Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

"Жаңа альбом қашан, ШYNGYS?"


Сәлем, тыңдармандарым! "Жаңа альбом қашан?" деген сұрақтан әбден шаршаған адаммын ғой. Қателеспесем, осыдан бір ай бұрын "ҚРХ ІІІ" деп твиттеріме жаза қалған едім "Вконтакте" желісінде маған хаттар толастап жаууда! Бәрі де "Қазақ Рэпінің Ханы 3 қашан шығады?" деген сұрақты жаудырып жатыр. Не дегенмен Қазақ рэпінің негізін қалаған алғашқы альбом болған соң мен үшін де, сіздер үшін де бұл "ҚРХ" атауымен шыққан екі альбом өте ыстық... Қазақ рэпінің классикасы... Бұл альбомның үшінші бөлімін жазу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі "ҚРХ" альбомдарының әрқайсысы жаңа үлкен белестерді алды. Біріншісінде - қазақ рэпінің негізін қалады және сол уақыттағы барша Қазақстан рэпінің бетке ұстар азаматтарын жинадым. Екіншісінде - қазақ рэпін эстрадаға кіргіздім, "МузАрт" тобы, Алмас Кішкенбаев, Ерлан Орынбасаров, Bossyak Metis's және т.б. эстрада майталмандарын альбомда қонақ болды. Сонымен қатар Ресей, Украина және Белорусь рэпінің бетке ұстар Варчун, Крек, T1One, Don Drew және т.б. сияқты МСлері де қонақ болды. Сондықтан "ҚРХ" альбомының үшіншісін жазу үшін ең биік шыңды алуды мақсат етіп қою керек. Ал, мен жақсы альпинистпін. Мен ала алмайтын шың жоқ!

"Пайғамбар. Жүрегімнің көзжасы" альбомы мені лирик ретінде толыққанды қалыптастырды. Бұл альбом менің өмірімнің ең ауыр кезеңінде жазылған болатын. Сондықтан бұл альбомды мен мүлдем тыңдай алмаймын.

"Сүйікті құлы Алланың" және "Халық Жауы" альбомдары арнайы жоспарланып жазылған емес. Кездейсоқ тулаған шабыттан бір айда жазылып өңделіп шыққан альбомдар.

"ТеңгеMakers" атауымен екі альбом шыққан еді. Бұл альбомдар толығымен коммерциялық бағытта жазылған және осы альбомдағы "Қош енді, жаным" сингліне түсірілген клипті "Хит ТВ" арнасына ротациға бергенбіз. Қазақстан рэпіндегі ең көп сатылған альбом.

"Лас Оңтүстік" альбомы менің американдық рэпті тыңдай бастап, соның әсерінен туған эксперименттік альбом.

"Жеңілген Жауынгер" альбомы жайлы ештеңе айтқым келіп тұрған жоқ. Басқа альбомдарымды сатылымға шығарғандай бұл альбомды сатылымға шығарған жоқпын. Осы "Ж.Ж." альбомымен бұрынғы өміріммен қоштасып жаңа өмір бастағанмын. Бұл альбом Қазақстан рэпіндегі ең көп жүктелген альбом. Өзім таңқалғам. Шын айтамын.

Маған келіп жатқан хаттардың көпшілігі "Қазақ Рэпінің Ханы ІІІ" жайлы, бірақ расыменде тыңдармандарымның көпшілігі осыны қалайды ма? Әлде мүлдем басқа альбом жазайын ба? Пікірлеріңізді күтемін, себебі сендер болмасаңдар мен жоқпын. Мен сендерге толығымен тәуелдімін, менің сырластарым - тыңдармандарым... Құрметпен Шыңғыс "ШYNGYS" Әлкеев
"Жаңа альбом қашан, ШYNGYS?"
"Вконтакте" әлеуметтік желісінде дауыс бер!

Көрсетілген альбомдармен таныс болмасаңыздар "Дискография" бөлімінен жүктеп таныса аласыздар!