Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

Душанбенің «дәмі»


Көп болды сіздермен қауышпағалы, құрметті менің тыңдармандарым! Бүгінгі толғанысымның атауы сіздерге түсініксіз болып тұрғанын білемін. Сондықтан оқиғаны сонау басынан бастайын.

Бұрын егде кісілердің «осы жастар қазір терең ойланбайды, парасатсыз, білімсіз! Біздің кезде бәрі керемет еді!» деген сынды пікірлерін естігенде еріксіз күлуші едім. Себебі аға буын мен жас буынның арасында текетірес әрдайым болуы керек деп ойлаушы едім. Қателесіппін. Қазіргі өскелең ұрпаққа қарап кейде оларға жаным ашиды. Көпшілігі білімсіз, надан... Мұны өз көзіммен көрдім. Осыдан жарты жылдай бұрын, студияда отырмын. Қонақ болып екі 18-19 жасты екі жас жігіт келді. Әңгімелесіп отырып олардан «Душанбенің дәмі қандай болады?» деп әзілдеп сұрадым. Олардың осы сұрақтың жауабын іздеп ойланып кетпесі бар ма? Екіншісі смартфонын алып ғаламтордан жауабын іздеуге кірісіп кеткен... Мен болсам мұншалықты топас адамдардың бар екеніне таңмын. Сосын ары қарай олардан «Мадридтің астанасы қандай?» деп сұрадым. Олар қайтадан қалың ойға батып кеткен. Мен шошыдым. Осылар ертең ел тізгінін ұстайтын ұрпақ. Топас ұрпақ.

Бұл жәйттен кейін мен тура осы сұрақтарды барлық маған кездескен жастардан сұрап келемін. Сұрағандардың 90 пайызы жауап бере алмайды.
Қазақты «надан» дейтін Абай атамызды бұрын түсінбей «өз ұлтына неге сонша ауыр сөздерді айтқан?» деген реншім де бар еді. Енді түсіндім.
Барша қазақ жастарынан сұрарым, кітап оқымасаңдарда ең болмаса айына бір рет газет оқыңдаршы. Әлемде не болып жатқанын білмесеңдерде, ең болмаса елімізде не болып жатқанынан хабардар болыңдаршы. Ең болмаса газет оқыңдаршы!

Туған елім - Қазақстанды концертпен талай аралап жүрмін. Небір елді мекендерді, небір адамдарды көрдім. Кейбір қандастардың мәдени және интелектуалды деңгейінің тым төмендігін көріп шошып кетесің. 21 ғасырда мұншалықты білімсіз әрі надан болуға бола ма?! Нақтылайын, білімділік деген міндетті түрде «қызыл диплом» емес. Менің түсінігімде біліміділік – ой-өрістің кеңдігі. Ой-өрісті тек кітап, газет оқып кеңейтуге болады. Сондықтан бауырлар, кітап сендер үшін тым ауыр болса, ең болмаса газет оқыңдаршы!