Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

«Қaзaқ Рэпінін Ханы-II. G-ХАНГЕР» [2010]


G-Хангер
Қазақ рэпінің Ханы жәй ғана атақ емес,
Бұл қазақ рэпіндегі Ұлы Төңкеріс.
Сыншылардың сыны ешқашан болмайды ада,
Сондықтан алға қарай тағы да басам қадам!
Менің рэпім жәй ғана рэп болудан қалды,
Бәсекелесім жоқ олар бұрын артта қалды.
Сендердің рэптерің сөйлемдердің жиынтығы,
Ал мен рэпіммен көрсетем жүрек тереңдігін!
Қазақ Рэпінің Ханы ІІ. G-Хангир,
Сен үшін жанкүйерім аямай төктім тер.
Жоқ мұнда бұрынғы балалық қызуқандылық,
Шыңғыс ересек болды уақытпен сыналып.

Міне келді бауырлар көптен күткен уақыт,
Қазақ рэіпінің басына қонды үлкен бақыт.
Сендердің мысқылдарың оған берді ұмтылыс,
Қазақ рэпінің дәуірін қарсы аламыз!


Қазақ Рэпінің Дәуірі
Тауқымет болса да қолымда микрофон,
Өмірім басталады менің күн батқан соң.
Ақ параққа өлеңдерді сиямен шимақтап,
Плеерде минусты қойып оқимын шумақтап.
Әріптестердің жанарынан көріп негатив,
Бойымды билейді менің әдемі позитив.
Қарғай бер боқтай бер, мені жаманда,
Құтылмайсың менен отырмын сенің миыңда.
Сыйлағанмен сыйласып, жауласқанмен жауласып,
Қазір міне отырмын рухани тау асып.
Олар болса интернетте өзінше дауласып,
Қазар қара, қалды ғой жақтары қарысып.
Білемін Шыңғыс болды сендерге жексұрын,
Қазақ рэіпінің жағдайы қандай еді бұрын?
Қазар қара және мойында,
Қазақ рэпінің тағдыры менің қолымда...

Қайырмасы:
Қазақ Рэптің Дәуірі!
Басталды той дүбірлі!
Ұлы Дала Ұлдары,
Көкке көтер қолдарды!
Қазақ Рэптің Дәуірі!
Басталды той дүбірлі!
Туған тілі Анамның,
Аманаты Бабамның!

Мен үшін қаһарлы қару – сөздің қуаты,
Қару құрастырумен талай таңым атты.
Қаһарлы қару – кейде мені жұбатты,
Қаһарлы қару – талай қамалды қиратты.
Уақыт келді қазақ сөзі мінді күшіне,
Ата-Баба тілін менсінбейсің несіне?!
Алаштың Азат ұлдары тізені бүкпейді,
Тәніміз өлсе-дағы рухымых өлмейді.
Рэп деген әлемнің ортақ жетістігі,
Рэп деген әлем шексіз кеңістігі.
Ал мен үшін хип-хоп жүрегімнің дерті,
Қазақша рэп талай басты тербетті.
Дұшпандар мен үшін маңызын жоғалтқан,
Көрдім талайын естіп күлкі артымнан.
Қазір қара және мойында,
Қазақ рэпінің тағдыры менің қолымда!


Эй, Қазақ!
«Рэп» дегенде бірінші ойға түсетін «Шыңғыс»,
Себебі маған әрқашан тоңқаяды табыс.
Көше ұлы емеспін, көше менің сахнам,
Жанкүйерім адал сондықтан сені басынам.
Сөніп барады бірте-бірте бойдан қазақылық,
Азаматы әлемнің әлде болдым Алматылық?
Басымырақ ойласамда жәйін қара басымның,
Қайталанбас сөздерім Жолындай Қасқа Қасымның!
Тұра алмайсың себебі рухани тұраладың,
Өз бағаңды білмей сағымды қуаладың.
Өз орнымды білем сондықтан биік көкірек,
Басқа «көкіректер» жасырынған фэйк.

Қайырмасы:
Эй, Қазақ! Эй, эй! Эй, Қазақ!
Сенің колонкіңде ойнап тұрған ASH ҚаZаҚ!


