Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS x Ерлан Орынбасаров - Өкінбе


1-куплет:
Мен әлі жаспын,
Қанша тырысқаныммен періште бола алмаспын.
Жығылсамда талай,
Жымиямын ешқашанда мойымай!

Егер жалықсаң жұмыстан,
Позитивті мә, ұста!
Шынайы өзіңді босат,
Қиындықтарға көздеріңді жұм бір сәт!

Жаман ойларыңның бәрін қане таста,
Уайым болмау керек махаббаттан басқа!
Өмір біреу және қысқа,
Бүгін дос ертең айналады қасқа.

Шегінбе бәрі қарсы болсада,
Үміт оты жүрегіңде сөніп қалсада.
Бәріміз бақытты болуға міндеттіміз,
Себебі, жасайтын тағдырды өзіміз!

Қайырмасы:
Арманың ғана
Бағынбайды уақытыңа.
Үмітің барда
Жетелейді бақытыңа.
Өкінбе өткенге
Құшақты жай әлемге!
Үміт отын сөндірме!
Жаңылма жалында
Өмір қиын болсада
Болашағың өз қолыңда!


2-куплет:
Кешір мені, жаным,
Сен қалаған ханзада бола алмаймын.
Хы, бір күнімді ғана ойлап,
Бір аптада демалысты жеті рет тойлап.

Жазды қаласаң суық қыста,
Біздің толқынды ұста!
Тек қана сұлу қыздар,
Жанымның тыныштығын бұзар!

Маңызды істеріңді қалдырып ертеңге,
Қу тірлік деген бұл өмірде біткен бе?
Ы бойыңда біткенше қуат,
Тырыс жеңімпаз болуға!

Қорықпа, күрес, батыл бол,
Ғашық бол, сүй және адал бол!
Сен бақытты болуға міндеттісің,
Тағдырың өз қолыңда сен мұны білесің!

Қайырмасы:
Арманың ғана
Бағынбайды уақытыңа.
Үмітің барда
Жетелейді бақытыңа.
Өкінбе өткенге
Құшақты жай әлемге!
Үміт отын сөндірме!
Жаңылма жалында
Өмір қиын болсада
Болашағың өз қолыңда!