Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS - Сәттілік тіле


1-куплет:
Шаршадым өткенді қалдырдым өткен шақта,
Себебі жалықтарды тіпті жұмақ та.
Періштем үнсіз үмітін үзді ақымақтан,
Сайтаным тынымсыз сыбырлайды сол құлақтан.

Мазалайды ойлар,
Қашанғы әрбір күнді жүремін тойлап?!
Терең күйзеліс, кезекті тығырық,
Жалықтым күлкінің артына тығылып.

Өмір өтіп барады, қартайып барам,
Өскенде мақтаныш тұта ма мені балам?
Жасырмаймын көп қателестім, көп шалындым,
Көңілдерін талай қалдырдым жақындардың.

Жасым өсіп достарым азайып барады,
Кінә өзімнен айыптамаймын басқаны.
Тыңдарман маған сенің қолдауың қажет,
Сендер болмасаңдар менің есімім өшед.

Қайырмасы:
Маған сәттілік тіле,
Өткенді ұмытып мүлде.
Маған сәттілік тіле,
Жалындап жаралдым күлден.
Маған сәттілік тіле,
Тыңдарман саған мұқтажбын!
Егер сендер болмасаңдар өшеді менің атым!

2-куплет:
Білесің бе менің әлі айтарым көп,
Жазарым көп және армандарым көп.
Елестетем өзімнің қария болғанымды,
Майамиде сағынып Отанымды.

Несін жасырам менің мақсатым – байлық,
Болғым келмейді жұмысшы күтетін айлық.
Жеңіл өмір үшін «жеңіл жүрісті» болғам жоқ,
Сен менен көмек күтесің ал менде уақыт жоқ.

Шыңғыс Джихангер және Бауыржан Сармахам,
Мәңгілік тандем ешкім қирата алмаған.
Тыңдарман, сені концерттерімде күтем,
Мен жұлдызбын, әлі ғарышты көрмеген.

Сатқындықпен бірге адалдықты көрдім,
Біріншісі көбірек – бұл заңдылығы өмірдің.
Жақсылығымды көріп түкіріп артымнан,
Бірақ мен міндетсінбеймін берген садақама.

Қайырмасы:
Маған сәттілік тіле,
Өткенді ұмытып мүлде.
Маған сәттілік тіле,
Жалындап жаралдым күлден.
Маған сәттілік тіле,
Тыңдарман саған мұқтажбын!
Егер сендер болмасаңдар өшеді менің атым!

Баяғы күндер енді ешқашан оралмас,
Алғашқы табыс және атаққа болғаным мас.
Тобырмен емес мен тағдырмен ерегестім,
Бұл жаңа Шыңғыс, енді мен аш емеспін.