Адамзат
Ақша, абырой, атақ менің мақсатым,
Бауырым, тұрма алдымда жолды босатқын.
Қалмады адалдар, бәрі шетінен сатқын,
Таспен ұрғанды кешірмедім аяусыз аттым.
Бауырым, сенің өмірің қандай?
Бақытсыздық бойыңды шырмап алғандай.
Мұның бәрін Құдайдың сыны деп ойлайсың,
Өзіңнің лузер екеніңді мойындамайсың.
Құрдастарым жүргенде шіреніп, мастанып,
Мен жүрдім бауырым, үмітімді жастанып.
Күйініштен әлемге қарсымын қастанып,
Күрескермін, жаны кеткен ластанып.
Бастықтың баласы болсамда көрдім аштықты,
Сен болсаң мені танымай айтасың аңызды.
Түкірдім түсінігіңе, дініңе, сеніміңе,
Менің жолым осы, болмайды шегінуге.

Қайырмасы:
Адамзат – менің дұшпаным,
Көрмедім ешқашан көгершіннің ұшқанын.
Адамзат – қасіреттің бесігі,
Естіледі Жер-Ананың өксігі.


Екі жүрек
Ботақан, бұл әнді саған арнағам,
Кербез келбетің жүрегімде сақталған.
Бірақ жүрек әлі айықпады жарадан,
Екі жүрек... екі бөлек мұңайған...

Алаулаған махаббатың сезініп күшін,
Лүпілдеген жас жүрегім соғады сен үшін.
Қаңыраған жанымның әрбір түкпірі,
Тек сенімен толықты, аяулым, түсін.
Көздерің, сөздерің көңілімді жықты,
«Сүйемін» деген сөзім жүрегімнен шықты.
Талай түндер ұйқысыз өзіңді армандай,
Сырласыма айналды аспандағы толған ай.
Қинамашы мені жаным, сезімді елемей,
Сенсіз маған өмір көрінеді өлімдей.
Өміріңе кенеттен рұқсатсыз бас сұқтым,
Ешқашанда таппаспын жанды өзіңдей.

Қайырмасы:
Жүрегімде менің,
Жүрегіңде сенің.
Жанады жалындап,
Кіршіксіз махаббат.
Қараймын көзіңе,
Қарайсың көзіме.
Өзіңді ұстамай,
Берілші сезімге.
Тек сені сүйемін,
Бағым деп білемін.
Ынтықпын мен саған,
Нәп-нәзік Ботақан.

Тыншымайды көңілім өзіңе жығылған,
Әрқашанда тілеуіңді тілеймін Алладан.
Жүректегі отымды жаңадан жағылған,
Сөндірмеші жаным-ау, өзіңе жалынам.
Қуанышқа бөленемін өзіңе қарасам,
Бақытқа кенелемін қолдарыңнан ұстасам.
Кешіре гөр егерде сезімге тұншығып,
Өзімді ұстамасам немесе тосылсам.
Әрбір айтқан сөзім – жүрегімнің үні,
Әрбір айтқан сөзім – жүрегімнің мұңы.
Өзіңменен кеудеме менің жан қонып,
Ертегідей болар тіптен ғұмырымның соңы.


Көрген сайын микрофонды...
Көрген сайын микрофонды ойлаймын мен,
Тыныш қана жүрмедім бе жөнімменен.
Оқу оқып бітіріп, жұмысыма тұрып,
Ел сияқты адам болып отбасы құрып.
Бірақ бұл мен үшін емес, менің жолым басқа,
Қапалымын айналып жүрегім тасқа.
Күлесің бе «не көрдің» деп 22 жаста,
Қорлық, жоқшылық, аштық саған таныс па?
Таныс емес сондықтан сөзге араласпа,
Алыстан айдаһардың құйрығын баспа.
Бауырым, көргенімді саған бұйырмасын,
Жетісерсің алсаң анаңның қарғысын.
Музыка менің өмірім, менің таңдауым,
Саған бұл күлкілі ме? Бұл сенің қалауың.
Ақылыңды, кеңесіңді артыңа тығып қой,
Бойымды тағы да биледі мұңды ой.

Қайырмасы:
Көрген сайын микрофонды ойлаймын мен,
Махаббатым ұшып кетті ме жүрегімнен?
Егерде микрофоным жоғалса өімірімнен,
Арыстандай болармын айырылған қорегінен.


