Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

«Мың өліп мың тірілген» сайтыма қош келдіңдер, достар!


Толыққанды жеке сайт ашу мен үшін үлкен арманға айналып кеткен еді. Себебі менің сайтым қазақ секілді «мың өліп мың тірілді», жартылай жасалып тоқтап, кейін мүлдем жабылды. Мен де нағыз қазақ болған соң сайт мәселесін шегере бердім. Осы бір ай бұрын бұл істі нақты қолға алып мінекей тәмамдадық. Сайтты жасап берген Бауыржан Дастаров бауырыма алғысымды білдіремін!

Осы уақытқа дейін мен тыңдарманмен әлеуметтік желілер арқылы байланыс ұстаушы едім. Әсіресе «Спрашивай.ру» сайтындағы парақшамда тыңдарманның барлық мазалаған сұрақтарына күнде болмасада жауап беріп отырдым. Алайда пенде болған соң шаршайсың, жалығасың, қысқасы, болмашы сұрақтарға жауап беруден ығырым шықты. Енді шығармашылығыма, өміріме, жалпы мен жайлы жаңалықтарды ресми сайтымнан біліп отырасыздар. Бүгіннен бастап «Спрашивай.ру» сайтындағы парақшамда сұрақтарға жауап бермеймін.

Осы «Толғаныс» айдарында сіздермен күнделікті ой бөлісіп отыруға тырысамын. Баршаңды күтемін осында.