытты,
Махаббатты... қанша қиын болса да...


Қайырлы түн, бөпетай...
Арамызда не барын мен әлі түсінбедім,
Әлде жібіді ме тасқа айналған жүрегім?!
Егерде бұл мен армандаған махаббат болса,
Жаным менің, менімен ер қолымнан ұста.
Апарайын сені ертегілер әлеміне,
Ақысы керек емес, тәнтімін көркіңе.
Болмасамда басқалардай жәй құмар тәніңе,
Бәрібір ұмтыла беремін еріндеріңе.
Алаңдама жаным, ештеңеден қорықпа,
Қорғаймын сені өзімнің ыстық құшағымда.
Томпиып жатырсың жаным менің иығымда,
Қайырлы түн, бөпетай... ұйықта...

Қайырмасы:
Қайырлы түн, бөпетай,
Түс көрші тәтті балдай.
Томпиып құшағымда,
Еркетайым ұйықта.

Көрдің бе бөпетай, бір жұлдыз ағып өтті,
Айтшы жүрегің қандай қалайды тілекті?
Сенің тілегің мен менің тілегім сай келсе,
Онда менің арманым болмас еді ғой өзге!
Тағы да кезікті екеуміздің көздеріміз,
Ери бастады менің көкірегімдегі мұз.
Құштарлана жылдам дүрсілдеп жүректеріміз,
Еріксізден түйісті еріндеріміз.
Мәңгілікке созғым келеді осы бақытты,
Мәңгілікке еткім келеді сені бақытты.
Жүрегім тапты армандаған махаббатты,
Күнәһар болсамда Құдай сыйлады жұмақты.