Ойпырмай
Кірдім бұл ойынға тәуекелге бел буып,
Сыртынан жылы көрініп іші қатты суық.
Бәрі бір-біріне жау, бір-біріне дұшпан,
Саған орын жоқ мұнда болмасаң жүрек жұтқан.
Мойында қане менің керемет ұйқастарым,
Мен рэп-дәрігермін сендер менің науқастарым.
Емдеймін сендерді көрсетемін нағыз рэпті,
Тік тұрыңдар бәрің бұзбаңдар әскери шепті.
Менің рэпім бұл, бұл менің қаруым,
Олсыз әлжуазбын, оған мен зәрумін.
Бәлкім қазір маған шоу-бизнеске әлі алыс,
Соңғы деміміз қалғанша біз алысамыз!
Рэп мен үшін жәй ғана музыка емес,
Бұл менің қаруым, маған ешкім төтеп бермес.
Адамның рухы өлсе өледі тәні де,
Сондықтан тырысамын рухани өлтіруге!

Қайырмасы:
Ойпырмай! Рэпім соққылайды оңдырмай!
Ойпырмай! Батырдым бағыңды жандырмай!
Ойпырмай! Қор қылдым ғой сені бейшара-ай!
Ойпырмай! Ойбай! Ойпырмай!
Ойпырмай! Иттер үре береді доғармай!
Ойпырмай! Хейтерлердің бәрі сормаңдай!
Ойпырмай! Ойланып басымды қатырмаймын!
Ойпырмай! Ойбай! Ойпырмай!


ТеңгеLovers
Хат жазар алдында маған бауырым ойлан,
Сенің хатыңды оқып жауап берем бе саған?
Бәрі мүмкін, ғажайыптарға сен сене бер,
Альбомдарды ал, әндерімізді жүктей бер!
Көріп жүрімн көздерді де, сөздерді ызалы,
Іштерінің тарлығы оларды қатты қысады.
Е, тәнті болдың сен менің рэпіме,
Менен жақсы жасайсың ба? Қане дәлелде!
Суық санамен оқимын суық микрофонға,
Жасаймын істерді мүлдем қонбайтын ақылға.
Ойлама сені тегін жарнамалайды деп,
Е, теңгесіз көзіме көрінбе!
Неге теңге? Неге доллар я евро емес?!
Дағдарыс! Валюта құны тұрақты емес!
Содан кейін мен, патриотпын шешең...
Ақшаң болса ғана мен сенімен сөйлесем!

Қайырмасы:
Теңге болса қалтаңда, талтаңдада талтаңда!
Мен теңгені сүйемін! Сүйесің сенде білемін!
Теңге болса қалтаңда, талтаңдада талтаңда!
Атам қазақ айтпақшы «Ақша қолдағы кір!»,
Ал менің қалауым қолым болса кір-кір!


ШYNGYS осындай
Шыңғысты мақтамаған соң өзін өзі мақтайды,
Ондай болса неге қазақ рэпі оған тоңқайды?
Қолыңнан келмейтін нәрсені жасауға болмайды,
Ұятсыз өнерсіздер Шыңғысқа ұнамайды.
ASH ҚaZaҚ Pro-ның қыраны неге биік самғайды?
Себебі оның қанаттары болаттай қатайды.
Рэптеріңді салыстырсақ сенің рэпің тұрпайы,
Неге бұлай? Себебі оны Алла қолдайды!
Ру-руға бөлінуді неге Қазағым қоймайды?
Мұны доғармасақ Отанымыз бытырайды.
Айдаһар мен аю жерімізді былғайды,
Бірақта Шыңғыс Хан мұны болдырмайды.
Ұйықтамай күні-түні терлетіп маңдайды,
Ана тілдің мәртебесін көтеруді ойлайды.
Бәрін құрбан етіп қыздарға да бармайды,
«Шыңғыс осындай» деп сыраны ұрттайды.

Қайырмасы:
Шыңғыс – бұл есім баршаңа таныс,
Күнәһар ғой іздеген атақ пен табыс.
Біреуге серіктес жасайтын ортақ іс,
Ал біреуге дұшпан шайқасатын аяусыз.

