Концерт, букинг, пресса: + 7 775 646 72 06; Вконтакте Facebook Twitter Instagram TikTok shyngysofficial@gmail.com

ШYNGYS

Биография Видео Аудио Фото Пресса Дискография Текст Хан Хикаяты Толғаныс

ШYNGYS Alkeyev - AİNA (Премьера AUDIO, 2017)




Тректі жүктеу

Әннің мәтіні:
Таңдау жоқ екен бұл өмірде,
Өлімнен қашқан жолың әкеледі өлімге.
Дана болу көп қателікті талап етеді,
Осы көктемде жоспарлаймын келесі көктемді.

Бауырдың бәрі бауыр емес көбісі дұшпан,
Тоқ жолатпаса да ұмтыламыз қашып аштан.
Балалығымызды армандаймыз,
Себебі бәріміз уайымсыз өмірді қалаймыз.

Көздің қарашығындай көкіректе ар қалса,
Шөл басқан жүректі бір тамшы суға малыса.
Қатігездік құрбаны тіпті бір сәби болса,
Көк аспан қызылға боялып қанмен жыласа.

Әй, қайдам, өзгермейді біздің табиғат,
Адамды адам қылмады ешқандай шариғат.
Ақынсымақ, қаламсап, және ақ парақ,
Заманымды жырлаймын тағы айнаға қарап.

Қайырмасы:
Түнегімді төңкеріп,
Айқара ашамын.
Не болсада көнемін,
Бәрібір қашамын.
Қанаттарым өртеніп,
Күтемін жәрдемді.
Жыласам да күлемін,
Зұлымдығынан әлемнің.

Қан қызуы сөнгендей мүлдем,
Жалған үміт арқалап қоштасамыз жалғанмен.
Өз жазамды бекітіп қол қоямын қаламмен,
Қоштастым, бірақ оралу үшін кеттім мен.

Меланхоликпін сондықтан бәрін қиындатып,
Соқыр болдым тағдырымның көрмей сыйапатын.
Қателіктерім көп болды қазір ұялатын,
Жеңілген жауынгердің жоспары жоқ жығылатын.

Анамның көз жасы тамырымды менің улады,
Жанталаса іздедім уақытша күннің шуағын.
Қурадым, бірақ шабыттан туладым,
Шарықтадым, бірақ тым биіктен құладым.

Мен адаммын дұшпаным менің адамзат,
Өзгерте алмаған тіпті мыңжылдық шариғат.
Ақынсымақ, қаламсап, және ақ парақ,
Заманымды жырлаймын тағы айнаға қарап.

Қайырмасы:
Түнегімді төңкеріп,
Айқара ашамын.
Не болсада көнемін,
Бәрібір қашамын.
Қанаттарым өртеніп,
Күтемін жәрдемді.
Жыласам да күлемін,
Зұлымдығынан әлемнің.