Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS - Хикая


1-куплет:
Әрбір періштенің өзінің ібілісі бар,
Жүрегі жаралы ғана, тез ересек болар.
Бейнеңді ұмытам деп басты ұрдым тас пен тауға,
Еее, қамалып төрт қабырғада.

Кешіремін жүректің жарасы жазылмасада,
Өшіремін жадымнан сені, не болса да!
Расында ұмытсаң егерде сезімді маған деген,
Бақытты бол жігітпен, шешең тауып берген!

Қайырмасы:
Бұл менің хикаям, бұл менің хикаям,
Екеуміз кінәлі болсақта бірақ айыпты мен.
Бұл біздің хикая хэппи ендсіз біткен,
Бақытты бол жігітпен шешең тауып берген.


2-куплет:
Саған кезіккенде қалғанмын қуанып,
Кім білген өмірімді кететінін қопарып.
Хе, қарғыс арқалап көбейттім күнәмді,
Ал сенің анаң үшін болашағым күмәнді.

Жарайды өзің біл бұл сенің қалауың,
Тірідей жерлей бер жүректің қалауын.
Бойымдағы өшпейтін үміттің алауын,
Сөндіремін ащы жасыммен көз жанардың.

Есімде мамаңмен бірге келіп едің,
Кездесуге, сөйтіп маған «қош бол» дедің,
Ақымақпын болашақты өзіңсіз көрмедім,
Ортақ бақытты құрбан етіп қандай батыр едің!

Айтшы маған өзіңді қалайша кешірем?
Қалайша тірілтемін жүрегімді өлген?
Сені ұмытып басқаны қалай сүйем?
Бақытты бол жігітпен шешең тауып берген...

Қайырмасы:
Бұл менің хикаям, бұл менің хикаям,
Екеуміз кінәлі болсақта бірақ айыпты мен.
Бұл біздің хикая хэппи ендсіз біткен,
Бақытты бол жігітпен шешең тауып берген.