Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS - Ұстара


1-куплет:
Менің жүрегім сен үшін кезекті ойыншық,
Сенде сезім болған болар бірақта өткінші.
Оңай ұмыттың бәрін, ұмыттың сертіңді,
Ал мен ұмытам деп жоямын суреттеріңді.

Сағыныштан тұншығып армандаймын ерніңді,
Сені басқа біреу аймалайд құшақтап беліңді.
Еркелейсің оғанда маған еркелегендей,
Бұл түні сен ұйықтамайсың, мен де көзді ілмейм.

Қайырмасы:
Есіме сені алып,
Ұстараны қолға алып
Қоштасамын мен сенімен
Ваннам қанға боялып.

2-куплет:
Түсіндім нағыз бақыттың мәнісін,
Оған қолың жетпейді, табылса жоғалтасың.
Өмір бәрімізді өзгертеді,
Өзгені ұмыту үшін сүйеміз өзгелерді.

Бүтін едік болдық бір бірімізге бөтен,
Есігім құлыптаулы сені бәрібір күтем.
Үміттенем бәлкім сен де мені сағынасың,
Алайда бүгін де өзге жігіттің қасындасың.

Ол да бәлкім сені мен сияқты қатты сүйеді,
Тоңғаныңда құшақтап және еркелетеді.
Ол да бәлкім сенің жымиғаныңды ұнатады,
Мен сияқты бәлкім кейде сені жылатады.

Жылы суға, баяу толып жатыр ванна,
Көз алдымда, сенің сұлу келбетің ғана.
Бүкіл әлем мына ұстараның жүзіндей
Өте суық... енді ештеңе сезбеймін.

Қайырмасы:

Есіме сені алып,
Ұстараны қолға алып
Қоштасамын мен сенімен
Ваннам қанға боялып.