Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS x Алмас Кішкенбаев - Екі жүрек


1-куплет:
Қиын сұраққа әрдайым оңай жауап,
Неге сені сағынам себебі бұл махаббат.
Қылығың сүйкімді қулығың да сүйкімді,
Тәтті қырсығым ұнатамын күлкіңді.

Мені қинама сүйемін сені ғана,
Жүрегімде мүлдем орын жоқ күмәндарға.
Мен білем сенбейсің сөздеріме,
Сыйлықтарыма, әндеріме, гүлдеріме.

Жанарыма қара көресің тағдырыңды,
Себебі мен ғана сендей ханшайымға лайықты.
Өз құнымды білем білемін сенікін де,
Жүрегіңді жауласам жаулаймын әлемді де.

Кербезденіп өзінше боласың қасымда,
Бұл қылығың бірақ маған ұнайды расында.
Мен сені сүйемін маңызды осы ғана,
Менсіз бақытты боламын деп армандама.

Қайырмасы:
Жүрегімде менің,
Жүрегіңде сенің.
Жанады жалындап,
Кіршіксіз махаббат.
Қараймын көзіңе,
Қарайсың көзіме.
Өзіңді ұстамай,
Берілші сезімге.
Тек сені сүйемін,
Бағым деп білемін.
Ынтықпын мен саған,
Нәп-нәзік Ботақан.

2-куплет:
Көріпкелмін, болашақты болжаймын,
Мен күйеуің ал сен менің жұбайым.
Екі ұлымыз және бір қызымыз бар,
Бұл арман емес бұл деген нақты жоспар.

Саған дейін махаббат болды ойыншығым,
Талайдың жүрегі қолымдағы қуыршағым.
Сен келдің де, өмірім өзгерді мүлдем,
Енді мен емес сен ойнайсың жүрегіммен.

Болды жетер төзімім таусылып барады,
Жымиясың ал менің ашуым тарады.
Аяулым сенің бақытың тек мен ғана,
Өзінше болмай қондыр мені қолыңа.

Сөз берем аялаймын сені мәңгілік,
Сезімім өшпейді өзің кеткен жандырып.
Мен сені сүйемін маңызды осы ғана,
Менсіз бақытты боламын деп армандама.

Қайырмасы:
Жүрегімде менің,
Жүрегіңде сенің.
Жанады жалындап,
Кіршіксіз махаббат.
Қараймын көзіңе,
Қарайсың көзіме.
Өзіңді ұстамай,
Берілші сезімге.
Тек сені сүйемін,
Бағым деп білемін.
Ынтықпын мен саған,
Нәп-нәзік Ботақан.