Қазіргі заманда Хан деген атақ күлкілі,
Ондай болса да шаралар жасады дүбірлі.
Шыңғыстыкы поп та емес, рэп емес, біртүрлі,
Стилі тұрақсыз, дауысы да әр түрлі.
Көп адамға Шыңғыс дисс арқылы танылды,
Халық өз еркімен оны Хан етіп сайлады.
Ол келді де МС-лердің бағын байлады,
Сөйтіп Шыңғыстың дәурені орнады.
Бұрынғы мәмбет рэпін аяусыз таптады,
Дұшпандарын қамап есіктерін құлыптады.
Патша-жауынгер қанды жорықтағы,
Қазақ рэпін әлемдік етуге тырысады.
Рэпте Салаһаддин болып соғысады,
Сондықтан дұшпандары ойсырай қашады.
Бәрібір болса да көп өмірдің машағы,
«Шыңғыс осындай» деп сыраны ұрттады...


Мәңгілік
Шаршадым мен жауапсыз махаббаттан,
Қинайды мен әр таң сенсіз атқан.
Күні-түні өзің ғой менің жүрегімде,
Білсең ғой менің сырымды ішімде тұнған.
Есімнен айырып жүрекке салдың жара,
Қорғансызбын, айтшы сезімге не шара?
Өзіңе қарап мен қатты толғанамын,
Неткен әсем арусың туған дара!
Не болса да жібермеймін аруымды,
Не болса да жібермеймін арманымды.
Әрбір айтқан сөздерің менің жадымда,
Қос жанарың хей, көз алдымда.
Жанарыңмен жанымды баурап алдың,
Сезіме жауап бермей әлекке салдың.
Қанша қиналсамда бәріне төземін,
Сен үшін жанымды сайтанға беремін.

Қайырмасы:
Жымыңдаған жұлдыздар,
Жанар жасындай ағар.
Аспандағы толған ай,
Өлсе де қайта туар.
Дүрсілдеген жүрегім,
Бір күні мәңгі тоқтар.
Аяулы махаббатым,
Жүректе мәңгі қалар.
Мәңгілік махаббат,
Сезімнің алауы.
Мәңгілік махаббат,
Жүректің қалауы.
Мәңгілік махаббат,
Өмірдің бұлағы.
Мәңгілік махаббат,
Бағымның шырағы.

Жырлаймын мен өзіңді жырлаймын мен,
Өтінемін айырмашы мені үмітімнен.
Жараланған жаным менің жабырқаулы,
Еш кетпейсің жүрегімнен, көңілімнен.
Арман болып өміріме орнығып ең,
Ғашық қылып басыма бақ қондырып ең.
Бойымдағы жылдар бойы сөнген отты,
Періштем-ау бір өзің жандырып ең.
Талай таңды армандай атырып ем,
Махаббаттың мұхитына мені батырып ең.
Үміт толы көздеріме менің қарашы,
Ғашық қылып еркімнен мені айырып ең.
Көз алдымда жанарың қара тұңғиық,
Өртенер бойым қарағанда сен қиылып.
Жүрегімдегі балғын асау сезімді,
Түсінерсің қалсаң егер бір сүйіп.


Армандарым
Арманым болды Қазақ рэпінің Ханы болу,
Ханы болдым, арманым арымды сақтап қалу.
Басы бардың аяғы бар бәрі де бітеді,
Фильмнің соңын Шыңғыс қорқынышпен күтеді.
Арманым бар нағыз сүйгенімді табу,
Махаббатқа бөлеп өте бақытты қылу.
Әлемдегі ең нәзік жар Шыңғыс болады,
Аяулымның бар өмірі қуанышқа толады.
Арманым бар інімнің көңілін қалдырмау,
Көңілін қалдырдым, енді мұны қайталау.
Сөз берем ең жақсы аға болуға тырысам,
Кешір мені махаббатымды көрсете алмасам.
Арманым бар Қазақ рэпін паш ету,
Қазақ сөзімен негрдің де басын тербету.
Біздің рэпті тек қана қазақтар тыңдамай,
Бүкіл ғаламшар тыңдаса бастарын шайқай.

Қайырмасы:
Армандарым бар менің,
Құдайымнан тілеймін.
Адастырма жолымнан,
Тек саған жалбарынам.


