Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS – Хан Хикаяты – 5: «Ақиқат Айтылуы Тиіс»




«Хан Хикаятының» 4-бөлімінің шыққанына бір жарым жылдан асып кетіпті. Тыңдармандардың көкейінде көптеген сауалдар жиналып қалғанын мен айтай-ақ білемін. Мінекей, менің айдарымның 5-бөлімін қабыл алыңыздар. Бұл бөлімде бұрын және жақында болған менімен қатысты даудамайлардың астарын ашпақпын. Нақтырақ, 2012-2015 жылдар аралығындағы болған даулар жайлы. Бұл бөлім тура бір фильм іспеттес - 1 сағатқа жуық созылады. Сондықтан барлық жұмыстарыңызды бірітіріп, содан соң жайғасып отырып тамашалаңыздар.
2010-2012 жылдың бірінші жартысы – мен үшін, лейбл үшін алтын уақыт еді. Тоқтаусыз концерттер, альбомдар мен футболкалар мыңдап сәтті сатылып жатты. Бірақ 2012 жылдың екінші жартысы, тығыз концерттік турлар бітіп қалғандай. Лейбл терең қарлыжылық және моральдік дағдарыста. Мен және Бауыржан екеуміз батып бара жатқан лейблді құтқарудың амалдарын шұғыл іздей бастадық. «Аш адамның ойы тек ас» демекші, біз жылдам ақша табудың жолдарын қарастыра жөнелдік. Таптық. Жасадық. Шулаттық. Тіпті кейбір скандалдарды тапсырыспен жасауға тура келді. Қазір біршама жылдар өткен соң сол жасаған «тірліктеріме» өкінемін де, күлемін де. Бірақ жасауға мәжбүр болдым. Себебі ол кезде басқа шешім таба алмас едік. Енді бүгін бар ақиқатты ашатын уақыт келді. Неге қазір? Себебі бұл даулар боларын болып өзектілігін жойған оқиғалар. Сонымен қатар, бұл – жәй адамдық мұқтаждық. Себебі іштегі жиналғанды ақтарып шығарып тастасаң жеңілдейсің ғой. Сіздерге құпияға шырмалған тарихымнан сыр шертемін, себебі ертең мен жаңа тарих жасауым қажет. Құрметпен Әлкеев «ШYNGYS» Шыңғыс.

«Хан Хикаяты» айдарының 5-бөлімінен көретініңіздер:
1. ШYNGYS vs. Dilani, Just Damir
2. MASSADA vs. SON PASCAL
3. ШYNGYS vs. Hiro, Baller
4. ШYNGYS vs. МузАрт
5. Жезөкше.
6. Мейхана: Эстрадамен соғыс.
7. Түркия.
8. ШYNGYS vs. Айқын
9. SunQar Sarmat мен 5Five төбелесі.
10. «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің құлдырауы және жабылуы.
11. SANIM - Заттыбек пен Тұрсынбек
12. Нұрлан Еспановпен төбелес.