Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

BAQ.KZ: "Жұлдыздар жаңа жылды қайда қарсы алады?"


Астана. 31 желтоқсан. Baq.kz – Көзді ашып-жұмғанша 2013 жыл зымырап өтіп, 2014 жылдың кіруіне де бірнеше сағаттар қалды. Бір жылды қорытындылап, өз-өзімізге есеп беріп, бұл күнді әрқайсысымыз ерекше қарсы алғымыз келеді. Өйткені жаңа жылды қалай қарсы алсаң, келесі жыл солай өтеді деген сөз бар. Соған барлығымыз аздап болсада сеніп, жаңа жылдан жаңа жақсылықтар мен ғажайыптар күтеміз. Жыл санағы бойынша жетінші келіп тұрған жылқы жылынан қашанда жылқы малын қасиет тұтқан қазақтардың күтетіні көп. Ал еліміздің абыройын шетелдерде асқақтатып, қазақ өнерінің дамуына өздерінің үлестерін қосып жүрген жандардың жаңа жылды қалай, кіммен қарсы алатындықтары оқырмандарымызға қызықты болар деген ниетпен, кішігірім сауалнама жүргізген едік. Қабыл алаңыздар.

Шыңғыс Әлкеев
Шынымды айтсам бұл жаңа жылды қалай, кіммен қарсы алатындығым әлі белгісіз. Мүмкін достарыммен, мүмкін қызыммен қарсы алатын шығармын. Өткен жылы жаңа жылды ата-анаммен қарсы алған едім, биыл олар өздері Шымкентте мен Алматыда қарсы алмақпын.
Барлық тыңдармандарымызға жылқы жылы бақыт алып келсін! Барлықтарының жылқы сиақты сабырлы, салмақты болуларын тілеймін. Бірақ жылқы сиақты үстіне әркімді мінгізе бермесін. Бәрі тәуелсіз, еркін болсын!

Толығымен оқу: http://baq.kz/kk/news/41671