Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS «Бұзық Интеллигент» (2016)


ШYNGYS «Бұзық Интеллигент» (2016)
Автордың соңғы релизі – «Жеңілген Жауынгер» альбомы сонау 2013 жылдың желтоқсанында жарық көріп еді. Үш жылдай уақыт өтіпті. Бұл үш жыл ШYNGYS үшін талай оқиғаларға толы болды: «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің жабылуы және «Джихангер Music» шығармашылық бірлестігінің ашылуы, даудамай, скандалдар, телешоулар, фильм-телехикаялар, таза хип-хоптан эстрадаға қарай ойысу, Отандық эстрада жұлдыздары – Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, Мейрамбек Беспаев, Нұрлан Еспанов, Мадина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова, Әлішер Каримов, Бекболат Тілеухан, Бибігүл Төлегенова сынды өнер саңлақтарымен жұмыс жасасу, тағыда даудамай, скандалдар, одан кейін барлық скандалдардың түп-төркінін әшкерелейтін «Хан Хикаяты №5» деректі фильмінің шығуы, сосын шығармашылық белсенділік бәсеңдеуі, жеке бизнес... осылай 2015 жыл аяқталды.
Сөйтіп 2016 жылдың басында «Назерке» бейнеклипі және «Хан Хикаяты №6» деректі фильмі жарық көрді. Содан соң тыңдарман сарғайып күткен жаңа альбомның шығатыны жарияланды. Мінекей, күткен альбом осы...

«Бұзық Интеллигент» альбомы – өзінің шығармашылық шарықтау шегіне жеткен суыққанды кәсіпқой ардагердің туындысы. Альбомның әрбір трегінің әр сөйлемі – тыңдарманға айқын жолдау немесе философиялық толғау. Әлбетте, талай жылдар бойы өзінің ең мықты лирик екенін дәлелдеп келе жатқан орындаушы, өз альбомында ұлтжандылық пен нәзік сезімді махаббат тақырыбындағы туындыларға да лайықты өз орындарын берген. Сонымен қатар, альбомдағы ащы әрі тапқырсөзді сұрапыл қаһарлы туындыларды тыңдаған тыңдарман бейжәй қалмайтыны анық. Бұл ШYNGYS’тың 17-ші альбомы, яғни бұл қазақ рэпінің 17-ші классикалық релизі...

#НазарАудар: Альбомда өте қызықты бонус бар.

Треклист:
01. Ұлы камбек
02. Ұйықта, қазақ...
03. V.P.B.A.
04. Тарихы ызғары
05. Бұзық Интеллигент
06. Азат Елдің Ұлдары (Solo version)
07. Бақыт
08. Қара шаңырақ (ft. Janbol)
09. Сәбиім
10. Шын сүйгеніңді қадірле
11. Жоғалған ұрпақ
12. #Селфи
13. А.Б.А.Т.
14. Дүйсенбі
15. Кәрі бойдақ
16. Мармелад қыздар
17. ЧАК НОРРИZ (ft. KOSMOS)
18. «Иә» деші, жаным
19. Неге? (ft. Janbol)
20. Ұзақ жол

Альбомды жүктеу және тыңдау