Hip-Hop Nation
Рэп деген әлемнің ортақ жетістігі,
Рэпті түсінбеуің сенің кемістігің.
Рэп деген біреу тек тілдеріміз басқа,
Баршаға ортақ қарамай жыныс-жасқа.
Ұлтшылдықпен қарсы шықтым мен айқасқа,
«Рэп Отаны» деген тақырыпта айтыспа.
Талқыласақ бұл бітпейтін сөзталас,
Бірігейік, болмайық бір-бірімізге бақталас.
Қазақсың ба, орыссың ба, қытайсың ба?
Мәтін жазып шабыттана рэп жасайсың ба?
Әрбір ұйықтар алдына сахна аңсайсың ба?
Қару емес қолыңа микрофон ұстайсың ба?
Жұдырық емес сөз қуатын бағалайсың ба?
Төбелес алаңы етіп сахнаны таңдайсың ба?
Бауырым, бәріміз жасаймыз ортақ іс,
Hip-Hop Nation! Жоқ біздің ұлтымыз!

Қайырмасы:
Ұлттарға бөлінбей өмір сүрейік бейбітте,
Сен өз рэпіңді мен қазақ рэпін көркейте.
Біздермен болсаң махаббат орнайды әлемде,
Сұлулық емес рэп құтқарады емес пе?!
Hip-Hop Nation! One Love!
Рэпте! Рэпте ұлт жоқ!
Бәрібір қай елде!
Еркек пе! Әйел ме!


Бойжеткен
Толғандырып шабыт бермейді маған толған ай,
Үміттенбе Шыңғыс болмайды бұрынғыдай.
Айналам суық болғандықтан көңіл суық,
Жүрегімнің көз жасы сезімді кетті жуып.
Бірақта тоқта, бар екен ғой әділдік,
Құдайым берген сияқты соңғы мүмкіндік.
Оның еріндері, оның мүсіні,
Оның қара шашы, оның есімі...
Бәрі есімде, көз алдымда...
Аңсап отырмын телефоным қолымда.
Не жазайын? Тағы да қайырлы түн?!
СМС емес дауысыңды келеді естігім...
Неге қорқыныш сезімі кернейді бойымды?
Қазақ рэпінің Ханының жігіттігі қайда?
Бойжеткен, ойлап тұр мені анда-санда,
Ал мен болсам оайлймын сені әрқашанда.

Қайырмасы:
Ла-ла-ла! Ойлаймын сені, Бойжеткен!
Санамда сенің келбетің!
Ла-ла-ла! Ойлаймын сені, Бойжеткен!
Жүректі неге тербедің?

Түсінемін болғың келеді менімен,
Жасырын сенің сезіміңді сезінем.
Жүрегіңнің құпиясын мен білем,
Сезіміңді жанарыңнан мен көрем.
Қараңғы түн жатырмын төсегімде,
Жаным-ау, сені түсіремін есіме.
Ойларым мазалам өзегімде,
Құштарлық па? Әлде шынайы сүйдім бе?
Қарағанда сенің мұңды көздеріңе,
Қаяу салғым келмейді көңіліңе.
Бірақта жігітім, түсінбеймін неге?!
Қуанамын өміріме енгеніңе.
Келді міне көптен күткен СМС,
Жаным не жазыпты? Ашып оқиын тез.
Бойжеткен, қайырлы түн! Ұйқың тәтті болсын!
Ал сені махаббат бесігі тербетсін!


Қазағымның Даласы
Қазағымның даласы толы топастарға,
Тағдыры тағдыр емес айналды опасызға.
Сонда не болғаны қазағым обалсыз ба?
Құдайым-ау, көрген қасіретіміз аз ба?
Жатырсың досым, өмірдің зынданында,
Құтқаратын сені бауырың табылды ма?
Бұл заман - өлілердің заманы,
Жаны жоқ қалған тек қана тәні.
Білмеймін мүмкін замананың ағымы,
Ақылдыдан басымдырақ жарымы.
Бірі болса жөнсіз өзінше көкірек,
Басқасы бақытын түсінбей көз жасын төгеді.
Сен жүргенде клубтарда ақша шашып уыстап,
Бауырың жүр есірткі сатып қуыста.
Қарындасың болса көше бойын жағалап,
Ағаларыңа жүр төсек ләззатын сыйлап.

Қайырмасы:
Қазағымның даласы толы топастарға,
Мұндай түрмен ешқашан бармаймыз алысқа!
Қазағымның даласы толы топастарға,
Бәлкім ие болық Бабалар қарғысына!

