Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS - Қазақтың Жері


1-куплет:
Менің атым Шыңғыс бәлкім мені танымайсың,
Рэпті жек көресің, мүлдем тыңдамайсың.
16 альбомым бар бәлкім саған беймәлім,
Періште емеспін бірақта лас емес арым.

Көп қазақтың бірімін немесе дарасы,
Өтті күндер, жалған таққа жүрген талаласып.
Әкесінің ұлы, Анасының еркесі,
Жанарым мұңды жүрегім кеткен сіресіп.

Мен қазақпын білмесемде барлық дәстүрді,
Елімді сүйем құрметтеймін Елбасымды.
Алаңдама анашым, балаңда бәрі жақсы,
Жүрегіме тамады жанарыңнан аққан жасың.

Жауынгермін қатыспасамда соғыстарға,
Батыр бабалардың қаны бар менің бойымда.
Тілеймін себеп болмасын қару алуға,
Қарумен келген ит болып өледі босағамда.

Қайырмасы:
Ұлы дала Алатаудан Оралға дейін,
Мәңгілік Ел сен өлмесең мен де өлмеймін.
Қазақтың жері, Қазақтың жері.
Қазақтың жері, бұл Қазақтың жері.
Ұлы Алаш гүлденген Бабаның қанымен,
Әкемнің ұлымын, Отан үшін жан берем!
Қазақтың жері, Қазақтың жері.
Қазақтың жері, бұл Қазақтың жері.

Жарқыраған күнім,
Бұлтсыз көк аспан.
Қыран көрінбейді
Себебі ол самғамаған.

2-куплет:
Ойлану керек өмір өтіп барады босқа,
Өзгеге жақсылық тілейміз тек қана тостта.
Көкек тек Ана емес бәрің білесіңдер,
Бауыр еті – сәбиінен безген бар әкелер.

Мен сенем қазағымның болашағына,
Несі бар төземіз кезекті тағдыр сынағына.
Әлемді сұрға бояу бәлкім сүйікті ісім,
Кезекті рэперсымақпын бәлкім сендер үшін.

Жарқыраған күн, бұлтсыз көк аспан,
Қыран көрінбейді себебі самғамаған.
Бәзбіреу қара нанға зар болып жатса,
Бәзбіреу үшін бақыт айфонның соңғысын алса.

Көп қазақтың бірімін немесе дарасы,
Бабамыз қанмен өтеді еркіндіктің бағасын.
Айтшы маған, бауырым енді қайда барасың?
Үндемейсің, қазақша сөйлей алмағасын.

Қайырмасы:
Ұлы дала Алатаудан Оралға дейін,
Мәңгілік Ел сен өлмесең мен де өлмеймін.
Қазақтың жері, Қазақтың жері.
Қазақтың жері, бұл Қазақтың жері.
Ұлы Алаш гүлденген Бабаның қанымен,
Әкемнің ұлымын, Отан үшін жан берем!
Қазақтың жері, Қазақтың жері.
Қазақтың жері, бұл Қазақтың жері.

Жарқыраған күнім,
Бұлтсыз көк аспан.
Қыран көрінбейді
Себебі ол самғамаған.