Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS Alkeyev - KINARATSIZ KUNA (Премьера AUDIO, 2017)



Трек

Сонымен қатар тректі #ITunes арқылы жүктеп тыңдай аласыңдар.

"Кінәратсыз күнә" ән мәтіні:
Өмірдің мәні – қолжетпес үлкен белестер,
Күлімдеген жанарың бүгін жасқа толы көздер.
Қонған бақыт құсын бағаламаймыз мүлдем,
Жұбанышты оңай тауып қолдан жасалған күлден.
Бесік жырын жырлайды ана,
Өксиді жүрек өмір ағысына бағына.
Жиырма бесте жасы, жұпыны киініп,
Нан сатады базарда көрінгенге иіліп.
Ғажайып түгі жоқ, классикалық сюжет,
Универ ханшайымы еді қылығы жоқ бейәдеп.
Қазір армандары және барлық жоспарлары,
Жалғыз сәбиінің күлкісіне тоғысады.
Қайда кетті кешегі құлпырған бойжеткен?!
Шаңырақтан алыстап бас айналған еркіндіктен.
Арзан құрбылар және қымбат ішімдіктер,
Алғашқы махаббат алғашқы түн қымбат көлікте.

Қайырмасы:
Арман үшін арман құрбан,
Тіріміз көз жұмған.
Мақсат бақытты болу жылдам.
Тағдыр деген әкең болса,
Өмір деген анаң.
Ұлын еркелете алмаған.

Аңқау ару пысық жігіттің құшағында,
Ол сезімнен тұншықта, ал жігіт құштарлықтан.
Бақыттан аяғы жерге тимей қалықтап,
Құштарлық уақытша жігіт бір күні жалықты.
Көз жасы көл болған арудың аяғы ауыр,
Жүректе желтоқсан далада сәуір.
Жатақханадан шықпай бәрінен тығылып,
Үлгерімі түскен соң оқуынан қуылып.
Қарабет болғандықтан шаңыраққа жол жабық,
Амалсыздан, зорлады деп арыз жазып.
Тағдырына көнді, аборт жасатуға кеш,
Бақытқа сенді себебі жүгірмеген сүрінбес.
Ұлының суретін қыстырып түрмеге хат жазады,
Төрт жыл өтті, әлі бірде бір жауап қайтпады.
Екі тағдыр: жалғыз ана және қылмыскер,
Өмір әділ, алайда қатал тәлімгер.

Қайырмасы:
Арман үшін арман құрбан,
Тіріміз көз жұмған.
Мақсат бақытты болу жылдам.
Тағдыр деген әкең болса,
Өмір деген анаң.
Ұлын еркелете алмаған.

Сәттілік бергенше Құдайым бізге сана бер,
Қуаттыға мейірім әлсіздерге пана бер.
Қайғы-қасіретті көтеретін қайрат бер,
Отаны жоқ, сенделгендерге байрақ бер.
Жымиғанның бәрі бақытты емес,
Тіпті жылтырағанның бәрі әдемі емес.
Болашақ бұлыңғыр сондықтан әрбір күнің соңғы,
Бақыттың қанаты қайысып амалсыздан қонды.
Тағдыр деген әке, өмір деген ана,
Еркелік үшін, жалынам жазалама.
Екі ақымақтан періште туылғанда,
Бәлкім бұл кінәратсыз күнә.

Қайырмасы:
Арман үшін арман құрбан,
Тіріміз көз жұмған.
Мақсат бақытты болу жылдам.
Тағдыр деген әкең болса,
Өмір деген анаң.
Ұлын еркелете алмаған.