Қазақ болып қазақша сөйлеуге ұялып,
Бәріміз барамыз ұсақталып мал болып.
Кішіпейіл емес пейілі кішкентай,
Жауынгерлер ұрпағы беріледі соғыспай.
Ұлан-ғайыр аймақта қазағым тобықтай,
Пешенемізге жазылған ба болу сормаңдай?!
Шаханов атамызда шаршады ойбайлай,
Мүмкін ауызын майлады сыйлықпен ақшалай.
Қазақ тілі секстей болады тек түнде,
Түнімен ұйықтамай айналайық үкіге.
Ұл-қызың теледидар көрсін ұйықтамасын!
Түні бойы қазақ дәстүрімен сусындасын.
Мұсылманда, христианда емеспін,
Мен қазақпын тілінің тағдыры көмескі.
Сезіп тұрмын бабалардың жүздері сесті,
Сезіп тұрмын бабалардың көздері сесті.


Жырлағым-ақ келеді...
Түнгі қала шынжырмен құрсады санамды,
Маңдайымнан терім ағып кірлетті жағамды.
Тарихым еске түсіп ашытып жарамды,
Тәңірім күш бере гөр, түсірме бағамды.
Қаламсап жебедей жүрекке қадалған,
Қадалған жерінен қып-қызыл қан аққан.
Люцефер болдым ба жарықтан қорыққан?
Күнәһармын жүрегімнің көз жасын жұтқан.
Қазір маған тек қана жымыңдайды жұлдыз,
Кеше ғана маған жымыңдайтын еді бір қыз.
Ал қазір не? Қазір күнәһар жалғыз.
Айтшы неге махаббат үшін жылағанбыз?
Жырлағым-ақ келеді жырламаған жырымды,
Жырларымды мойындамай не көрінді?
Жайбарақат көремін ақпенен қараны,
Жендеттері сайтанның ұрламақшы жанымды!

Қайырмасы:
Жылдар өте жаным менің ұғынды,
Жүректегі тоқтата алмаймын құйынды.
Жеке-жеке бөліп сұйықпенен қоюды,
Жырлағым-ақ келеді жырламаған жырымды!


Тірі кезімізде
Тәнім тірі кезде, жаным тірі кезде,
Дұшпандарым, достарым болады есімде.
Білемін бір күні жүрегім тоқтайды,
О дүние бар ма? Көрем бе Құдайды?
Түсінбеймін неге Алла әділетсіз?
Уақыты жоқ па? Бәлкім қабілетсіз...
Зұлымдық, қатігездің толы заманда,
Алланың жаратылысы емес пе сайтан да?!
Тірі кезде мен үшін басты ұстаным,
Күресемін бойдағы ұйығанша қаным.
Діндар болсаң сөздерім саған ұнамас,
Құдайдан қорқып болмаймын оған жағымпаз.
Қорқыныштан басын иген адал болмас,
Қорқақтың жүрегімде ешқашан иман болмас.
Алла сенің жүрегіңде көкте емес,
Тірі кезде бас ием жүрекке дінге емес!

Қайырмасы:
Тірі кезімізде біз,
Өлмейді өлеңіміз.
Жүректің құлы болып,
Еркіндікте өлеміз!

Имандылық тек қана діндарға тән емес,
Сендер тобырсыңдар Шыңғыс сендерге ібіліс.
Мың өлген Қазақ болса мың тірілген Шыңғыс,
Өлеңіміз өлмейді суығанша тәніміз.
Жүрегімнің көз жасы себепкері мұңымның,
Көкжал болмасамда айға мың рет ұлыдым.
Құранның құлы емес жүректің құлымын,
Сондықтан тықпалама тілін араб ұлтының.
Сүйікті ұлы болмасамда Қазақ жұртының,
Бәрібір келемін жамап қазақтың жыртығын.
Болмаса да менің жырларым Ұлы Күлтегін,
Тәнім, жаным тірі кезде жаза беремін.


