Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS Alkeyev - BATYL AQYMAQTAR (Премьера AUDIO, 2017)



Трек

"Батыл ақымақтар" әнінің мәтіні:

Түтінге толтырып өкпелерді,
Айыпты бола тұра айтшы неге өкпеледім?
Ұйқысыз тағы да түнделетіп,
Өлеңдетіп тілімдеп жаралы жүрек етін.

Күйреген хандығым тарихта,
Балықшыға айналдым зардап шеккен балықтан.
Сәттілік тіле деп сұрадым дұшпандарымнан,
Енді аш емеспін тойдым қоғамдарыңнан.

Жалғыз адамнан құралған әскер,
Әрбір күнің күрес, жеңістен жеңіліске.
Өмір нашар ұстаз сені бағаламайтын беске,
Далбасаны бөспе, қару тақалса төске.

Мың рет сынған рух мың бірінші рет сынар,
Әубакіров пен Төлешов екеуі де тоқтар.
Барымызға тәубе етпей ұмтыламыз жоққа,
Мен де жалын жағамын деп күйгенмін шоққа.

Қайырмасы:
Мейірімді жеңімпаздар,
Болады тек аңыздарда.
Олжаны күтпей тартып ал,
Дейді батыл ақымақтар.

Сенімді жүрек дірілдеген қолдар,
Бақыт біреу, апаратын көптарам жолдар.
Сұр өмірдің айырмасы жоқ темір тордан,
Кім айтты саған гүлдемейді деп гүлді солған?!

Жер ана оңбаған ұлдарын арқалап,
Күштіні құрметтейміз әлсізге қойып талап.
Ойнайын десем мен үшін қызығы қашты,
Бүгінгі күн кешегідей әндеріндей Араштың.

Жоқ тура жолды іздеген ақымақтар,
Өмір деген жол емес бітпейтін тығырықтар.
Келіп кеткен 124 мың пайғамбарлар,
Айналды құралға, саяси ойындар.

Түтін өкпелерде, жанарым төменде,
Бағалыға емес назар саламыз көлемге.
Түбінде уақытым келеді менің де,
Батыл ақымақтар қожайын болады әлемге.

Қайырмасы:
Мейірімді жеңімпаздар,
Болады тек аңыздарда.
Олжаны күтпей тартып ал,
Дейді батыл ақымақтар.