Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

Жаңаөзендік жігіттермен...


Шымкентте бір аптадан астам уақыт болдым. Қара шаңырақта... Сонымен 9 сәуір келді, Алматыға қайтуым керек. Себебі 11 сәуірде Балқаш қаласында болатын концертке үлгеруім керек. Асығыс Шымкенттен Алматыға жүретін пойызға билет алдым. «Ақтөбе-Алматы» деген пойызға ғана билет қалыпты. Білетін болсаңыздар, бұл қытайлық вагондардан құралған пойыз, ал менің орным үшінші «қабатта». Яғни бәріміз білетін қарапайым вагонда төрт орын болса, мұнда алты орын. Ыстық, қапырық... жалпы вагон болғандықтан «жұпар иістер» шығып жатыр. Терезеге қарап ойланып отырмын. Мені танып қасыма бірнеше жігіт келді. Олар менің мына вагонда отырғаныма аң-таң... Ішінде біреуі «Шыңғыспен бір вагонда келгенімізді айтсаң ешкім бізге сендейді!» деп фотоға түсуді өтінді. Түстік. Әңгімелесіп отырып бұл жігіттердің Жаңаөзеннен екенін білдім. Кәдімгідей менің көптеген әндерімді жатқа біледі екен. Тіптен өзім бар екенін ұмытып кеткен әндерімді біледі екен! Мұндай адал жанкүйерді тыңдармандарды бұдан алдын жолықтырмаппын! Мен олардан Жаңаөзендегі болған ереуіл жайлы сұрадым, ол жақтағы елдің жағдайы жайлы сұрадым. Олар менен бұрынғы дисстер жайлы, шығармашылық жайлы сұрады. Жалпы қызық әңгіме дүкен болды. Әйтеуір Жаңаөзенде мектептерде сынып сыныппен төбелеседі екен. Бір жақта Шыңғыстың фанаттары, ал екінші жақта Смерчтің фанаттары... Мен үшін тыңдармандарым төбелескені маған әрине ұнамайды демеймін, бірақ қолдамаймын. Рэп – деген музыка, музыканы тыңдау керек. Музыка үшін төбелесу, қан төгу – артық, ақымақтық... Қазақтың қаны төгілмесін...