Бұл рэп
Микрофон жалаңаш арудай қоздырады,
Тәніммен қоса жанымда оған ұмтылады.
Шабыттана бірнеше шумақ оқылады,
Осылайша Шыңғыс айызын қандырады.
Менің рэпім өте сұлу және қызғаншақ,
Ол болмаса мен тұманды болашақ.
Менің рэпім қатігез және қаныпезер,
Дұшпанымды сөз қуатымен басып езер.
Құтылмайсың, құтылсаң құтылғансың әзер,
Менің сөзім талайдың санасын төңкерді,
Хан болғандықтан жасаймын сендерге өктемдік.
Сондықтанда өкілісің сен төменгі таптың.
Қызылға боялса да аяқ астындағы қар,
Менің көкжалдарым ойынды жалғастырар.
Менің рэпім өлмейді Пайғамбар хадисіндей,
Себебі жасадым Қазақ Рэпін еліктемей.

Қайырмасы:
Бұл рэп – мыңдаған басты тербететін,
Бұл рэп – мыңадаған сана төңкеретін.
Бұл рэп – бүкіл ғаламды көмкеретін
Бұл рэп! Е! Бұл рэп!


Қожайын
Бүгінгі күнім тура кешегі күнімдей,
Бәз баяғы қалпында ештеңе өзгермейді.
Мен болсам әлемнен тығылып студияда,
Мені ешкім түсінбейді тіпті микрофонда.
Іздеймін сырласымды жан-жағыма қарайлап,
Естімейді ешкім жаным тұрсы да айқайлап.
Ақиқат болды тек ақымақтың ермегі,
Теледидардан сол баяғы ертегі!
«Бізде бәрі тамаша! Бәрі де керемет!»
Дейді бір шенеунік өтірік күлімдеп.
Терезеге қарадым сол баяғы көрініс,
Халық қайыршы! Қайда біздің салығымыз?!
Үлкен қала ары-бері өткен көліктер,
Тротуармен жүріп келеді тірі өліктер.
Өмір машақаты айналдырмасын зомбиге!
Өз-өзіңе қожайынсың рухыңды өлтірме!

Қайырмасы:
Орыстың орманы, Қазағымның даласы,
Екі халықтың тілін бұл әннен табасың.
Маған қарсы дисс жазып жатқанда сен үйіңде,
Мен қазақ рэпін көтердім жаңа деңгейге!


Сенбеймін
Білесің бе мен шаршадым арпалыстан,
Арманым әлі де бұлғайды маған алыстан.
Замананың суығына рухым қарысқан,
Адамдықтан арылдым қорықпай қарғыстан.
Үлкен қала ары-бері өткен көліктер,
Тротуармен жүріп келеді тірі өліктер.
Менде солардың бірімін жүрегі шөккен,
Ұмытқан адамдарды мен үшін жасын төккен.
Жалғыздықпен күресіп жеңіліс таптым,
Телефонымды сөндіріп көрпеме жаттым.
Қасымда пырылдап мысығым жатыр,
Сол қолымды тістеп ойнап жатыр.
Біреу келді есіктің қоңырауын басып,
Маған бәрібір басымды жастықпен басып.
Қоңыраудың дыбысы пәтерде жаңғырып,
Күйбең тірлік жіберді жанымды қажытып.

Қайырмасы:
Жұмаққа сенбеймін!
О дүние бар ма?
Мен оны білмеймін.
Жұмаққа сенбеймін!
Ақырет күні мені жазалай ма білмеймін.

Тағы да келді түн... жексұрын,
Ұйқым келмей күйзеліп баурайды мұң.
Қолымда тағы да сыра және қаламсап,
Шерімді тарқатып жатырмын парақ шимақтап.
Мияулап мысығым миды ашытты,
Іші пысты ма? Әлде қатты ашықты?
Сүтін жылытып құйдым табағына,
Өзім болсам сыраны құйдым екі ұртыма.
Далада толған ай, жүрегімде жауын,
Күрестен жалығып бәрінен шаршадым.
Тағдырдың пышағы кеңірдегімді бауыздап,
Қанды із қалдырып келемін қансырап.
Бір жыл болды төсегімнің екінші жартысы,
Суыды... жаным жалғыздықпен табысып.
Сұр пәтерімнің қабырғасы суық,
Жұмаққа сенбеймін... жоқ Жерұйық.


