Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

Вокзалдағы қауышу


Көп болды «толғанысқа» батпағалы... Сәлем, достар! Бүгін күнделікті күйбең тірліктен кішкене қолым босап сендермен әңгіме-дүкен құрайын деп шештім. Сонымен әңгімені бастайын...
Мен үшін осы соңғы апта өте қиын болды, себебі үйіме Шымкенттен анам, әжем және бір топ туыстар қонаққа келді. Рамазан айы аяқталып тойлар басталғандықтан бірнеше тойға келген болатын. Арасында мен ғана «щегол» болғандықтан ары жұмсайды, бері жұмсайды. Одан бөлек тойларға да еріп баруыма тура келді. Тойда туыстардан «Қашан үйленесің? Үйленсей! Қашанғы жүре бермексің?» деген жауыр болған сөздерді естіп ығырым шықты. Сосын әжем үйімдегі теледидарымды бұзды, пультті қолданбайды ғой мүлдем. Сөндіргісі келсе розеткадан суыра салады, ал қосқысы келсе розеткаға қайта тыға салады. Осылай теледидарым күйді. Сосын кір жуатын машинам да істен шықты. Бұл аздай анам да миды ашытты. «Ананың баласына қарашы, сенімен жасты, үйленді екі баласы бар. Қашанғы бойдақ қайын аға болып жүресің? Ұялмайсың ба?» деген сынды әңгімелерімен... Сонымен тойлар бітті, анам мен әжемді пойызға отырғызып шығарып салдым. Басым ауырып тұрған соң вокзалдың буфетіне кіріп шәй алдым да сатушыдан бас аурудың дәрісін сұрадым. Ол жоқ деді. Осы кезде артқы жағымнан біреу «Інім, менде бар» деді. Бұрылып қарасам ұзын сақал-мұрты бар біреу екен. Бірден ішімнен «мынау вахаббит қой, қазір уағыз айтып миды ашытатын болды ғой» деген бір қынжылысқа ұқсайтын сезім туды. Ұсынған дәрісін алып едім «Қасыма отыр, әңгімелесейік, зерігіп отыр едім» демесі бар ма?! Үлкен кісі болғандықтан, сонымен қатар бас аурудың дәрісін беріп отырғандықтан бас тарта алмадым. Отырдым. Ішім сезгендей бұл кісі уағызын бастады, ислам дінінің басқа діндерден жоғары екенін айтып жатыр. «Жүзің жылы екен, нәпсіңді тый, намаз оқы» және т.б. осы сықылды әңгімелер. Мына шәй құрғыр да таусылмай кетті! Бір кезде оң жағымда маған тесіле қараған үш жігітті байқадым. Бір кезде біреуі маған қарай жақындап «Брат, сізбен суретке түсуге бола ма?» деді. Мен әрине келістім. Содан әлгі жігін «Брат, анау клипің жынды шықты! Жалаңаш қызбен ше? Қыз не*уевый екен! Әсіресе а*ын уқалайды ғой ше? Сол жері күшті шыққан! Әні де хит қой!». Бұл сөздерді естіп отырған әлгі «вахаббиттің» көздері шарасынан шығып кете жаздады. Сөйтіп үндемей орнынан тұрды да қоштасып кетіп қалды. Мен болсам әлгі жігіттермен суретке түсіп, оларға рахметімді айтып үйіме қайттым.