Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

Танымал болған жақсы ма?


Кеше Шымкентке, яғни отбасыма келген болатынмын. Таңертең пойыздан түсіп, сосын үйге келдім. Жуынып, тамақтанып алған соң қалаға серуендеп шығайын дедім. Шымқаланың аты Шымқала, күн қатты ыстық. Бәлкім Алматылық ауа райына сәйкес қалыңдау киініп алған болармын. Жарайды, көп сөз - боқ сөз.

Сонымен қаланың ортасы, мен серуендеп жүрмін. Плеерімді тастап кеттім, Шымкентті аралап жастық шағымды, мектептік шағымды еске алып жүрмін. Жымиып... Құлағымда плеер болмағандықтан айналамдағы адамдардың бәрін естіп жүрмін. Әдетте Алматыда көшеде жүргенде құлағымда әрдайым құлаққап болатын. Сонымен, бәрі айналамда "Мынау Шыңғыс қой?!", "Қоеее, сол ма?", "Мынау Шәке ғой?" деген сынды сөздер айналамнан сыбыр-сыбыр етіп шығып жатты. Бұдан бөлек алыстан да "Шыңғыс!", "Ассалаумағалейкум, Шәке!", "Құрмет, Шәке!" деп айқайлап та жатты. Ал мен болсам кішкене ыңғайсыздана жымиып қолымды бұлғап өте бердім. Сосын жолым Шымкеттік "МЕГА" сауда үйіне түсті. Мұнда да тыныштық болмады. Бургер алып тамақтанып отырсам өткеннің дерлік бәрі "Асыңыз дәмді болсын, Шәке!" деп жатты, немесе "Мынау Шыңғыс па?", "Қара, қара, бургер жеп отыр" деп айтып жатты. Ал менің құлағымда плеер ойнап тұрған жоқ, бәрін естіп отырмын. Қиын екен... Музыкасыз... Одан бөлек бургерімді де дұрыс жегізбеді. Суретке түсітім әбден бәрімен. Бәрімен суретке түсіп болам дегенше тәбетім қашып кетті. Сөйтіп үйге қайтып кеттім.

Менің танымал екенім рас. Алайда соншалықты атақтымын деп есептемеймін. Егер мен осылай қоғамдық орында ыңғайсызданатын болсам, Қайрат Нұртастың жағдайы тіптен мүшкіл екен. Сонымен, айтайын дегенім, достар, кішкене мәдениетті болайық! Әр адамның жеке кеңістігі (личное пространство) болады, соны құрметтейік. Мен де бәрі секілді адаммын, ет пен сүйектен жаралған. Бірде көңілдімін, бірде көңілсізбін сіздер секілді. Мәдениетті болайық!

Айтайын дегенім осы...

Қазір "Камеди клаб" қарап отырмын, кофе ішіп... Ал сіздер не істеп жатырсыздар? :)