Байланыс орнатамыз
Байланыс онатамыз арамызда,
Тақырыпты түсінбесең құлақты сал мұнда!
Сендердің орындарыңда болдым баяғыда,
Қазір қара, Қазақ Рэпінің Ханы қайда?
Владивосток желінің ар жағында,
Владивосток енді Қазақстанда!
Осы трек ойнап тұр құлағыңда,
Эгойст болма, тарат достарыңа!
Қазақ рэпі көтерілді халықаралық деңгейге,
Өй пәле! Хейтер, ей, маған күлімде!
Қазақ рэпінің жағдайы бұрын жерге қаратты,
Қазір тербетеді Владивосток – Алматы!
Вульгарный Тонн, Шыңғыс! Бізбен ғана жеңіс!
Қойыңдар балағатты жасаймыз ғой ортақ іс!
Керек емес соғыс, виртуалды қантөгіс,
Оданда бізге қосыл, бірге басты шайқаймыз!

Қайырмасы:
Вульгарный Тонн, Шыңғыс,
Орнатты байланыс!
Бірге басты шайқаймыз!
Бірге қайталаймыз!
Вульгарный Тонн және Шыңғыс,
Орнатты мәңгі байланыс.
Бірге басымызды шайқаймыз,
Бірге бәріміз қайталаймыз!


Тарихты жазады жеңімпаз
Дағдарыстың суық қолдары алғанда алқымнан,
Уақыт келді ақша жасайтын тіпті сағымнан.
Менің рэпім баламдай туылған шабытымнан,
Ыстық ықыласты мен күтемін халқымнан.
Қазақ рэпі менің қолымдағы тапанша,
Күресті доғармаймын соңғы демім қалғанша.
Қазағымды толығымен рэпке отырғызам,
Ақиқатты табасыңдар менің уағызымнан.
Алматымның көк аспаны әрқашанда бұлтты,
Бұл қала жүрегімді мәңгілікке жұтты.
Микрофон – пірім, хип-хоп айналды дініме,
Көше ұлы болмасамда стрит әрқашанда менімен.
«Шықпаса атың жер өрте» тек менің ұраным емес,
Көп сөзді доғарыңдар рэп қатынның ісі емес.
Бекем болыңдар қазақ сөзі мінді күшіне,
Менің рэпім халал тәу етіңдер мүсініме.

Қайырмасы:
Шыңғыс! Тарихты жазады жеңімпаз!
The Next! Жеңеді әрқашан жасампаз!
A.K.! КЗ рэп біздің мойнымызда!
Болашақты көріп тұрмын ол біздің қолымызда!


Құдайға шүкір...
Міне келді көктем ызғарлы қыс бітті,
Бірақта бәрібір қырау басты жүректі.
Алғашқыда мұндай өмірді қаламадым,
Мүмкін қорықтым... бата алмадым.
Бәлкім сендерге Шыңғыс жүрген бір ақымақ,
Бірақта Абылай Ханда болды ғой Сабалақ.
Қалтым тесік банктегі шоттарымда ноль,
Атамның жолын қуып сүйген асым алкоголь.
Ешкімді өлтірмесемде неге қолым қан?
Сәби болғым келеді күнәға малынбаған.
Күлкілі, бұл жәй ғана арман,
Өмір – соғыс, біз сарбазбыз қаруланған.
Бұл соғыста менің көргенім тек жеңіліс,
Толыққанды емес, жәй ғана шегініс.
Үміттің ұшқыны сөніп қалса да көзімнен,
Не болса да, өмірім, мен сені сүйемін!

Қайырмасы:
Өртеген өкінішіме Аллилуйя!
Мұңға толы өнеріме Аллилуйя!
Жаралы жүрегім үшін Аллилуйя!
Аллилуйя! Аллилуйя!

Алматы – тірілердің зираты,
Талайлардың өмірін бұл қала қиратты.
Панельді үйлер, өртенген армандар,
Бетонды орман аң орнына адамдар.
Кенеттен естеліктер санама лап қойып,
Балалық шағым жаралады жанымды ойып.
Құрдастарым жүргенде ойнап-күліп марқайып,
Ал мен кеттім уақытынан ерте қартайып.
Білсеңдер ғой оны қалай сүйгенімді,
Сезімнің жалынды тозағына күйгенімді.
Соңғы хатын оқымадым бірақ сақтаулы,
Ғайып болдың, ал менің бақытым байлаулы.
Телміріп жансыз аппақ қағазға,
Жүрегім үйреніп қалды ғой жалғыздыққа.
Білемін бір күні қауышамын өліммен,
Бәрібір өмір, мен сені сүйемін!