Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS Alkeyev - ALIBI (Премьера AUDIO, 2017)



Трек


Алиби (лат. alіbі) - қылмыстық істе сезікті немесе айыпталушы адамның белгілі бір қылмысқа қатысты кінәсіздігінің дәлелі...

Ән мәтіні:
Есікті аш деймін саған, жыныма тиме!
Болсаңшы тезірек көршілерден ұят емес пе?!
Неге үндемейсің? Білем естіп тұрсың мені,
Естіледі есік ар жағында үнсіз еңірегенің.

Кім айтты саған бәрін тағы құрбыларың ба?
Қарлығаш па? Өй, сенбеші ол сайқалға.
Көре алмайды, тіпті мені ұнататын сияқты,
Қолдан қолға өтіп жүр болмағасын жігіт тұрақты.

Қанша рет айттым саған араласпа деп онымен,
Немене суретке түсіріп пе телефонмен?!
Алдайды сенен басқа ешкімім жоқ мүлдем,
Ол да пысық екен ватсаппен жіберген бе бірден?!

Дәлелдерің болса да мойындағаным қажет пе?
Бір-ақ рет кездестік суреттеріңдегі кафеде.
Неменеге жылайсың түк болған жоқ арамызда,
Қызғанышыңа мүлдем себеп жоқ әріптес қыздан.

Қарлығашың аңдыпты бізді қонақ үйге дейін?!
Сайқалды көрсем тіпті не істейтінімді білмеймін.
Жарайды мойындаймын болғанын бір-ақ рет,
Махаббат махаббатпен еркек бәрібір еркек.

Қайдағы ажырасқан басың істемей ме сенің?!
Екі баламен сыймақсың босағасына кімнің?!
Төркінің сидыртпайды шешеңді білем беске,
Есікті аш енді дұрыс қой үйде сөйлескен.

Ант етейін бұл қателік алғашқысы мен соңғы,
Есікті ашшы әйтпесе салқын подъезде тоңдым.
Сен және ұлдарымнан басқа қымбат жоқ мен үшін,
Ажырасуды ұмыт шығарма асығыс шешім.

Басынан бастаймыз, ұмыта аламыз бәрін,
Бақыт тәтті, сезгенде бақытсыздықтың дәмін.
Жалынамын сөндірмеші отбасымның шамын,
Көңілдес бір түнге, мәңгілікке сүйген жарым.

Қайырмасы:
Ақылды қылмыскермін деп ойлады ақымақ,
Арзан ләззат үшін аяқ асты болды жұмақ.
Сенің жүрегің – отбасымызға ортақ үй,
Оны сүймеймін бұл мен үшін алиби.