Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS - Мәңгілік Ел


1-куплет:
Бөрі едік ұлы бірақта ұлымаған,
Қабырғаны қайыстырған талай қилы заман.
Көргендіктен талай қандастарды ұсақталған,
Менде ірі емеспін, несіне жасырам?

Елімнің бүгіні – қазақтың қасіреті,
Ұмытшақтық – қазақтың басты қабілеті.
Ұмыттық дәстүрді, ұмыттық тілімізді,
Қайыршымыз басып жүрген бай жерімізді.

Қария шаштарына ақ түскен,
Буындарынан күш кетіп көздерінен от өшкен.
Қарттар үйі... оған болды мекен,
Жалғыз ұлын күтеді келеді деген үмітпен.

Маскүнемдік, нашақорлық және мәңгүрттік,
Бабамыз қан төксе біз намысымызды төктік.
Жерді саттық енді сатып жатырмыз жетімді,
Қорқынышпен, күтемін күнді ертеңгі.

Қайырмасы:
Жаралы бөрі шибөрілерге жем болды.
Оян, қазақ! Көптен күткен сәт туды!
Мен қазақпын, мың рет өлгенім жетер!
Мәңгілік Ел. Алда тек қана жеңістер.